Үйірменің мақсаты



бет1/2
Дата14.03.2023
өлшемі36,14 Kb.
#74315
түріБағдарламасы
  1   2


Түсінік хат

«Жас химик» үйірмесінің ұсынылып отырған бағдарламасын химия пәнінің жалпы мақсаттарын және оқушылардың қабілеттілігінен,қызығушылығынан және кәсіптік болашақ мамандық таңдау мүддесінен туындайтын арнайы мақсаттарын ескере отырып дайылдалған.Бағдарлама өзімнің көпжылғы жинақталған тәжірибелерімнің негізінде құрастырылды.Бұл бағдарлама 10 сынып оқушыларының болашақ мамандықты таңдау барысында көмекші құрал.Бұл бағдарламада оқушыны келешек өмірге дайындау,білім алу және кәсібі бағыт-бағдарының қалыптасуына арналған және оқушының мамандық таңдаудағы дайындығына көмегі зор болары сөзсіз деп ойлаймын.Жалпы білім беретін химия үйірмесінің барлық бөлімдерінің заңдары және шыңармашылық жұмыстар,баяндамалар жасау,химиялық элементтердің орны мен рөлі жайлы көзқарас қалыптастырады.




Үйірменің мақсаты: Білім алушыларға зат және олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, білім алушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға,тәжірибе жасау арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын ояту ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау.
Міндеттері:
- заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар);
- жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс іс-әрекеттер тәжірибесін дамыту
- қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемасын шешуге әсер ететін, "Химия" пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын өзекті және пәндік құзіреттіліктің қалыптасуына мүмкіндік беру
Болжамдап отырған нәтиже:
Тәрбиеленушілерді еңбек сүйгіштікке ,жауапкершілікке баули отырып,әр түрлі химиялық заттармен,тәжірибе жасауға арналған құралдардың жасалу технологиясын толық меңгерген тұлға тәрбиелеу.Оқушылар тапсырманы орындау нәтижесінде белгілі бір моделді құрастыра алатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет