Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


VIII.  ПЕСТИЦИДТЕР,  ОЛАРДЫҢ БИОСФЕРАНЫҢ ӘР



Pdf көрінісі
бет57/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   122
VIII.  ПЕСТИЦИДТЕР,  ОЛАРДЫҢ БИОСФЕРАНЫҢ ӘР 
ТҮРЛІ КОМПОНЕНТТЕРІНЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ 
 
     1. Пестицидтер (латынның pestis – жұқпалы ауру және caedo – 
өлтіремін  деген  сөзінен  шыққан)  –  өсімдік  зиянкестері  мен 
ауруларына,  арамшөптерге,  мақта, жүн,  теріден жасалған  бұйым 
зиянкестеріне, 
жануарлар 
эктопаразиттеріне, 
адам 
мен 
жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын 
хи-миялық  заттар.  Пестицидтер  тобына  органикалық  және 
бейорганикалық  қосылыстар,  кейбір  дақылдардың  ауруын 
жеңілдететін  дефолианттар  және  десиканттар,  өсімдіктердің 
өсуін  реттеуіштер,  т.б.  жатады.  Пестицидтер  зиянкестерге  қарсы 
қолданылуына қарай бірнеше топқа бөледі. Мысалы, акарицид  – 
кенеге қарсы, антифидингтер – жәндіктерді үркітетін, инсектицид 
–  жәндіктерді,  гербицид  –  арамшөпті,  зооцид  –  зиянкес 
омыртқалыларды  құртуға  қарсы  қолданылады.  Пестицидтерді 
пайдалану  ауыл  шаруашылығы  мен  орман  шаруашылығының 
өнімін  арттырады,  олардың  өсімдіктерді  қорғауда  маңызы  зор. 
Пестицидтер  ішінде  дихлордифенилтрихлорэтан  (ДДТ)  көп 
қолданылады.  Кезінде  бұл  жаңалық  Нобель  сыйлығымен 
марапатталған.  Дүние  жүзі  ауқымында  жыл  сайын  осы 
пестицидтің  100  мың  т  мөлшері  шығарылып  отырған.  Соңғы 
жылдары  АҚШ,  ТМД  ел-дерінде,  Венгрияда,  Швецияда, 
Нидерландыда,  т.б.  елдерде  ДДТ-ның  шығарылуы  тоқтатылған. 
Себебі ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасынан экологиялық 
тұрғыдан зияндылығы асып түскен. Жартылай ыдырау мерзімі 50 
жылдан  артық  бол-ғандықтан,  қоршаған  орта  нысандарында 
жинақталған  ДДТ  қоректік  тізбек  арқылы  адамдар  мен 
жануарлардың  денесіне  өткен.  Осы  жағдайдың  салдарынан 
әсіресе  балалар  өлімі,  тұрғындардың  арасында  ауру  түрлері 
көбейген.  ДДТ-ның  биосферада  таралғаны  соншалықты,  ол 
Антарктидадағы  пингвиндердің  бауырынан  да  табылған.  Жалпы 
алғанда, қоршаған ортаны ластаушылардың бірі – пестицидтердің 
мөлшері  жалпы  ластаушылардың  1  %-ына  жетпейді.  Соған 
қарамастан,  олар  күшті  әсер  ете-тін  биологиялық  белсенді  зат 
ретінде  биосфера  мен  адам  үшін  ерекше  қауіп  төндіреді. 


 
 
120  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
Пайдасына келетін болсақ – пестицидтер астық түсімінің 18 – 20 
%-ының  сақталуына  мүмкіндік  береді.  Бүгінде  пестицидтерден 
бас  тартып,  таза  ауылшаруашылық  өндірісіне  (химиясыз)  көшу 
керек  дейтін  пікір  орынсыз  болады.  Мұндай  шара  шағын  ғана 
жер телімінде, онда да адам еңбегі көп жұмсалатын аумақта ғана 
пайдалы  болмақ.  Сондықтан  дәл  қазіргі  уақытта  адамзат 
пестицидті қолданудан бас тарта алмайды. 
     Пестицидтерді  қолдану  мәселесіндегі  тағы  бір  проблема  –  іс 
жүзінде оларды қолданудың ғылыми негізделген ұсыныстары жиі 
бұзылады,  препаратты  жұмсау  нормалары,  қолдану  мерзімі  мен 
көрсеткіштері сақталмайды. 
     Қазіргі  уақытта  экономикасы  жоғары  дамыған  елдерде 
пестицидтердің  бір  тобы  –  гербицидтерді  пайдалану  деңгейі 
жоғары  болып  отыр.  Деректер  бойынша,  гербицидтердің  сатылу 
көлемі  Францияда  104434,  Италияда  –  91686,  Ұлыбританияда  – 
28746  тонна  болса,  Ресейде  –  1996  жылы  17  мың  тонна,  ал 
Қазақстанда – 17 – 25 мың тонна болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет