Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім а Стерилизациялаудың түрлері б Медициналық құралдарды стерильдеу тәртібі в Стерилизаторлар IV. Қорытынды V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе
Тақырыбы:
Медициналық құралдар мен жабдықтарды залалсыздандыру түрлері мен тәсілдері
Жоспар I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
а )Стерилизациялаудың түрлері
б)Медициналық құралдарды стерильдеу тәртібі
в) Стерилизаторлар
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Стерилизация дегеніміз – бұл аспаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардың спораларын толық жою болып табылады. Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез-келген заттар толық стерилизацияланбаса басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз стерилизацияланған аспаптарды қолдану сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа инфекцияларды дамыта алады.
Біздің елімізде « Медицинаға белгіленген өнімдерін дезинфекциялау және стерилизациялау тараулық стандарты енгізілді. Осы стандартпен дезинфекциялау мен стерилизациялаудың әдістері, дәрілері мен тәртіптері белгіленді. Қазіргі емдеу мекемелерінде орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшелері ( ОЗБ ) ұйымдастырылды..
Олардың негізгі мақсаты медициналық құралдарды залалсыздандырып, алдын –ала тазарту. ОЗБ-ның құрылымы 2 блоктан тұрады. Біріншісі залалсызданған, екіншісі залалсызданбаған блок. Залалсызданбаған блокта залалсыздандыру алдындағы тазартуды, залалсыздандыруға арналған материалдарды қораптау және бу стерилизаторларын, құрғақ ауа-шкафтарын дайындау жүргізіледі. Ал залалсызданған блокқа стерильденген материалды түсіреді. ОЗБ-да ашық түрде медициналық өнімдерді залалсыздандыруға болмайды. Ашық түрде құрғақ ауа шкафында залалсыздандыруға болады.
Мысалы вирусты гепатитпен ауырған науқастарға процедуралық кабинетте барлық шприцтер мен инелерден бөлек алдын-ала залалсыздандырылған шприцтер мен инелер беріледі.
Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту жұмыстары жүргізіледі.Яғни тазарту арқылы стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады.Қолмен тазарту келесі ретпен жасалады:
1.Қанмен ластанған аспаптарды 0.14% натрий олеатының ерітіндісіне 22С температурада 60 минутқа салу керек.
2.Су ағымымен 0,5 минут жақсылап шайады.
3.« Биолот» жуғыш затына 15 минутқа батырады.
4.0,5 минут сумен жуады.
5.Ағымды және дистильденген сумен 3 минут шайады.
6.Ыстық ауалы стерилизаторда 80-85С-та кептіреді.