Жоспар: I кіріспе II негізгі бөлім



бет1/3
Дата19.11.2023
өлшемі239,42 Kb.
#124898
  1   2   3

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Эукариоттар геномының тізбектер типі. Бактериялар және олардың геномы.
Орындаған:Сұлтанбек Шырайлым
Сапарбек Шұғыла
Жамболат Аружан
Қабылдаған:Паштанов Сұлтан
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1. Эукариоттар онтогенезінің генетикасы
2. Геннің экзон — нитрондық құрылымы.
3. Эукариоттар геиомының тізбектер типі.
4. Бактериялар және олардың геномы. III Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар қызметтері жақсы жіктеледі.
Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер. Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, қарапайымдылар.
Эукариоттар онтогенезінің генетикасы. Аналық жұмыртқа жасуша ядросында рибонуклеин қышқылдарының (иРНҚ, тРНҚ және рРНҚ) біраз мөлшері синтезделеді, цитоплазмада олар ерекше гистондармен бірігіп информосома деп аталатын құрылым түзеді. Зерттеулер аналық жұмыртқа жасуша мен сперматозоидтың қосылуынан пайда болған зиготаның алғашқы кездегі дамуы өзінің ядролық гендерінің емес, информосоманың рибонуклеин қышқылдарының бақылауында болатынын дәлелдеді.
Геном — генотиптің молекулалық негізі. Бұл арада геном деп гаплоидты ядродағы ДНҚ-ның жалпы мөлшері түсініледі. «Геном» термині ДНҚ-ның синонимі ретінде есептеледі, бірақ мұнда ол ДНҚ-ның физикалық не химиялық қасиеттерін сипаттаушы ретінде емес, генетикалық информацияны тасушы құрылым ретінде қарастырылады.
Эволюция барысында эукариоттарда прокариоттар геномынан елеулі айырмашылығы бар геном қалыптасты. Жоғары сатыдағы организмдердің геномы ең алдымен артықшылық (артық ДНҚ-ның болуы) қасиетімен сипатталады. Әр түрлі организмдердің ядросындағы ДНҚ-ны биохимиялық және цитохимиялық өлшеулер негізінде ДНҚ мөлшерінің тұрақтылығы туралы гипотеза ұсынылды. Бұл гипотеза бойынша түрдің кез келген ұлпасының жасуша ядросындағы ДНҚ-ның мөлшері салыстырмалы тұрақтылықта болуы керек. ДНҚ-ның гаплоидты ядродағы мөлшері С-шамасымен белгіленеді, демек, сомалық диплоидты ядродағы ДНҚ-ның мөлшері 2С-ке тең.
1970-жылдары эукариоттар ДНҚ-сының едәуір бөлігінің коделеу функциясы жоқ екендігі айқын болды. Сөйтіп С-парадокс пайда болды. Бұл парадокстың басты себебі — барлық эукариоттарда ядродағы ДНҚ-ның артықшылығы. Геномның нуклеотид жұптары арқылы көрсетілген мөлшерін бір генге сай келетін нуклеотид сандарына бөліп, организмнің гендер санын жуық шамамен анықтауға болады. Әдетте, ақуыздың толық молекуласы орта есеппен үш жүзден артық амин қышқылдарынан құралған болса, онда бір генге шамамен 1000 нуклеотид сай келеді деп есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет