Кабылдаган: Курбанова А. Орындаған: Құрманәлі С. Группа



бет1/5
Дата11.01.2023
өлшемі64,89 Kb.
#60974
  1   2   3   4   5
Байланысты:
кейс ауру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.АУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кейс


Тақрыбы: Ауру тұралы жалпы ілім

Кабылдаган: Курбанова А.
Орындаған: Құрманәлі С.
Группа: Ап-18-8к1


Жоспар
Ι Кіріспе
ΙΙ Негізгі бөлім

  1. Ауру

  2. Патогенездің жалпы заңдылықтары

  3. Қосымшалар

ΙΙΙҚорытынды
ΙV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Этиология (грек. aіtіa – себеп және logos – ілім) – аурудың пайда болу себептері мен оған қолайлы жағдайларды зерттейтін ілім. Аурудың негізгі себебі ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) жағдайлардан туындайды. Сыртқы Этиологиялық себептерге: түрлі жарақат, температура, атмосф. қысымның өзгеруі, сәуле және электр энергиясының әсері, органик. және органик. емес улар, микробтар, вирустар, зат алмасудың бұзылуы (ашығу, витамин жетіспеушілік, құнарсыз тамақ, т.б.) жатады.
Ішкі Этиологиялық себептерге: адам организмі құрылысы ерекшелігі, тұқым қуалайтын аурулар жатады. Соңғы кезде Этиологиялық себептердің қатарына физ., хим., биол., әлеум. және психоәлеум. әрекеттерді жатқызады. Аурулардың пайда болуының негізгі себебі организмнің ерекшелігіне байланысты, ал әр түрлі факторлар белгілі бір аурудың дамуына ғана әсер етеді.
Сондықтан Этиология мәселесі сыртқы және ішкі ортамен тығыз байланыстыра отырып, адам организмінде туа және жүре пайда болатын күрделі физиологиялық өзгерістермен ұштастырыла зерттеледі.
Патогенездің негізгі және ең жалпы зандылығы — өзін-өзі дамыту, өзін-өзі реттеу принципі болып табылады. Демек, үрдістер бір кезде пайда болып, одан соң «тізбек» принципі бойынша дамиды.
Ауру ұдайы дамып, өзгеріп түратын динамикалық үрдіс. Осыған байланыста аурудың әрбір даму сатыларына сәйкес «себеп-салдарлық» арақатынастар пайда болады. Мысалы, жарақаттану тіндердің сезімтал рецепторларын қоздырып ауыру сезімталдығына әкеледі. Ауыру сезімі орталық нерв жүйесіне беріліп, ондағы қантамырларының қимылдық орталығын әлсіретеді, соңғысы артериялық қан қысымы төмендеуіне әкеледі. Артериялық қан қысымы темендеуі қанмен оттегінің тасымалдануы бүзылуына, тіндерде оттегінің жеткілікзідігіне (гипоксияға) әкеледі. Ары қарай гипоксия зат алмасу үрдістерінің бұзылуына, қышқылдық-негіздік үйлесімнің метаболизмдік ацидоз жағына ауысуына т. с. с. өзгерістерге әкеледі.
Ауру
Аурудың даму жолдарын зерттейтін патфизиологиянвың тарауын патогенез (гр. раtһоз — бүліну, ауру, genesis — даму) дейді. Ол аурудың этиологиясымен өте тығыз байланысты. Қандай да болмасын этиологиялық әсер әрқашан аурудың даму жолдарының басталуына әкеледі. Бүл үшін дене мүшелерінің кез-келген бөлшектерінде алғашқы бүліністер пайда болуы қажет. Алғашқы бүліністер әртүрлі дәрежеде және деңгейлерде болуы мүмкін. Олар кейде қарапайым көзбен байқалатын үлкен дәрежеде болса (мысалы, жарақат, күйік, сынық, қанқүйылу т. б.) көпшілік жағдайларда жай кезбен көрінбейтін, анықтау үшін арнайы тәсілдер қолдануды қажет ететін болады. Олар молекулаішілік, субжасушалық, ағзалық, тіндік, жасушалық, жүйелік деңгейлерде болуы мүмкін. Сондықтан, оларды анықтау үшін әртүрлі биохимиялвіқ, гистологиялық, иммунологиялық және басқа да тәсілдерді қолданады. Бүл бүліністерге организмде жауап ретінде қорғану-икемделу үрдістері дамиды. Мысалвы, атмосфералық ауада оттегі жетіспегенде тыныс алу жиілейді және тереңдейді, жүрек соғысы жиілеп, айналымдағы кан ағымын: Жылдамдатады, эритроциттердің, сонымен бірге гемоглобиннің деңгейі көтеріледі т. с. с. Бұлардың барлығы организмге жетіспейтін оттегін толтыруға бағытталған организмнің икемделістік шаралары.
Этиология – себеп туралы ғылым (aitia-себеп, logos-ғылым). Медицинада этиология – аурудың себебі, пайда болу жағдайы, дамуы туралы ғылым.
Аурудың себебі – ауру тудыратын фактор.
Мысалы: сәуле ауруының себебі – радиация, инфекциялық аурудың себебі – патогенді микробтар.
Сыртқы ортаның ауру тудыратын себептерінің жіктелуі:
1.Механикалық күштердің әсері (соғу, қысу, кесу).
2.Физикалық факторлар
А) дыбыстың және шудың әсері
Б) барометрлік қысымның өзгеруі
В) жоғары және төменгі температураның әсері
Г) күн сәулесі, лазерлік сәуле
Д) электрлік ток
Е) радиация
Ж) космосқа ұшудағы факторлар (үдеу, салмақсыздық).
3.Химиялық факторлар – органикалық және неорганикалық қосындылар
А) алкоголь
Б) дәрілік препараттарды жөнсіз қолдану
В) ауыр металдар және тұздар
Г) организмде витаминдердің, микроэлементтердің, ақуыздың, көмірсудың, майлардың жетіспеушілігі немесе артықшылығы
Д) пестицидтер (инсектицидтер, гербицидтер т.б.)
Е) өнеркәсіп шаңдары
Ж) қышқылдар мен сілтілер
З) ароматты (иісті) көмірсутегілер.
4.Биологиялық факторлар
А) микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, хламидиялар, микоплазма, саңырауқұлақтар) және олардың өмір сүру заттары
Б) гельминттер, қарапайым паразиттер
В) бунақ неделілер (шаян, скорпион) насекомдар
Г) биологиялық препараттар – антитоксикалық сарысулар, вакциналар, қан т.б.
5.Әлеуметтік факторлар
А) қоғамдық қатар (общественный строй) – оның халыққа қамқорлығы, медициналық көмегі, санитарлық-гигиеналық жұмыстары
Б) ақпараттар мазмұны
В) ятрогения – дәрігердің абайсызда айтқан сөздерінен туған психосоматикалық бұзылыстар.
Бұл аталған факторлар сыртқы себептерге жатады. Ішкі себептер – конституция, тұқым қуалаушылық, жасы, жынысы.
Аурулардың пайда болуына, дамуына әсер ететін факторлар – аурудың даму жағдайы деп аталады.
Аурудың ішкі даму жағдайы – патологиялық конституция (диатез), ерте балалық және кәрілік шақ, тұқым қуалаушылыққа бейімділік.
Аурудың сыртқы даму жағдайы – тамақтанудың бұзылуы, шаршағандық, невротикалық жағдай, науқастың нашар күтімі, бұрынғы аурулар.
Патогенез – (pathos - қиналу, genesis - ата тегі) – патологиялық физиологияның аурудың даму механизімін зерттейтін бөлімі, ол алғашқы зақымданудан басталады. Алғашқы зақымдану айқын, анық (травмалар, жарақаттар), және арнайы зерттеу тәсілдерінсіз көрінбейтін (молекулярлық деңгейдегі) болуы мүмкін.
Аурудың дамуында жарақаттану және қалпына келу үрдістері тығыз байланысты. Аурудың әр кезеңінде қорғаныс – компенсаторлы үрдістер молекулярлы және жасуша деңгейінде дамиды. Патологиялық үрдістер мен аурулардың дамуында негізгі тізбекті анықтаудың маңызы өте зор, өйткені осы тізбектің бөлігін жойғанда сауығуға әкелуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет