Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тобы : Күні : Тәрбиеші : Білім саласы



бет16/87
Дата06.01.2022
өлшемі115,11 Kb.
#15471
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   87
Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Балаларға терезеге қарап, қазір жылдың қай мезгілі екенін айтуды сұрайды. Ал біздің суретімізде жапырақтар төгіліп жатыр. Осы жапырақтарды топтарға бөлуге көмектесіңдер. Өз нұсқаларыңды айтыңдар.


Балалар жыл мезгілін анықтайды және тапсырманы орындауға кіріседі. Жапырақтарды мөлшеріне қарай-үлкен, кішкентай, түсіне қарай-сары, қоңыр, жасыл деп жіктейді.

Іздену ұйымдастырушы

Тәрбиеші өткен тақырыптарды жақсы меңгергені үшін балаларды мадақтайды және топтасып осыған ұқсас тапсырманы орындауды ұсынады. 3 топқа шеңбер, шаршы, үшбұрыштар таратып, тапсырма береді. Сонан соң балалар оларды үлкен және кішкентай топқа, сондай ақ

3 түске жіктейді. Балалардан осы жұмыс барысында қолданылған заттардың қалай аталатынын сұрайды. Тәрбиеші әр топтағы фигуралардың атын атап, оларды кезекпен көтеруді сұрайды. Мысалы: шаршылар. Қолында шаршысы бар фигураны көрсетеді. Содан соң балалардан фигуураларды хатқалтаға салып, тапсыруларын сұрайды.

Тәрбиеші:

-Балалар, бәріміз бірге бала-бақшадағы алаңға шықтық деп елестетіңдер. Алдымен сергіту сәтін өткізеді. Балалардан алаңдағыдай секіріп, жүгіріп ойнауларын сұрайды.

Содан соң:

-Балалар, енді дәптерлеріңді ашып, 1-тапсырманы табыңдар. Біз қандай фигураларды кездестіреміз?

Олардың арасында үшбұрыш, шаршы, шеңбер бар ма? Үшбұрышты заттардың қай жерде тұрғанын тауып, сипаттап беріңдер. Содан кейін балаларды жаңа шартты белгі –пішінмен таныстырады. Бұл шартты белгінің заттың пішінін білдіретінін түсіндіреді.

-Кәне, балалар, 2-тапсырманы шартты белгілер бойынша «оқып» көрейік. Балаларға тапсырманы түсініп оқуды үйретеді: түс, пішін, өлшем. Содан соң жапсырма таңдап алып, 2-тапсырманы орындауды сұрайды.




Балалар шеңберлерді, шаршылар мен үшбұрыштарды топтастырады. Әр топтың нұсқасы әртүрлі болуы мүмкін. Біреулер фигураларды түсіне , біреулер көлеміне қарай топтастырылады

Сұрақтарға жауап береді: әр топ өз фигураларының атын атайды: үшбұрыштар, шеңберлер, шаршылар.

Айналадан және суреттен дөңгелек, төртбұрышты, үшбұрышты заттарды табады және оларды сипаттап береді. Олардың кеңістіктегі орнын суреттейді.

Балалар 2-тапсырманы орындайды. Тапсырма бойынша жапсырманы таңдап жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет