Жоо-да кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және оның проблемалары



бет1/3
Дата28.04.2023
өлшемі479,12 Kb.
#87778
  1   2   3
Байланысты:
Кәсіби қ

ЖОО-да кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және оның проблемалары

Исабаева ақнұр

Жоспар

  • 1. ЖОО-ның оқу процесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі
  • 2. Оқыту болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру әдістерінің бірі ретінде

Кіріспе

  • Құзыреттілік адамның білімі мен практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас ортасы болып қалады» деп жазады орыс ғалымы М.В. Рыжаков өз еңбегінде. Кейбір сөздіктерде құзыреттілік құзырлылық делініп былай анықтама берілген. ‘”Құзырлылық – адамның стандарттан тыс жағдайда нәтижелі әрекет ету қабілеті”
  • Құзыреттілік = Білім – Тәжірибе – Іскерлік.
  • Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін анықтауда: Арынғазин, Ш.А. Абдраман, Б. Әбдікәрімұлы, А.Е. Әбілқасымова, Б.А. Әлмұхамбетов, Е.И. Бурдина, С.А. Дружилов, Е.Ө. Жұматаева, С.Т. Каргин, Б.Т. Кенжебеков, Қ.М. Кертаева, С.З. Қоқанбаев, Р.К. Төлеубекова, Г.О. Тәжіғұлова, В.Д. Шадриков, Л.А. Шкутина т.б. ғалымдардың зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылуда.
  • Болашақ мамандардың негізгі құзіреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау белгіленген міндеттерді іске асыра алуымен тікелей байланысты. Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жаңа білім беру стандартының төмендегідей талаптарына сәйкес болуы шарт:
  • жаңа білім беру стандартының мазмұны мен әдіснамасын қабылдауға;
  • білім беру үдерісін бағдарламалық және әдістемелік тұрғыдан өзгертуге;
  • педагог қызметінің мақсаттары мен тәсілдерінің өзгеруіне;
  • білім берудің дәстүрлі және тың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау әрекетінің жаңа тәсілдерін қолдануға даярлануы керек.
  • Мұнда білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселесіне көңіл бөлу де болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның білім беру үдерісінің ресурсына айналуы болашақ мамандардың өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар жүйесін пайдалануына және түрлі педагогикалық жағдаяттар арқылы ақпараттық-коммуникативтік технологияның (АКТ) мүмкіндіктерін қолдануға бағдарлау қабілетіне тікелей байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет