Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Тәуелдік жалғауының ерекшелігі, анайы және сыпайы жөн, оңаша, ортақ тәуелдеу, парадигмасы



бет112/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   130
69.Тәуелдік жалғауының ерекшелігі, анайы және сыпайы жөн, оңаша, ортақ тәуелдеу, парадигмасы

Байтұрсынұлы Ахмет Б 20 Алты томдық шығармалар жинағы. Тіл – құрал (қазақ тілі мен оқуағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. ІІІ: –384 б.

Тәуелді қалып – бір нәрсені екінші нәрсе меншіктеуін көрсеткендегі сөздің түрі. Тәуелдік екі түрлі: 1) Оңаша тәуелдік; 2) Ортақ тәуелдік. Оңаша тәуелдік бір нәрсені екінші нәрсе оңаша меншіктеуін көрсетеді. Ортақ тәуелдік бір нәрсені басқа нәрселер ортақ меншіктеуін көрсетеді. Тәуелді қалыпта үш жақ бар: І-нші жақ (мендік), ІІ-інші жақ (сендік), ІІІ-нші жақ (бөгделік). Тәуелді қалыпта екі рет (түрі) бар: 1. Анайылық рет; 2. Сыпайылық рет.

ОҢАША ТӘУЕЛДІК Жекеше: І-нші жақ (мендік): атам, денем, омырауым, белбеуім, ойым, үйім, ІІ-нші жақ (сендік): атаң, денең, омырауың, белбеуің, ойың, үйің, ІІІ-інші жақ (бөгделік): атасы, денесі, омырауы, белбеуі, ойы, үйі,

Көпше: І-нші жақ (мендік): аталарым, денелерім, омырауларым, белбеулерім, ойларым, үйлерім,. ІІ-нші жақ (сендік): аталарың, денелерің, омырауларың, белбеулерің, ойларың, үйлерің, ІІІ-інші жақ (бөгделік): аталары, денелері, омыраулары, белбеулері, ойлары, үйлері,





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет