Комплексті қосылыстар



бет1/3
Дата02.04.2023
өлшемі20,93 Kb.
#78545
  1   2   3
Байланысты:
7-зертхана


КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАР
Химиялық қосылыстардың электронейтрал молекулаларының өзара әрекеттесуінде түзілген қосылыстар немесе жоғары ретті күрделі молекулалар комплексті қосылыстар деп аталады. Комплексті қосылыстарға кристаллогидраттар, амиакаттар, қостұздар т.б. жатады. Оларды алудың бірнеше мысалдары:
ҒеS04+7Н20 =ҒеS04*7Н20 =[Ғе(Н20)6]S0420
Ғе(СN)2+4КСN=Ғе(СN)2*4КСN=К4[Ғе(СN)6]
NiСІ2+ 4NH3=NiСІ2*4NН3= [Ni (NH3)4] СІ2
Сu(OH)2+4NH40Н=Сu(0Н)2-NH4OН=[Сu(NНз)4](0Н)2+4Н20
Комплексті қосылыстарда донорлы - акцепторлы байланыс болады. Комплексті қосылыстар дегеніміз құрамында бір немесе бірнеше донорлы-акцепторлы байланыс болатын жоғары ретті қосылыстар. Комплексті қосылыстарының құрылысы мен қасиеттерін Швейцария ғалымы Альфред Вернер ұсынған (1893) координациялық теориясы жақсы түсіндіреді. Бұл теорияның негізгі қағидалары мынадай:
1. Комплексті қосылыстарда басты орын комплекс түзушінің үлесіне тиеді. Комплекс түзуші көбінесе оң зарядталган металл иондары болады.
2. Комплексті түзушінің маңайына теріс зарядталған аниондар немесе электронейтрал молекулалар - лигандалар орналасады.
3. Комплексті түзушінің маңайына орналасқан немесе координацияланған лигандалардың жалпы саны комплекс түзушінің координациялық саны деп аталады.
4. Комплекс түзуші мен лигандалар комплексті косылысының ішкі сферасын түзеді.
5. Ішкі сфераға сыймай қалған иондар комплексті қосылысының сыртқы сферасын түзеді.
Комплексті қосылыстарының формулаларын жазғанда ішкі сфера квадрат жақшаға алынып, сыртқы сферадан бөлінеді. Негізгі комплекс түзушілерге Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің қосымша топшаларында орналасқан d- элементтері жатады.
Маңызды лигандаларға мына төмендегі полюсті молекулалар мен аниондар жатады:
1) Полюсті молекулалар Н20 , NН3, СО, NO, NH4ОН т.б.
2) Иондар: Ғ- , СI-, Вr-, I-, О2-, ОН-, СN-,СNS-, S2O32-, CO2-, C2O42
Комплексті қосылыстың сыртқы сферасында аниондар немесе катиондар болуы комплекс ионының зарядына байланысты. Егер косылыстағы комплекс ионының заряды оң болса, сыртқы сферада аниондар орналасады, ал комплексті ионының заряды теріс болса, сыртқы сферада катиондар орналасады.
Комплексті қосылыстың формуласын құрастыру үшін комплекс түзушінің координациялық санын, оның зарядын, лигандалардың зарядтарын, комплексті ионының зарядын, сырткы сфераның зарядтарын анықтау керек.
Мысалы комплекс түзуші екі оң зарядты темір ионының теріс бір зарядты циан қышқылы қалдықтары түріндегі лигандалардан және сыртқы сферасында калий катиондары болатын комплексті қосылысының формуласын құрастырайық.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден Ғе2+ ионының координациялық саны 6 екенін білеміз, олай болса комплекс түзушінің маңайына 6 СN- орналасатынын ескеріп ішкі сфераны былай жазамыз:
[Ғе(СН)6]
Енді комплексті ионының зарядын табамыз. Комплексті ионының заряды комплекс түзушінің заряды мен лигандалардың зарядтарының алгебралық қосындысына тең:
+2+(-1)-6=- 4
Комплексті ионының заряды -4 болғандықтан сыртқы сферада +1 зарядты калийдің 4 ионы болады. Олай болса бұл комплекс қосылысының формуласы мынадай болады:
К4[Ғе(СN)6] - калий гексацианоферрат
Комплексті қосылыстар жәй және күрделі заттардың бейтарап, қаныққан («валенттілік түсінік тұрғысынан) молекулаларынан түзіледі:
Мысалы:
НF+ВF3=НВF4
NаF +НF=Nа [НF2]
2KI+НI=К2[НgI4]
СuСI+НСI=Н[СuСI2]
КNO2+АgNO2=К[Аg(NO2)2]
СuSO4+4NH3=[Сu(NH3)4]SO4
Комплексті қосылыстардың ішінде бейорганикалық заттар болуы мүмкін: тұздар, кышқылдар, негіздер және т.б. Комплексті қосылыстар оң немесе теріс зарядталған күрделі комплекстік ионнан тұрады.
Байланыстар теориясы комплекстің құрылысын донорлы-акцепторлы байланыстың түзілуімен түсіндіреді. Комплекс түзуші мен лигандалардын арасында донорлы-акцепторлы байланыс болады. Лигандалар өздерінің дайын электрондар жұбын комплекс түзушінің бос орбитальдарына береді, ал комплекс түзуші оларды қабылдап алады. Сондықтан комплексті түзуші акцептор, ал лигандалар донор болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет