Электролиттердің концентрациясын кондуктометрлік әдіспен анықтау талданатын ерітіндінің электр өткізгіштігін өлшеуге негізделген. Кондуктометрия - ең қарапайым және талдап сұрыптаудын электрохимиялық әдісі. Кондуктометрлік әдістердің барлығы жылдамдығымен, өлшеуіш аспаптарының оңай табылуымен, жұмысының ыңғайлылығымен, қанағаттанарлық дәлдігімен, өндірістік, технологиялық және лабораториялык жағдайларда талдауды автоматты түрде, әрі қашықтықған жүргізу мүмкіндігімен сипатталады. Тікелей кондуктометрлік анықтаудын қателігі - 1-2 %. Ал белгілі бір арнайы жағдайды сақтағанда талдау қателігі 0.2 %-ке дейін азаяды.