К. М. Нагымжанова



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата02.05.2023
өлшемі0,93 Mb.
#88967
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


МРНТИ 15.21.51 10.51889/4912.2022.57.38.019 
К.М. Нагымжанова
1
, Н.М.Иргебаева 
1
, Ө.Р.Исмаил 
1,
*
1
«Тұран-Астана»
Университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. 
*e-mail: 
mailto:omak.isma@gmail.com 
 
СТУДЕНТТЕРІНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫНА САЙ ИМИДЖІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Андатпа. 
Бұл мақалада студенттердің болашақ мамандығына сай имидж қалыптастырудың 
эмпирикалық жолдары, яғни, студенттерден жауап алу үшін қолданылған әдістер және 
қолданылған методикалар жайлы айтылып отыр. Қазіргі уақытта оң имиджді 
қалыптастыру саяси және іскерлік салаларда ғана емес, студенттік ортада да өзекті 
мәселеге айналуда. Студенттердің имиджін зерттеу болашақ маманға, қазіргі маманға 
қойылатын талаптар өскен кезде ерекше маңызды және өзекті болып табылады. 
Сонымен бірге студенттердің имиджі де өзгеріп отыратын үрдіс. Студенттердің 
жалпыланған бейнесінің әртүрлі аспектілері стереотиптер түрінде бұқаралық санада 
бекітілген, тек студенттердің санасында ғана емес, сонымен бірге оның қоғамдық 
қабылдауында да із қалдырады. Талапкерлерді тарту процесі, перспективалық 
жобаларды іске асыру және білім беру жүйесіндегі ЖОО-ның жалпы жағдайы көбінесе 
студенттің имиджіне өз әсерін тигізетіні анық. Осы орайда қолданылған әдістер 
жайлы жалпы ақпарат пен олардың практикада қолдану оңтайлығы туралы 
қарастыруды жөн көрдік. Қорытындылар мен ұсыныстарда тұжырымдалған, алынған 
нәтижелер университеттің оң имиджін құру үшін маркетингтік бағдарламаларды құру 
мен модернизациялауда қолданыла алады. Зерттеу материалдарын психологияның 
имиджология, даму психологиясы, жалпы ихология, педагогикалық психология, маркетинг 
және PR қызметі сияқты салаларында қолдануға болады. Жиналған практикалық 
материалды тұлғалық даму курстарын, тренингтік және түзету-дамыту 
бағдарламаларын әзірлеу кезінде студенттердің оқу іс-әрекетін ихологиялық 
сүйемелдеуді ұйымдастыру үшін пайдалануға болады, олардың негізгі бөлігі ұлдар мен 
қыздардың мотивациялық-қажеттілік саласын қалыптастыру және өзгертуде көмекші 
құрал болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет