Жұмыс бағдарламасы (қашықтықтан ұйымдастырған жағдайда) Дайындық бағыты Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау



бет3/8
Дата07.09.2022
өлшемі45.11 Kb.
#38575
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Жалпы мәдени компетенциялар

  • басқа адамдармен қажетті қатынасты ұстау және қолдау қабілеттілігі;

  • ақпараттық технологияны меңгеру қабілеті, барлық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуі, өздігімен іздей білуі, қажетті ақпаратты таңдауы және талдауы, ұйымдастыруы, жасауы, сақтауы және жеткізе алуы.

  • өзінің міндетін атқаруда кешенді келуі және талдау ойлай білуі қабілеті, өзін-өзі жетілдіру және дамыту, тұлғаның кәсіби өзгеруін құралдарын меңгерген.

Кәсіптік компетенциялар

  • әлеуметтік өзара әрекетте өмір сүре алуы және қалыптасу қабілеті, басқалармен келісе алу мүмкіндігі және жауапкершілік пікір таласта тиімді бейімделуі мен өзгере алуы. Кәсіби бірлестікте қатынасты сақтауы, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілікпен қарауы.

  • ақпараттық технологияны меңгеру қабілеті, ақпараттың барлық түрімен жұмыс істеуі, ақпаратты өздігінен іздеп тауып, талдау, керекті мәліметті алу, ұйымдастыру, қайта құру, сақтау және оны бере білу қабілеттілігі.



2. ПРАКТИКАНЫҢ ОРНЫ.
Практикадан өтуі үшін студент білуі керек:
Білімі:

  • ҚР білім беру жүйесін, жалпы орта білім беретін мектеп жұмысының ерекшеліктерін, жұмыс мазмұнын;

  • білім беру мекемесінің нормативтік құжаттарын;

  • білім беру мекемесі қызметкерлері әрекетінің негізгі бағыттарын;

  • Тарих мұғалімі, сынып жетекшісі жұмысының адамгершілік, этикалық, құқықтық нормаларын т.б.

Біліктілігі:

  • Практиканың мазмұны, мақсаты, міндеттеріне сәйкес өз жұмысын жоспарлау;

  • педагогикалық іс-әрекетке бақылау жүргізу, талдау жасау, жұмыс мазмұны мен ерекшеліктерін көрсете білу;

Дағды:

  • балалармен, педагогикалық ұжыммен, жеке қызметкерлермен қарым-қатынас орнату;

  • мамандыққа байланысты жұмыстарда мұғалімге көмек көрсету, алдын-ала белгіленген іс-әрекетті жоспарлап өткізе білу;

  • мамандыққа қажетті қасиеттер қалыптастыру бағытында өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру т.б;

  • болашақ мамандыққа бағыттылығы, бейімделуі, жағымды көзқарасының қалыптасуына ықпал жасау;

  • маманға қажетті қасиеттер, олардың қалыптасу диагностикасы, дамытуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізу.

Практиканың мазмұны. Жалпы орта білім беретін мектептің жұмыс мазмұны, басқару қызметінің ұйымдастырылу ерекшеліктері, бастауыш сатының орта білім беру жүйесіндегі орнымен таныстыру. Мектеп жұмысына қатысты нормативтік құжаттар, олардың жүргізілу тәртібімен таныстыру. Педагогикалық ұжым, бастауыш сынып мұғалімі, сынып жетекші жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет