Ажарлау - дайындама беттерін қажетті аспаптармен тазалай өндеу операциясы. дайындаманы қайрақ іспетті кұралмен тазалап өңдейтін ең соңғы операция.
Ажарлап өңдеу – бөлшектердің жоғары сапалы өлшем дәлдіктерін алуға мүмкіндік беретін, металдар мен басқа материалдарды өңдеудің технологиялық әдісі. Мұндай өңдеу ажарлау аспаптарымен жүргізіледі. Ажарлау аспаптары пішіндері мен өзара орналасулары кездейсоқ, минерал және өте қатты материалдардың ажарлау түйіршіктерінен тұрады. Материалдарды өңдеуде ажарлау түйіршіктерінің бір мезгілде өте көп мөлшері қатысады. Өлшемдері аз осы түйіршіктер бірігіп, ажарлау аспабының кесу жиегін құрайды.
Абразив материалдардан жасалатын негізгі аспаптар — ажарлайтын
дөңгелектер.
Өңдеудің белгілі бір түріне ажарлайтын дөңгелектің жарамдылығын анықтау үшін аспаптың қандай абразивтен жасалғанын, оның «түйірлігін», яғни түйірлерінің ірілігін, түйірлерді байланыстыру үшін қандай материал алынғанын, дөңгелектің қаттылығы қандай екенін білу қажет. Бұл мәліметтер ажарлайтын дөңгелектерді сипаттау үшін өте маңызды.
Дөңгелектерді жасау мынадай операциялардан құралады: абразив металдарды шар тиірменмен ұнтақтау; түйірлерді калибрлі електен өткізу арқылы іріктеу; түйірлерді біріктіргіш заттармен қалыптанатын масса етіп
байланыстыру; осы массаны үлкендігі мен формасы әр түрлі дөңгелектер
түрінде қалыптау; кептіру, күйдіру немесе престеу (байланыстырушы заттыңматериалына қарай).