Жылдары Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі



бет1/7
Дата27.02.2023
өлшемі182,5 Kb.
#70284
  1   2   3   4   5   6   7


Бекітемін:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының міндетін атқарушы
Б.З. Иманәлиев
__________________
2015 ж. «___» ________
№ ____
2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасы халқының
ұлттық санағын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар


1. Жалпы ережелер

1. Осы 2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар 2018-2022 жылдары Халықтың ұлттық санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі дайындық іс-шараларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдарының қолдануы үшін ұсынылған.


2. Халық санағы демографиялық, экономикалық, әлеуметтік үдерістер туралы ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мақсатында белгілі бір күнге Қазақстан Республикасының аумағында болған тұлғалар туралы мәліметтерді жинауды білдіреді және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіледі.


3. Санақтың мақсаты – демографиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейде статистикалық деректерге деген пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Санақтың міндеті – уақыттың белгілі кезеңіне халықтың нақты сипаттамалары туралы ақпаратты жинау, әзірлеу және таратуы болып табылады.
Халық санағының деректері мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа қолданушылармен Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарын және бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылады.

2. Халық санағы демографиялық ақпараттардың дереккөзі


4. Халық санақтары әлеуметтік және демографиялық ақпараттың негізі дереккөзі болып табылады. Халық санағын өткізу нәтижесінде алынған деректер халық туралы ең нақты және анық, сипаттамалық ерекшеліктері және өткізудің, нәтижелерді жариялаудың ерекше қағидаттары бар мәліметтер болып табылады, бұл пайдаланушыларға алынған ақпаратты өзінің мүдделеріне пайдалануға мүмкіндік береді.


Санақ парақтарының ақпараты нақты адамдарға қатысты әкімшілік шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылмайды, осымен халық санағының мақсаттарын сақтауды білдіреді.
Халық санағы парақтарында мынадай ақпарат бар:
1) халық саны, оның өңірлер және елді мекендерде, соның ішінде қалалық және ауылдық елді мекендер бойынша орналастырылуы;
2) тұрған орны және туған орнының арақатынасы бойынша көші-қоны;
3) халықтың жынысы және жасы бойынша құрылымы, халықтың некелік құрамы, үй шаруашылықтарының құрылымы;
4) халықтың ұлты, ана және сөйлеу тілі, азаматтығы бойынша құрылымы;
5) халықтың білім деңгейі, күнкөрістің негізгі қаражат көзі, әлеуметтік жағдайы, экономика салаларында кәсібі бойынша құрамы;
6) туу көрсеткіштері;
7) тұрғын үй жағдайы.
5. Пайдалануға ұсынылған халық және тұрғын үй қорының санағын өткізу бойынша Еуропалық статистиктердің конференциясымен әзірленген қазіргі халық санағының негізгі ерекшеліктері және қағидаттары:
1) орталықтандыру - халық санағын табысты өткізудің маңызды талаптарының бірі халық санағын басқаруды қатаң орталықтандыру. Қатаң орталықтандыру халық санағына дайындық жүргізу және өткізуді сапалы қамтамасыз ету үшін қажет. Халық санағын өткізетін тұлғалардың және ұйымдардың қатаң дәреже сатысы (әкімшілік бағыныстылық) сақталады;
2) халық санағын арнайы дайындалған мамандармен – интервьюерлермен өткізу. Интервьюерлер барлық адамдардың тұрғылықты немесе уақытша тұратын орындарын аралап шығып, сұралатындардың сөзінен санақ парақтарын толтырады;
3) санақ деректерінің біркезеңділігі - санақ деректерін санақтың сын кезеңі деп аталатын белгілі бір мезгілге жатуы;
4) халық санағы барысында алынған ақпараттың құпиялылығы – Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес алынған деректерді тек статистикалық мақсаттарда пайдалану.
6. Халық санағын жүргізу кезінде ақпаратты жинаудың екі әдісі – сұрау әдісі және өздері толтыру әдісі пайдалануға ұсынылады.
Сұрау әдісін қолданғанда санақ парағын халық санағына қатысу үшін арнайы оқытылған интервьюер (санақшы) маман толтырады. Санақ парағына адам туралы мәліметтер құжатпен растауды талап етусіз оның (кіші жастағы балаларға қатысты оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың) сөзінен енгізіледі. Санақ парағында тек қана сұралатын адам (респондент) беретін мәліметтерді тіркеу ұсынылады, жауаптардың нақтылығын құжаттармен растау талап етілмейді. Санақ кезінде интервьюерлерге (санақшыларға) өзінің есеп учаскесінің халық тұратын барлық үй-жайларын аралап шығу, сұрақтарды халыққа санақ парағында берілген тұжырымдамамен қою ұсынылады. Көрсетілген мәліметтерді жинауда санаққа қатысатын адамның тұратын жері бойынша интервьюердің жеке сұқбат алу арқылы немесе атқарушы билік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары осы мақсаттар үшін берген арнайы үй жайларда жүзеге асыру ұсынылады.
Өздері толтыру әдісін қолдану кезінде әрбір адамға санақ парағының сұрақтарына өзі жауап беру және оны жеке толтыру ұсынылады. Бұл әдіс дәл және толық емес деректерді алу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
7. Санақты өткізу кезінде мынадай кезеңдерді қамтитын дайындық, ұйымдастыру және әдіснамалық жұмыстар жүргізіледі:
1) халық санағына дайындық және оны өткізу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
2) санақ бағдарламасын және құралдарын, санақты өткізу және қорытындыларды алу бойынша әдіснамасын әзірлеу;
3) пилоттық (сынамалы) санақты жүргізу;
4) халықты санақпен қамтудың толықтығын және алынатын қорытындылардың сапасын қамтамасыз ететін, соның ішінде картографиялық материалды әзірлеу және үйлердің тізімдерін жасауды қамтитын іс-шараларды өткізу;
5) санақты өткізудің ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу;
6) халық арасында жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
7) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
8) санақ кадрларын қабылдау және оқыту;
9) алынған деректерді жинау, өндеу және сапасын бақылау;
10) қорытындыларды шығару алу және деректерді жариялау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет