Жоспар: Кіріспе Ғылымның жіктелуі Ғылыми зерттеулердің негізгі түрлері Ғтр туралы түсінік Қолданылу аясы Қазіргі таңдағы техникалық революциялар Қорытынды Пайдаланған әдебиет Ғылымның қоғамдағы рөлі Кіріспе


Ғылыми зерттеулер мына түрлерге жіктеледі



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі6,14 Mb.
#15796
1   2   3   4
Ғылыми зерттеулер мына түрлерге жіктеледі:
  • 1) қоғамдық өндіріске байланысы жағынан
  • 2) қаржыландыру көздеріне байланысты
  • 3) мақсатына байланысты
  • 4) халық шаруашылығына қажеттілігіне байланысты
  • 5) зерттеу ұзақтығына байланысты
  • Қоғамдық өндіріске байланысы жағынан ғылыми жұмыстар мына жұмыстарға жіктеледі:
  • жаңа технологиялық үрдістер,
  • машиналар,
  • құрылыстар,
  • өндірістің тиімділігінің артуы,
  • еңбек шартының жақсаруы,
  • жеке адамның тұлға болып дамуы және т. б.
    • Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді:
    • 1)    бастамалы
    • 2)    қолданбалы
    • 3)    өндірулер
    • Бастамалы зертеулер табиғаттың жаңа заңдары мен принциптерінің пайда болуына негізделеді. Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімінің артуына себепші болу. Мұндай зерттеулер белгілі және белгісіздік шекарасында жүргізіледі.
    • Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін анықтаумен және салаларда қолданысымен байланысты.
    • Мақсаты – адам кәсібінде практикасында бастамалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми білімнің қолданылуы. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік пайда болады. Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде 3 түрге жіктеледі:
    • 1) іздеу
    • 2) ғылыми зерттеу
    • 3) жобалы-құрастырушылық жұмыстар
    • Іздеу жұмыстары объектіге әсер ететін факторларды қалыптастыруға, жаңа технология мен техниканың пайда болуына бағытталған.Ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа технология, зерттеу құрал-жабдықтарын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
    • Жобалы-құрастырушылық жұмыстар логикалық жобаны сипаттайтын құрастырулардың пайда болуын қадағалайды.
    • Қорытынды:
    • Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бұл әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бұл үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады. Сөз жоқ, ғылым - адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.
    • Өндіріс пен қоғамдық тұтынымдағы ғылыми-техникалық революция енгізген өзгерістер ауқымы мен қарқыны адам мен табиғаттың, қоғам мен табиғи ортаның қарым-қатынасын жаңа сатыға шығарып, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды талап етуде. Әсіресе, ғылыми-техникалық революцияның салдарынан туындаған кейбір зардаптар ұлттық, тіпті құрлықтық шеңберден шығып, көптеген елдің күш біріктіруін, халықаралық деңгейде реттеуді қажетсінеді. Мысалы, табиғи ортаның ластануымен күресу, ғарыш серіктері арқылы байланысу, әлемдік мұхит ресурстарын игеру, компьютерлік-технол. желілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, т.с.с. мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық ахуалын орнатып, ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасына жол ашуға әр түрлі даму деңгейіндегі мемлекеттердің мүдделілігі артып келеді.
    • Пайдаланған әдебиет:
    • 1. Интернет желісі https://kk.wikipedia.org/wiki/Ғылым
    • 2. Кожухар В.М. Основы научных исследований - М.: Дашков и Ко, 2015.-216с.
    • 3. Болдин А.П., Максимов В.А. Основы научных исследований - М.: Академия, 2012г.-336.
    • 4. Кузнецов И.Н.Основы научных исследований - М., 2013-284с.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет