Жоспары: Гетероциклді қосылыстар Пиррол Пиримидин және имидазол Пурин топтары Пайдаланылған әдебиеттер Гетероциклді қосылыстар



Дата26.04.2023
өлшемі1,06 Mb.
#87313
Байланысты:
Бож 6


Дайындаған: 3курс студенті Сайлауова Назерке
Қабылдаған:Phd,аға оқытушы Узакова Асем
Тақырыбы:Гетероциклді қосылыстар негізіндегі биологиялық активті заттар
Жоспары:
1.Гетероциклді қосылыстар
2.Пиррол
3.Пиримидин
4.Пиримидин және имидазол
5.Пурин топтары
6.Пайдаланылған әдебиеттер
Гетероциклді қосылыстар циклге көміртек атомдарынан басқа да элементтердің атомдары кіретін қосылыстар. Ондай атомдарға азот, күкірт, оттек және т.б. элементтердің атомдары жатады. Гетероциклді қосылыстар мейлінше көп және әр алуан.
Гетероциклді қосылыстар
Гетероциклді қосылыстар табиғатта көп таралған (витаминдер, алкалоидтар, пигменттер және жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының құрамды бөліктері). Азотты гетероциклді қосылыстардың биологиялық процестерде маңызы зор. Бес мүшелі, алты мүшелі қосылыстар тұрақты болады
Пиррол
Пиррол. C4H5N — бес мүшелі азотты гетероциклді қосылыс:
Пиррол тас көмір шайырының құрамында болады, сондықтан одан фракциялық айдау арқылы алынады. Өндірісте фуран мен аммиакты әрекеттестіріп алады. Пиррол — түссіз сұйықтык, суда нашар ериді, ауада тез тотығып, қоңырайып кетеді. Пирролда екіншілік азот атомы (NH тобы) бар, екіншілік аминдерге ұқсас болғанымен, негіздік қасиеті әлсіз, қышқылдармен тұрақты түз түзбейді. Себебі, азот атомының жұп электроны ароматты-электронды жүйе құруға қатысады.
Пиримидин молекуласында екі азот атомы бар, алты мүшелі гетероцикл. Оның сақинасы көптеген биологиялық маңызды заттардың құрамына (нуклеин қышқылы, дәрі-дәрмектер, кейбір витаминдер) кіреді. Пиримидиннің оттекті туындылары — урацил, тимин және цитозин:
Пиримидин (1) және имидазол (2) сақиналарынан тұратын күрделі гетероциклді қосылысты пурин деп атайды:
Пурин топтары көптеген қосылыстардың нуклеин қышқылы құрамына пурин негіздері — аденин (А), гуанин (Г) түрінде кіреді:
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет. ISBN 9965-36-092-8

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет