К. Д. Бузаубакова


Әдістемелік  апталықтар,  онкүндіктер,  айлықтар



Pdf көрінісі
бет232/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   446
Әдістемелік  апталықтар,  онкүндіктер,  айлықтар.  Соңғы  жылдары 
көптеген  мектептердің  жұмыс  тәжірибесіне,  негізгі  жұмыстың  бірден-бір  түрі 
ретінде  әдістемелік  апталық,  онкүндіктер  енді,  мұның  барысында  сабақты 
талдау,  сыныптан  тыс  пәндік  шаралар,  дәптер  тексеру,  т.б.  жұмыстары 
бойынша  әкімшіліктің,  пән  бірлестіктерінің  қызметі  жандана  түседі.  Егер 
осындай  апталар,  онкүндіктер  жылдық  кешенді  жұмыстың  табиғи  құрамды 
бөлігі  болып  және  оның  белсенді  кезеңдерінің  бірі  ретінде  көрінсе  ғана  бұл 
пайдалы болмақ. 
Ашық  сабақтар  -  бұлар  мұғалімдерді  іс  жүзінде  үйретудің,  тәжірибе 
алмасудың  тиімді  бір  түрі.  Әдістемелік  бірлестіктер  мәжілістерінің  және 
мектепішілік тәжірибелік сабақтар (семинар тақырыптары бойынша) оқытудың 
сараланып  отырған  әдістерінің  тиімділігін  және  оларды  тиімді  таңдаудың 
мүмкін  боларлық  түрлерін  көрсету  мақсатында  ашық  сабақтар  жоспарланады. 


190 
 
Ашық  сабақтар  озат  мұғалімдер  жұмысындағы  тиімді  әдіс,  тәсілдерді  оқыту 
тәжірибесінде  қолданып,  нақтылы  ойларды  аша  көрсетіп,  негіздеме  бере 
отырып, оқыту тәжірибесіне жаңалықты ендіруді көздейді.  
Осындай  ашық  сабақтар,  әрине,  алдын  ала,  жан-жақты  ойластырылған 
табиғи  іскерлік  сабақ  болуы  керек.  Осыған  байланысты  ашық  сабақтарды  кез 
келген  тосын  жағдайда,  кімнің  тәжірибесіне,  нақты  кімді  және  неге  үйрету 
керек екендігін анықтап алмай өткізе беретін осы күнгі тәжірибені тастау керек. 
Сөйтіп,  ашық  сабақтарды  мектептегі  оқытуды  жақсартудың  әдістемелік 
шараларының  құрамды  бөлігі  деп  қарасақ,  олар  барлық  мұғалімдердің  де 
әдістемелік шеберлігін арттыра беруге, мектептің шығармашылық ізденіс және 
тәжірибе алмасу ахуалын туғызуға әсерін тигізбек. 
Жыл  басында  әдістемелік  жұмыстың  жоспары  жасалынғанда,  жыл  бойы 
кім қандай ашық сабақ береді, ол ашық сабақтың мақсаты айқындалуы керек. 
Ашық  сабақтарда  жаңа  педагогикалық  технологиялар  қолданылып, 
мұғалімдердің шеберліктерін арттыратындай қызғылықты өткізілуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет