Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған



бет1/2
Дата20.12.2022
өлшемі131 Kb.
#58534
  1   2




Жоғары оқу педагогикасы
Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті; екіншісі – іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория. Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.
Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті; екіншісі – іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория. Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.
Қазіргі педагогика 3 түрлі саладан тұрады: педагогика тарихы; педагогика (мектептке дейінгі, орта мектеп, кәсіби мамандандырылған білім, жоғары мектеп, кәсіптік әскери, салыстырмалы, т.б.) және білім әдісі.
Жоғары мектеп педагогикасы өз алдына ғылыми білім болуы жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіруде және тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отыр. Оның басты міндеті - мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау.
Жоғары мектеп педагогикасы – тәрбие заңдылықтарының ұстанымы мен жоғары оқу орындарындағы жоғары білікті маман иесін даярлайтын ғылым саласы.
Болашақ маман қазіргі студент – оқу-тәрбие жүйесінің белсенді субъектісі. Оның кәсіби даярлығы шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырылуы керек.
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты – студенттерді оқу орындарының кез келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау.
Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері:

  • студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау;

  • студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу;

  • студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу.

Жоғары мектеп педагогикасында қалыптасқан негізгі ұғымдар (категориялар) оқытушыларға педагогикалық жеке құбылыстардың мәнін ашып, ең бастысы, олардың өзара байланысын, бірі-біріне ықпалының қандай деңгейде екендігін көрсетеді. Жоғары мектеп педагогикасы ғылымының даму деңгейі үнемі оның ұғымдарының мазмұнының өзгеруіне әкеледі. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары: тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру, заңдылықтар, әдіснама(Кесте 1).



Дидактикалық ұғымдардың аттары

Ұғымдарға жалпылама түсініктеме

1

Білім беру

Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудан өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жалпы білім беруге:
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
2) жалпы бастауыш білім беру,
3) жалпы негізгі білім беру;
4) жалпы орта білім беру;
5) жалпы қосымша білім беру енеді.
Білім беру бағдарламасының үздіксіздігі мен сабақтастығы ұстанымы негізінде мынадай білім беру деңгейі белгіленеді:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) орта білім беру,
3) кәсіптік жоғары білім беру;
4) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.

2

Білім беру әдістемесі

Жекеленген білім процесінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жатады.

3

Оқыту, оқу

Білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі - өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы. Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асады. Түрлі оқу орындарында оқыту – білім берудің басты жолы. Оқыту – екі жақты процесс: мұғалім – білім беруші, оқушы – білім алушы. Оқыту құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекеті мен оқу әрекетін ұйымдастыру; оқушылардың білімді меңгертудегі белсенділігі мен саналығы ынталандыру және білім меңгертудің, оқу әрекетін орындаудың сапасын реттеу, бақылау; оқыту нәтижесін талдау мен оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады.

4

Оқыту әдістемесі

Білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланысты әрекет жүйесі. Оқыту әдістемесі оқыту мақсатын, меңгеру тәсілін, оқыту субъектілерінің өзара әрекеттерінің сипатын қамтиды. Бұл белгілердің ерекшелігі оқытудың әрбір әдістерінде көрінеді, ал, әдістер жиынтығы тәрбиелей оқытудың барлық мақсатына жетуді қамтамасыз етуі керек. Оқыту әдістемесі – тарихи категория.

5

Оқыту ұстанымары (принциптері)

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес, оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі ережелер. Негізгі оқыту ұстанымдары: теория мен практиканың байланысы; тәрбиелілік; ғылымилық; көрнекілік; түсініктілік.

6

Тәрбие

Жеке тұлғалардың адамдық бейнесін қалыптастырады, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Халық тәрбиені құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады.

7

Тәрбие әдістемесі

Ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындайтын тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Тәрбие әдістемесінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдісіне бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т.б.жатады.

Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылымдар қатарына жатады. Ол ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Осы кезеңде алғаш рет педагогика оқулығы құрал ретінде пайдаланылды. Алайда, студенттермен жұмыс жасау, оқу жайындағы сұрақтарға кепілдеме беру, тәрбие жұмысы, ақыл-ойлар ежелгі дәуірден бастап университеттегі білім беру тарихының дамуымен бірге жалғасып келді. Ғылыми білімнің қарқынды дамуы барысында жоғары мектептегі педагогика өзінің жастығына қарамай жеке салаларға бөлінді және сол бөлінген салалар өз алдына дами бастады. Оларға: жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орындарындағы әдіс пен ілімнің тәрбиесі, жоғары мектептегі менеджмент, т.б. жатады.


Жоғары мектеп педагогикасының объектісі – жоғары оқу орындарын басқару жүйесі, жоғары оқу орындарындағы білім саласы, педагогикалық жүйелер. Аталаған жүйелерге академиялық топтар, курстар, факультеттер, жоғары оқу орындары, қоғамдық ұғымдар мен қалыптасулар, студент тер, оқытушылар, білім министрлігі мен бөлімдері, т.б. жатады.
Ғылыми деректерді талдау, жинақтау барысында ғылыми категориялар қалыптасады. Ғылыми категориялар ұшан теңіз деректердің ішінен белгілі бағытты анықтауға көмектеседі, бұл танымның өзіндік бір сатысы болып табылады.
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы философиялық диалектикаға негізделеді. Заттар мен құбылыстардың арасында әр түрлі байланыстар болады. Әлеуметтік ғылымдарда сан қырлы қоғамдық құбылыстардың байланыстары мен тәуелділіктері ашылады. Ғылым кез-келген заттар мен құбылыстардың өзара сан алуан байланыстарын зерттей отырып, ең алдымен, олардың ішінен сол заттар меп құбылыстар үшін анағұрлым маңыздысын, болып жатқан процестерді басқаратындарын бөліп алады. Бұл байланыстар заңдар деп аталады.
Сонымен заң дегеніміз – құбылыстардың өздеріне ғана тән қайталаньп тұратын және біршама тиянақты байланысы.
Адамдар өз қалауынша заң атаулының қандайын болса да өзгертіп, жойып жібере алмайды. Олар тек бұл заңдарды танып біліп, зерттей алады және алған білімдерін өзінің қызметіне пайдаланады.
Диалектика дүниенің барлық саласындағы заттар мен құбылыстарға тән жалпы заңдарды ашуды өз алдына мақсат етіп кояды. Ол – табиғат құбылыстарын, қоғамдық құбылыстар, адам санасы да бағынатын жалпы заңдар жайындағы ғылым. Диалектиканың түпкі қасиеті – қозғалыс, өзгеріс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет