Жоғары жүйке әрекеті, жүйке жүйесінің гигиенасы Орындаған: Муса Ақбота Қабылдаған: Мәуи.Ә.Ә Пмно-109



Дата11.03.2022
өлшемі1,02 Mb.
#27566

Жоғары жүйке әрекеті, жүйке жүйесінің гигиенасы

Орындаған: Муса Ақбота

Қабылдаған: Мәуи.Ә.Ә

ПМНО-109

Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру.Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал, психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын орыстың ғалымы физиолог И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» (1863 ж.) деген еңбегінде ғылыми түрде түсінік берген. И.М.Сеченовтың бұл ілімін экспериментальды түрде дәлелдеген және дамытқан орыс ғалымы И.П.Павлов. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстер тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген.



Рефлекс және оның түрлері.

Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне жүйке жүйесінің қатысуымен берген жауабын айтады. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды.



Рефлекторлық доға бірнеше бөлімдерден тұрады:

1. Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу туады.2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.3. Жүйке орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.4. Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.5. Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.6. Эффектордың рецепторлық құрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.7. Эффектордың эфференттік жолы.



И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп екіге бөлді. Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы

Шартсыз рефлекс

Шартты рефлекс

1.Туа пайда болған

1.Жүре пайда болған

2.Тұқым қуалайды

2.Тұқым қуаламайды

3.Рефлекторлық доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын,сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады

3.Рефлекторлық доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады

4.Шартсыз рефлекс қалыптасу үшін қосымша жағдайлар қажет емес

4.Қажет

Уақытша нервтік байланыс.

Шартты тітіркендіргіш әсер еткенде ми қыртысыныңтітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу пайда болады. Мысалы, көзге әсер етсе – көру орталығы, дыбыс әсер етсе - есту орталығы. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен оған сәйкес орталықта екіншің қозу ошағы пайда болады. Организм үшін маңызды әсерді шартсыз тітіркендіргіш ретінде алғандықтан екінші орталықтағы қозу ошағы біріншіге қарағанда күштірек болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да екеуінің арасында байланыс пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым екінші орталықтың қозуы күшті болып шартты рефлекс тез туады. Шартты рефлекстің пайда болуының негізі – ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы.



Шартты рефлекстердің тежелуі. Тежелу 2 түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу.

Сыртқы тежелу туа пайда болады. Ол шартты рефлекторлы түрде пайда болған кезде сыртқы ортаның күшті немесе ұзақ әсер ететін басқа тітіркендіргішіне байланысты байқалады. Мысалы, мұғалімнің айтқанын ұқыпты тыңдап отырған бала, кенеттен даладан шыққан қатты дауысты естісімен мұғалімді тыңдамай, дереу терезеге қарайды. Мұнда ми қыртысында пайда болған жаңа қозу ошағы шартты рефлекторлы түрде болған қозу ошағын тежейді.



Шартты немесе ішкі тежелу пайда болған шартты рефлекстердің жағдай өзгергенде туады.

Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері. Динамикалы стереотип.

Сыртқы және ішкі ортаның көптеген тітіркендіргіштерінің әсерінен биологиялық маңыздыларын таңдап алу үшін олар мида талданады.Талдау арқылы организм өзіне қажетті, тиімді әсерлерді бөліп алып, ажыратады. Ми қыртысы әсер ететін тітіркендіргіштерді жіктеп талдайды. Таңдалған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми қыртысында олар қайта жинақталып қорытылады, талқыланады. Мұны ми қыртысындағы талқылау дейді.Өте күрделі талдау мен талқылаудың үлгісі ретінде динамикалы стереотипті алуға болады. Динамикалы стереотип деп адам мен жануарлардың ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты ретпен әсер еткен топты тітіркендіргіштердің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін айтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет