Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


 Каспий маңы өңірінің экологиялық күйі



Pdf көрінісі
бет90/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   122
     5. Каспий маңы өңірінің экологиялық күйі. Каспий теңізі – 
Дүниежүзілік мұхитпен байланысы жоқ әлемдегі ең ірі тұйық су 
айдыны болып есептеледі. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 1030 
км-ге,  шығысынан  батысына  қарай  196  –  435  км-ге  дейінгі 
қашықтықты қамтиды. 
     Теңіз  Еуразияның  ішкі  бөлігіне  орналасқандықтан,  оның 
меридиандық  бағыттылығы  климат  жағдайларына,  жағалық 
ландшафтына,  биологиялық  түрлердің  алуан  түрлі  болуына  әсер 
еткен.  Солтүстік-шығысында  континенттік  құрғақ  климат 


 
 
 
181
 
орнықса,  оңтүстік-батысында  субтропиктік  климатқа  ауысады. 
Бұл  те-ңіздің  айналасында  бес  мемлекет  –  Қазақстан,  Ресей, 
Әзірбайжан, Түркменстан және Иран орналасқан. Жағалауында 5 
миллионнан астам адам өмір сүреді. 
     Каспий  теңізінің  әлі  күнге  дейін  толық  зерттелмеген  және 
пайдаланылмайтын  табиғи  қорлары  бар.  Оның  ежелден  қалған 
флорасы  мен  фаунасы  қазіргі  фауна  мен  флораға  ұласқан,  оның 
ішінде  әлемдегі  ең  ірі  бекіре  балықтар  табыны  баршаға  мәлім 
(дүниежүзілік  қордың  90  %-ы).  Теңізде  өсімдіктердің  500-ден 
және жануарлардың 850-ден астам түрлері тіршілік етеді. 
     Каспий  теңізі  түбінен  Қазақстан,  Әзірбайжан,  Дағыстан, 
Түркменстанның  мұнай-газ  кен  орындары  мұнай  өндірумен 
айналысады.  Мұнда  Маңғыстау,  Бакудің  Мұнай  тастары  кен 
орындары көптен бері жұмыс жүргізуде. 
     Кейбір  деректерге  қарағанда,  ондағы  көмірсутектердің  қоры 
Парсы  шығанағынан  кейін  екінші  орын  алады.  Сондықтан 
мұндағы  ауқымды  операциялардың  салдарынан  теңіздің 
экожүйесі-не  келетін  нұқсанды  анықтайтын,  оның  бірегейлігін 
сақтауға  бағытталған  жан-жақты  шаралар  қабылдап,  мұнай 
ластауының мониторингін жүргізу қажет. 
     Мұнаймен  ластанудың  теңіз  экожүйесіне  әсері.  Каспий 
теңізінің  экожүйесі  түрлі  ластануға  өте  сезімтал  болып  келеді. 
Соңғы  онжылдықтар  ішінде  жасанды  және  биохимиялық 
факторлардың  әсерінен  мұндағы  экожүйенің  күйі,  әсіресе 
теңіздің солтүстік-шығыс бөлігінің күйі біраз нашарланған. 
    Каспий  теңізінің  негізгі  ластаушысы  –  бұл,  сөз  жоқ,  мұнай 
болып  табылады.  Су  бетінің  едәуір  аумағын  жұқа  қабат  түрінде 
жауып  қалатын  мұнай  мен  мұнай  өнімдері  оның  тірі 
организмдеріне зиянды әсер етеді. Мұндай ластану теңіздегі көк-
жасыл  және  диатомды  балдырлардың  –  фитобентос  пен 
фитопланктонның  дамуына  кедергі  жасайды.  Теңізге  төгілетін 
мұнай  өнімдері  уылдырықтың,  личинкалардың  жетілуіне 
қолайсыз  әсер  етіп,  мұндағы  қоректік  тізбекті  азайтады. 
Мұнайдың 1 тоннасы ғана су 12 км 

аумағын жауып қалады екен. 
Теңіздер мен мұхиттарда су бетіндегі мұнай қабаттары атмосфера 
мен судың арасындағы ылғал, газ және энергия алмасуын бұзады, 


 
 
182  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
физикалық-химиялық  процестерді  өзгертеді:  судың  беткі 
қабатының  температурасы  көтеріледі,  газ  алмасуы  нашарлайды, 
балықтар ауып кетеді немесе қырылады. 
     Негізгі  ластау  көздері.  Қазіргі  Каспий  теңізі  –  көптеген 
антропогендік  компоненттер  келіп  түсетін  ақырғы  бассейн. 
Солтүстік  Каспийде  мұнай  тасымалы,  өнеркәсіп  қалдықтары, 
мұнай  өңдеу  өнеркәсібі  және  сарқындылары  басты  ластауыш 
және  экотоксикологиялық  компоненттер  болуда.  Мұнда  негізгі 
ластауыш заттар теңізге өзен суымен келіп қосылады. Жыл сайын 
Еділ  өзенінің  бассейніне  құйылатын  2,5  м

  тазаланбаған  және 
шартты  түрде  тазаланған  7  км
3
    сарқынды  суында  мұнай 
өнімдерінің шекті концентрациясы қалыпты жағдайдан 8 – 60 есе 
артық  болатыны  тіркелген.  Соңғы  жылдары  Шешенстанның 
бұзылған  инфрақұрылымының  мұнайы  мен  қалдықтары  түсетін 
Терек  өзенінен  басқа  Каспийге  құйылатын  өзендер  суының 
ластануы күшейе түскені байқалады. 
     Теңіз  жолы  арқылы  мұнай  тасымалдау  да  Каспий  теңізі 
айдынының  ластануына  себепші  болуда,  құрамында  мұнай  мен 
мұнай  өнімдері  бар  отын  және  тазартатын  су  теңізге  түсіп, 
ондағы тірі организмдерге қолайсыз әсер етеді. 
     Мұнай  және  газ  ұңғымаларын  пайдалану  әсері.  Қазақстан, 
Ресей,  Әзірбайжан,  Түркменстанда  мұнай  кәсіпшілігінің 
жүргізілуі Каспий теңізі айдынының ластануына «үлес» қосуда. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет