Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


ы  харпін сөздің аяғына ғана жазып



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет18/28
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

ы  харпін сөздің аяғына ғана жазып,  басқа жерде жазбаймыз деуі
де қызық емес пе? /Ы/ аяғында керегі болған сияқты басқа жер-
лерінде де керегі болса керек” деп, қарсы пікір білдірген.
Бірақ   ғалым   фонемалық   мәні   болғанмен,   жазылған   сөзді
оқуға   зияны   тимесе,   үнемдеп   жазу   принципін   осы   дауысты
таңбасына қатысты алған деп білеміз.
Жалпы,   ғалым   дауыстылар   жүйесінің   таңбалануын   былай
бөлген:
1) <ы> дыбысына қатысты жазу үнемділігін жасаған.
2) <е>  дыбысының таңбасын үнемі бейнелеп отыру керек,
өйткені сөз мағынасына әсер етеді. <о>, <ө>  қысаң еріндіктер
сөз аяғында е-мен таңбалану.
3) и дыбысына екі таңба алу.
А.Байтұрсынұлы   әліпбиінде   <қ>, 
<ғ>, 
<к>, 
<г>
фонемаларының   арнайы   таңбалары   бар.   Ғалым   әріптердің
жазылуы   туралы:   “қ,  ғ  әрдайым   жуан   айтылады,   жіңішке
айтуға көнбейді. <к>  һәм <г>  дәйім жіңішке айтылады, жуан
айтуға келмейді. қ мен ғ жазылған сөздердің алдында дәйекші
қойылмайды, оны қойғанмен бұл хәріптер жіңішке айтылмай-
ды. к мен г алдында дәйекші қойылмайды, оны қоймаса да ай-
тылатын болған соң” деп нақтылаған.
Төте жазу орфографиясының бір өзгешелігі <ш> орнына  ч
әрпінің   қолданылуы.   Оның   себебін   А.Байтұрсынұлы   былай
аша-ды:   “<ш>   дыбысы   дан   гөрі   <ж>-ға   жақын,   олай
болғанда  ш  әріпінің түрі де  (ж-ға)  жақын болғаны ұнамдырақ
көрінеді.  Осы   айтылған   оймен   қазақ   тілінде   /ш/   хәрпі
алынбай /ч/ хар-пі алынды. Мұны алғаннан кемшілік аз, ұнамы
көп.   Мысалы,  екінші,   үшінші,   бесінші  һәм   басқа   сондай  /ш/
келетін   сөздерді  екінчі,   үшінчі,   бесінчі  деп   жазсақ,
бастапқылары   ұнамдырақ  көрінеді.   Себебі,   менің   ойымша,
мынау   боларға:  ш  араб   тілінде  с-ға   жақын   дыбыс   боларға
керек,  сондықтан   басқа   түркі   тілін-де   біздің  с  орнына
жұмсалады.   Мысалы,  бас-баш,  тас-таш,  қас-қаш  деген
сөздерде”.  Сонда   ғалымның   ойынша,  араб   тілі  мен   қазақ
тіліндегі ш~с сәйкестігінен, <ш> дыбысын ч әрпімен таңбалап
айыруға   болады.   “Әлбетте,   харіп   тіл   үшін   шығарған   нәрсе.
Олай болса, харіпі жоқ деп, тілдегі дыбысты жоғалту емес, ол
дыбысқа жоқ харіпті іздеп табарға керек. Ол жалғыз бізде емес,
өзге жұртта да болған, харіпке бола тілді бұзбайды, тілге бола
харіпті   бұзып   өзгертеді”.   Бұл  Һ  дыбысы   одағайларда   ғана
естілетін   дыбыс   болса   да,   әріп   арналу   керек   деген   пікіріне
келеді.
ХХғ. басында қазақ тіл дыбыстарының инвентарін анықтау
қиындығы А.Байтұрсынұлының фонема-әріп теориясы арқылы
шешімін  тақпаны   ақиқат.  Өзге   графиканың  (араб  графикасы)
әліпбиін (араб әліпбиін) өз тілінің дыбыстарына арнау керісін-
ше  әрекеттің,  төл  дыбыстарды  өзге  тіл  әліпбиінің  құрсауына
байлап беру қаупін төндіретін еді. Бірақ А.Байтұрсынұлы араб
әліпбиі қазақ тілі үшін шығарылған жоқ, араб тіліне арналған
әліппе сондықтан араб графикасына негізделген әліпби қазақ
тілі   фонемаларын   ғана   беруі   керек   деп   топшылады.   Кейбір
оқымыстылардың <о>, <а>, <ұ> фонемаларын жарты дауысты,
ал <ы> фонемасын мүлде жоқ деген көзқарастарына пайымды
қарсылығын білдірді.
А.Байтұрсынұлының   әліпби   қатарынан   шығарып   тастаған
таңбалары мыналар: 
خ ,ح ,ﺫ , ض ,ص ,ظ , ط ,ع ,ف ,ه ,ژ ,ﺙ ,ﺵ
.
Бұл өзгеріске қатысты құнды пікір айтқандардың бірі М.Дулатов
болды:   «Араб   әріптерінің   өзгеріп   отырғаны   рас.   Бірақ   қалай
өзгертілген әңгіме сонда болу керек қой. Араб әріптерінің 14 ғана
бұрынғыша болса, өзге ойдан шыққандары жұртқа жат болу керек
қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, оқытып жату
керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ,
194
195

ендеше   бұны   өзгертушінің   шеберлігі   деп   біліңдер.   Бұларды
өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін
сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып
өзгерткен».
А.Байтұрсынұлының   әліпбиі   туралы   терең   талдау   жасаған
ғалым  Н.Уәлидің  сөзіне   құлақ   түргеніңіз   дұрыс:   «...фонеманың
күрделі қасиеттерін фонологияда «инвариант-вариант» теори-ясы
тереңірек аша түседі. Фонема – инвариант, ал дыбыстар олардың
сөздегі варианттары. Әр вариант инварианттағы мәнді белгілерді
сақтай   отырып   түрленеді,   әр   вариантта   инвариантқа   тән   қасиет
сақталады.   Қазақ   тілінің   дауыстылар   жүйесінде   бес   инвариант
фонема   бар.   Осы   инвариант   фонемалардың   нақты   қолданыста
әрқайсысының, е дыбысынан басқасының, жуан, жіңішке әуезбен
түрленіп отыратын екі варианттары бар:
вариант [а] ақ
вариант [ә] әк
2. инвариант-фонема <о>
вариант [о] оқ
вариант [ө] әк
3. инвариант-фонема <ұ>
вариант [ұ] ұқ
вариант [ү] үк
4. инвариант-фонема <ы>
вариант [ы] ық
вариант [і] ік
5. инвариант-фонема <е>
[е] ек
Әдетте  [а] мен [ә] варианттарын бір инвариант-фонема деп
тану үшін олардың өзара ортақ белгілері болуы  шарт. Ол екі
варианттың да ашық, езулік, қысаң, еріндік болулары. Мысалы:
1. инвариант-фонема <а>

а  мен  ә  варианттарын   бір   инвариант   фонема   деп   тану   үшін
екеуі  де ашық, екеуі де езулік болуы керек. Сондай-ақ бұл екі
дыбыс-ты   екі   түрлі   вариант   деп   тану   үшін   олардың   ортақ
белгісінен басқа айырмасы да болуы керек. Ол бірінің жуан (а),
екіншісінің   жіңішке   (ә)   әуезде   айтылуы,   қалған   дауыстылар
жөнінен   де   осы-ны   айтуға   болады.   Бұл   –   бір.   Екіншісі
варианттар парадигмалық қатынаста болады, яғни «екінің бірі»
принципі бойынша сөзде не  [а]  не  [ә]  варианты қолданылуы
шарт. Ал инварианттар синтагмалық қатынаста болады, ал бұл
қатынас «және … және» принципі бойынша жүзеге асады.
Бұл айтылған дауыстылар жүйесінің парадигма (варианттар)
мен   синтагмалық   (инварианттар)   қатынасын   былайша
көрсетуге болады:
парадигма
синтагма
___а_____о_____ұ_____ы_____
ә
ө
ү
і
е
Синтагмалық қатынас бойынша бір сөздің шенінде [а], [о], [ұ],
[ы]  дауыстылары қолданыла береді:  ақын,  отан,  ұлы,  қызы;  [ә],
[ө], [ү], [і], [е] дауыстылары да осы тәрізді: әні, өнері, үні, елі т.б.
Бұдан   байқайтынымыз: 
бір   инварианттың   варианттары
синтагмалық қатынасқа түспейді немесе олар бір сөздің шенін-де
ұшырамауға тиіс. Қысқасы, А.Байтұрсынұлының «бес дауыс-ты»
жүйесін,   біздіңше,   осылай   түсінуге   болады.   «Бес   дауысты»
жүйесімен   әліпби   түзе   келіп,   осы   бес   инвариант-фонеманың
әрқайсысын   бір-бір   әріппен   белгілейді.   Ал   инварианттардың
варианттары   үшін   бас-басына   әріп   алмай-ақ,   дәйекші   арқылы
жуан немесе жіңішке әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасай-ды.
Сонымен   А.Байтұрсынұлы   әліпби   жүйесінің,   түптеп   кел-генде,
қазіргіден   өзгешелігі   әріптердің   фонемалық   мәнді   бере  отырып,
дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін) білдіріп, біте қайнасып
тұрған   ішкі   құрылымдық   ерекшелігінде.   «Біте   қайнасқан»   бұл
ерекшелік қазақ тілінің сингармонизм жүйесімен ерекше үйлесім
табады».
Ал   Байтұрсынұлы   өз   реформасы   жайында   1912ж.   бы-лай
түсініктеме берген: «Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі-мұсылманша
оқу,   бірі   –   русша   оқу.   Осы   күнгі   жазуымызда   ды-быс   басына
арналған   белгіміз   жоқ,   бір   белгіменен   әлде   неше   түрлі
дыбыстарды жазамыз. Мысалы: ﻭ менен жазамыз бес түрлі
196
197

дыбысты,  ﻯ  мен   жазамыз   үш   түрлі   дыбысты.   Сондықтан   әуелі
жазуымыздың тәртібін түзетіп жөнге салсақ. …бұл дыбыстардың
ішінде  қ  һәм  ғ  дәйім жуан айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр
қайсысы екі түрлі айтылады, бірде жуан айтылса, бірде жіңішке.
Егер де бұл 19 дыбыстың жуан айтылғанына бір харіф, жіңішке
айтылғанан бір харіф керек десек, мысалы: ص , س ,ﺕ ,ط сықылды,
онда   19   дыбысқа   38   харіф   керек   болар   еді.   Бұған   дәйім   жуан
айтылатұғын  қ  менен  ғ-  ларды, дәйім жіңішке айтылатұғын  к,  г
һәм  е    лерді   қосқанда,  һәммәсінә  43  әріп   керек   болар   еді.   …
Дауыссыз дыбыстар үшін біз мынау әріптерді алып тұрмыз: ﺏ

ﻥ , م , ﻝ , گ , ﻙ , ف , غ , س , ﺯ , ﺭ , ﺩ , ﭺ , ج , ﺕ , ﭗ 
Мұнан көрінеді,
осы қазақ сөзіне көбінесе жазылып жүрген 
ص 
менен 
ط – 
ларды
алмағанымыз.  Екі түрлі айтылатұғын дыбыстардың  әріпін «

»
тұрмаса   жуан   оқимыз.   Бұлай   боғанда  
ﺕ  – 
ны   «

»   тұрмаса  
ط
сықылды жуан оқимыз. Сондықтан 
ﺕ 
болған соң 
ط
– ның, 
س 
болған соң 
ص – 
ның һәм 
ج 
болған соң 
ژ – 
ның керегі
жоқ. … мұнан басқа араб харіфлері араб, парсы я басқа түркі
тілдеріне керек болса да, қазақ сөзін жазу үшін керегі жоқ. ….

– ны алмай  
ﭺ  –  
ны алғанның мәнісі қазақ тілінде жазылған
кітаптарды,   журналдарды   қарасақ  
ﺵ 
жазылған   қазақ   сөздері
тіпті аз, жоқ есебінде. Көбінесе 
ﺵ 
орнына 
ﭺ 
жазылыпты. 
ﺵ 
ды-
бысы қай тілде болсада 
ﺵ – 
дан гөрі 
ﭺ – 
ға жақын.. Сондықтан

дыбысының белгісіне  
ﭺ  –  
ны алдым.  
ق 
һәм  
غ 
жазылатұғын
сөздің   алдына   «

»   қойылмайды.   Оны   қойғанменен   олар
жіңішке айтылмайды. 
ﻙ 
һәм 
گ 
жазылатұғын сөздердің алдына «

» қойылмайды, ол қойылмаса да бұлар жіңішке айтылады».
Пысықтау сұрақтары:
1.Төте жазудың алдыңғы екі жазудан басты айырмашылығы неде?
3. Төте жазуда неше әріп неше фонеманы таңбалаған?
4. Төте жазуда дауыстының таңбасы неге аз?
5. Төте жазумен қай еңбектер жазылды?
6. Төте жазу туралы орыс және қазақ зиялыларының пікірлерінен
не түюге болады?
7. Төте жазудың қандай олқылықтары болды?
Оқуға арналған материалдар
А.Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы
Сан   ғасырлық   тарихы   бар,   өркениетті   әлемге   кеңінен
тараған араб, латын, кирилл т.б. әліпбилер әрқашанда ондаған
тілдің жазба түрде қызмет етуіне негіз болып, жалпы адамзат
мәдениетінің   дамуына,   қоғамдық   ілгерілеуіне   ерекше   ықпал
етті.   Олардың   біреуі   «жақсы»,   «керемет»,   екіншісі   «түкке
тұрғысыз», ‹‹нашар», деп үзілді-кесілді «үкім» шығаруға бол-
майды.   Мұндай   үкім   әліпби   туралы   айтыс-таласта   бұрын   да
көп айтылған, қазіргі кезде де аз айтылып жүрген жоқ. Әрине,
белгілі   бір   тілдің   дыбыстық   құрылымына   негізделген   әліпби
жүйесін екінші бір тілге механикалық тұрғыдан көшіре салу оң
нәтиже   бермейді:   ондай   графикалық   жүйені   игеру   үшін
мыңдаған   адам,   мейлі   араб,   мейлі   латын,   мейлі   кирилл
әліпбилері болсын, артық уақыт, артық күш-жігер жұмсайды.
Сондықтан   мәселе   белгілі   бір   әліпбиді   нақты   бір   тілдің
дыбыстық жүйесіне лайықтап бе-руде болып отыр.
Әсіресе, XIX ғасырдың аяғы мен XX басында ағартушылар,
белгілі   түркітанушы   ғалымдар   жазу-сызуды   реформалау
қажеттілігіне айрықша назар аударып, демократиялық бағытқа
қарай бетбұрыс жасауды көздеді.
Жазу-сызуды   демократияландырудың   негізгі   мәні   жазуды   ба-
рынша   халық   тіліне   жақындату  еді.   Жазу  жүйесіндегі   таңбалар
ауызша тілдің дыбыстық жүйесіндегі бірліктерді бейнелеуге тиіс
болды.   Ал  бұрынғы  араб  әліпбиіне   негізделген   түркі  жазуының
графикалық   жүйесінде   ауызша   қолданыста   жоқ   архаикалық
элементтер   мен   орфографиялық   шарттылықтар,   екұшты   оқуға
болатын   графемалар   жиі   кездесіп   отырады.   Міне,   мұндай
«олқылықтар››   араб  әліпбиінің   түркі  тілдерінің  дыбыс жүйесіне
жарамсыз деген пікірлердің жиірек айтылуына себеп болды. Бұл
жерде   араб   әліпбиін   ‹жарамсыз›   деуден   бұрын,   алдымен   араб
әліпбиіне   негізделген   түркі   жазуы   қайсы   тілдің   дыбыстық
жүйесінің   графикалық   репрезентанты   деген   мәселенің   басы
ашылмаған   болатын.   Шындығында,   ол   кездегі   түркі   жазба   тілі
белгілі   бір   халықтық   тілдің   (‹‹тірі››тілдің)   лексикалық,граммати
калық,   дыбыстық   жүйесінің   дәлме-дәл   графикалық   манифеста-
циясы емес, халықтық тілден едәуір айырмасы бар кітаби тілдің
тұрпат межесін (план выражения) белгілейтін графикалық жүйе
198
199

болатын.   Сондықтан   ол   кездегі   тілдік   жағдаятты  гомогенді
диглоссия деп тануға болады. XIX-XX ғасырларда гомогенді
диглоссия   жағдаятты   ағарту  ісін   қалың   бұқараға   қарай   бұру
ісіне   қиындық  келтіре   бастады.   Жазу-сызуды   аз  ғана   топтың
емес, жалпы жұршылдық игілігіне айналдыру мақсаты тұрды.
Жалпы   жұртшылдықтың   сөйлейтін   тілінен,   оқыған   сауатты
адамдар   қолданатын   кітаби   тіл   жүйесінің   едәуір   айырмасы
болды. Осымен байланысты барлық ағартушылыр алдында екі
түрлі   бағыт   тұрды.   Бірі-бұрынғы   кітаби   тілдің   жазу  жүйесін
өзгертпей –ақ халықтық тілдің элементтеріне кеңіне жол ашу;
екіншісі-жазу-сызуды ауызша тілдің жүйесіне лайықтап жасау,
яғни жазу-сызу жүйесін түбегейлі реформалау еді.
Қазақ қоғамындағы араб жазулы рухани дүниенің бәрін ‹‹та-
тарша››,   «тілі   шұбарланған»,   «таза   емес»,   араб,   парсы
сөздерімен   шұбарлаған   деп,   қазақтың   ескі   жазба   тілі   (кітаби
тілі)   деп   атала-тын   рухани-мәдени   феноменді   халық   тіліне
қарсы қойды. Бірін даттап, екіншісін мақтады.
Қазақтың ескі кітаби тілінің құрылым жүйесінде кездесетін
а) архаикалық белгілерді, ә) қарлұқ-ұйғыр, б) оғыз-қыпшақ, в)
қыпшақ   элементтерін,   г)   орфографиялық   шарттылықтардың
бәрін   «татардікі»,   «қазақтікі»   емес   деп   уағыздайды.   Сол
уағызға   ерген   кейбір   қазақ   оқығандары   қазақтың   ескі   жазба
тілін «татар-щина», «арабщина» деп жағымсыз реңмен атады.
Араб әліпбиіндегі әріптер дауыстыларды  таңбалауға  кедей
болса, орыс әліпбиі дауыссыздарды таңбалауға жеткіліксіз бо-
лып шықты.
Бірақ   сол   үлгілердің   бәріне   ортақ   кемшілік-қазақ   тілі
фонологиялық   жүйесінің   жыға   танылмауымен   байланысты   еді.
Сонымен,  қазақ   жазуына   реформа   жасаушылардың   алдында   не-
гізінен  мынадай   басты  міндеттерді   шешу  күн   тәртібінде  тұрды:
қазақ жазу-сызу қай тілдің графикалық формасы болуы керек?
Уәли Нұргелдінің «Ұлттық рухтың ұлы тіні» кітабына 
жарияланған мақаласынан үзінді.
А.Байтұрсынов және қазақ тілінің фонологиясы
...А.Байтұрсынов   мүлдем   жаңа   графика   жасау   мәселесін
көтерген   жоқ.   Ол   араб   графикасын   қазақ   тілі   дыбыс   жүйесінің
статикалық және динамикалық ерекшеліктеріне сәйкес реформа-
ландыру мәселесін көтерді. Яғни, қазақ жазуының графикалық
базасы   баяғы   –   арабша,   бірақ   бұған   жаңа   көзқарас   ендірілу
арқылы   әріп   пен   дыбыстың   қарым   қатынасы   сингармофоне-
маграфия   ұғымына   негізделіп,   қазақ   әліпбиі   мен   орфографиясы
қазақ   сөйлесім   процесінің   барлық   қасиеттеріне   бейімделеді.
Алфавитке   (қолданылып   жүрген   әріптер   негізінде)   қосымша
таңбалар ендіріледі. Олардың қазақ көзімен қабылдануы дәстүрлі
(арабша) болуы керек. Қазақ алфавиті мен қазақ орфография-сын
жасағанда осындай шарттарды медеу тұту міндеттілігінің себебі –
араб   жазуының   қазақ   даласына   дінмен   (исламмен)   бірге
келгендігінде.   Жазу   және   дін   халықтың   сана   сезімінде
бөлшектенбейтін бір бүтін ұғым, сондықтан қазақ еліне бүгінде
басқа графиканы немесе басқа графиканың элементтерін енді-ру
мүмкін емес. Сол себептен ең объективті, ең ұтымды шешім
– араб графикасын қазақ дыбыс қорының қасиеттеріне бейім-
деп, қазақ алфавиті мен қазақ орфографиясын жасау. Мұндай
жаңашыл, үлкен жобаға негіз болған ғылыми жағдайлар мына-
лар еді:
1. Қазақ   тілінде   керекті   нақты   әріптер   санын   анықтау  үшін
қазақ индивидінің ойындағы (басындағы, сана-сезіміндегі, ой-лау
қабылетіндегі) сингармофонемалардың (И.А.Бодуэн де Куртенэнің
пікірі   бойынша   психофонемалардың)   психологиялық   бейнелерін
(психобейнелерін)   және   сол   сингармофонемалардың
сингармопозициялық түрлерін нақты анықтау.
2. Сингармофонема – сигармодыбыстар қоры, сөйлесім (ды-
бысталым) процесінде сингармопозициялық түрлерінде дыбыс-
талынады (реализация- ланады).
3. Сөз құрамында дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстарға
тәуелді:   егер   дауысты   дыбыстар   сингарможуан   болса,   онда
дауыссыз   дыбыстар   да   сингарможуан   болады;   егер   дауыс-ты
дыбыстар   сингарможіңішке   болса,   дауыссыз   дыбыстар   да
сингарможіңішке болады.
4. Сингарможіңішке дыбыстың жіңішкелігін арнайы таңба
–   дәйекшемен   белгілеу.   Дәйекше   сөздің   алдында,   бірінші
әріптің   биіктігінің   деңгейінде   жайғасады.   Дәйекше   сөз
құрамындағы   да-уысты   және   дауыссыз   дыбыстардың   және
сөздің толық жіңішке дыбысталуын білдіреді.
5. Жаңа   алфавит   құрамына   араб   графикасынан   басқа
графикалардың таңбаларын, таңбалау элементтерін ендірмеу.
6. Сингармофонемалық  алфавитке  араб  графикасының  не-
гізінде жасалған жаңа әріптерді ендіру және араб жазуына тән
200
201

қосымша   таңбаларды   қолдану:   нүкте,   нүктелер,   үтір;   тура,
имек,   дөңгелек,   т.б.   сызықтар.   Қосымша   таңбалар   әріптің
негізгі таңбасының үстінен, астынан, сол жағынан немесе оң
жағынан орын алады.
7.   Араб   тілінде   артикуляциялық   және   акустикалық   экви-
валенттері   жоқ   қазақ   сингармофонемаларын   жазуда   таңбалау
үшін   араб   графикасының   негізінде   жасалған   жаңа   әріптерді
қолдану.
8. Қазақ тілінде артикуляциялық және акустикалық эквива-
ленттері   жоқ   араб   дыбыстарының   (фонемаларының)
таңбаларын сингармофонемалық алфавитте пайдаланбау.
9. Араб  графикасының  әрбірі  –  таңбалар  қоры.  Сөз
құрамындағы  позициясына
байланысты  бір  әріптің  негіз-
гі  көрінісі  (сурет  бейнесі)
өзінің  бірнеше  варианттарында
(графикопозициялық түрлерінде, нұсқаларында) жазылады.
10. Түсініктілік.
11. Жеңілден – қиынға.
12. Белгіліден – белгісізге.
Алфавит   пен   орфографияны   сингармофонологиялық
көзқарастың негізінде жасау қазақ тілі әрпі санының үнемделуіне
(көп болмауына) себеп болды. Яғни А.Байтұрсынов жасаған қазақ
тілі алфавитінің құрамындағы әріптер саны алдымен 24 таңбадан
және 1 дәйекшеден құрастырылады. Қазақтың сингармоникалық
сөйлесімінің   барлық   қасиеттерін   жазылым   процесінде   толық
қамту үшін осы 24 әріптен және 1 дәйекшеден тұратын алфавитті
таңбалар саны жеткілікті болды.
...А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша дүниеге келетін қазақтың
жаңа   графикасы,   әліпбиі   және   орфографиясы   қазақ   тілі   дыбыс
қорының сөйлесім процесіндегі сингармониялық қасиеттерін дәл
көрсететін   болу   керек.   Бұл   ойды   іске   асыру   үшін,   біріншіден,
қазақ
 
индивидінің
 
басындағы
 
сингармофо-немалар
психобейнелерінің   санын,   екіншіден,   оларды   жазы-лымда
белгілейтін   нақты   таңбалардың   санын   анықтау   керек   еді.
А.Байтұрсыновтың   бұл   көзқарасының   негізін   іздейтін   болсақ,
онда   әліпби   авторының   алфавит   пен   орфографияны   жасаудың
жоспарын  түзгенінде-ақ,  фонологияның   маңызды   принципі   – әр
фонемаға – әріп принципін медеу тұтқандығы айқын байқалады.
Яғни А.Байтұрсыновтың бұл мәселені ше-шудегі негізгі ғылыми
бағыты – жеке сингармофонемаға – жеке әріп (жеке таңба) түсінігі
еді. Осындай биік ғылыми көзқарас
А.Байтұрсыновтың сингармоалфавит пен сингармоорфогра-фияны
жасау   үшін   тілді   ұзақ   әрі   тыңғылықты   зерттеп   дайын-дау
барысында   оның   ұтымды   жолдарын   қарастырумен   қатар,   қазақ
(жалпы   түркі)   тілі   әлемінің   өмір   сүру   дағдысына   бейімдей
түскендігін   дәлелдейді.   Сингармофонологиялық   көзқарасты   не-
гізге   алғандықтан   тілдегі   сингармофонемалар   санын,   олардың
позициялық   сингармотүрлерін   анықтауға,   сингармофонема-ны   –
сингармодыбыстар   қоры   деп   түсінуге,   сол   дыбыстар   қорын
(фонеманы) бір әріппен таңбалауға  мүмкіндік  туды.  Бұл жағдай
жазылымда   бірнеше   сингармофонемаларды   бір   әріппен
белгілеуден   және   бір   сингармофонеманы   бірнеше   әріппен
таңбалаудан   құтылу   мүмкіндігін   дүниеге   әкелді.   Консонантизм
құрамында   А.Байтұрсынов   сингармоезужан   дыбысталатын  [ғ],
[қ]-ларды және сингармоезужіңішке дыбысталатын  [к], [г]-лерді
дербес   сингармофонемалар   ретінде   ажыратады.  Ал  вокализм
құрамында   сингармоезужіңішке   дыбысталатын  [е]-ні   дербес
сингармофонема   ретінде   анықтайды.   Осы   үш   син-гармофонема
А.Байтұрсыновтың   классификациясы   бойын-ша   сингарможуан-
сингарможіңішке   корреляциялық   жүйеден   тыс   тұрады.   Яғни  /ғ/
және
 /к/ 
тек   сингарможуан   ретінде   ды-бысталады
(сингарможіңішке   сыңары   жоқ),  /г/  және  /к/  –   тек
сингарможіңішке дыбысталады (сингарможуан сыңары жоқ); /е/ 
тек сингарможіңішке дыбысталады (сингарможуан сыңары жоқ).
Жүсіпұлы М. «А.Байтұрсынов және қазақ тілінің 
фонологиясы» (Алматы, 1998) еңбегінен.
10-семинар. Төте жазудың (А.Байтұрсын әліпбиінің) 
графика-емлелік ерекшеліктері
Емлені тұрақтандыру.  Қазақ емлесінің осы күнгі орфограм-
малары   А.Байтұрсынұлы   жазуында   тұрақтанды.   Атап   айтқанда,
ескіқазақ   жазба   тілінде   дәстүр   болған   қосымшалардың   бір   ин-
вариант   формамен   жазылуын   алғаш   А.Байтұрсынұлы   өзгертеді:
«Ең   әуелі   біздің   қисық   көрінетін   емлеміз...   үш   түрін   жазғанша
-лар деп бір-ақ түрін жазса болмай ма? деген. [22, 100 б.].
Бұрынғы араб графикасынан қалған жазу емлесі қосымша-
лардың барлық түркі халықтарына ортақ бір ғана вариантын
202
203

(инвариантын) жазып, әр халық өз тілінің ауызша  жүйесімен
әрқалай оқып жүрсе, ол жергілікті ерекшелігі көп бір тіл ішін-
дегі әдеби норманың жазылуы сияқты болды. Ендігі жерде әр
ұлттың дербес жазу-сызуы болған күнде “туысша” жазу при-
нципін сақтаудың қажеті жоқ екенін сезген А. Байтұрсынұлы:
“Түркі халықтары сөз төркінімен емес, халықтың сөйлеу тілі-
мен санасуы  керек ” деді. Сондықтан “Көптік  лар-ды қалған
варианттарының орнына жазу қараймын, сөйлеймін деген соң
бараймын болмаса, малдай, малда деген соң малындай, малын-
да деп, болмаса маллар, нанлар, атлар деп неге жазбаймыз де-
генмен бірдей” деп, тіл қатынастарын бір деңгейде қарастыру
керектігін айтады.
Бұған қарсылар да көп еді, мысалы, И.Бейсенұлы: «-мақ, - мек,
-бақ, -бек  қаріптерін қандай қатты естілсе де  -пақ, -пек  деп  жазу
жарамас: қайтпақ, кетпек деп жазу жарамас. -Лар, -лер, -дар, -дер
қаріптері қандай қатты естілсе де  -тар, -тер  деп жазу  жарамас.
Қалмақдар, қазақдар деген сөзді қалмақтар, қазақтар
деп жазу жарамас. -Дан, -ден, -нан, -нен адаттарын  -тан, -тен
деп жазу жарамас» [22, 138 б.]деген.
Екінші, А.Байтұрсынұлы дәстүрлі жазба тілде қолданылған
туыс жүйелі емледен гөрі “табиғат қалауынша” жазу, яғни
атасыға, атыға, қолыға орнына атасына, атына, қолына деп
жазуды дұрыс көрді. “Хасыл кәләм менің ойым: сөз жазылу ке-
рек айтылатұғын түрінше, яғни сөз ішінде қай дыбыс естілсе,
сол дыбыстың әрпін жазу, естілген дыбыстың әріпі жазылмай
басқа әріп жазу керек болса, не үшін ол керекті ғылым наху я
ғылым   сарф   жолыменен   ыспат   етілсін”   дейді.   Сондықтан
ғалым   бірінші   әліпбиді   жөндеу   керек,   әліпби   жөнделмесе
емледе ала-құлалық басталады. Ал “әліпби деген асылына адам
ақылы жетпейтін нәрсе емес. Әліпбиде бірден мәдениет түрінің
төбе   басына   шығарып   жіберетін   адам   білместей   айрықша
қасиет те, жасырын сыр да болмасқа тиіс” деп санады.
Ал ғалымның “Сауаты ашылған адам жазылған, я басылған
сөзді   әрпіне   қарап   оқымайды,   бүтін   тұрған   сүгіретін   танып
оқиды. Таныс адамды көргенде мынау пәленше, анау түгенше
деген сияқты әр сөзді тұрпатына қарап танып айтады” дегенін
тілдің   таңбалық   сипатын   жазуға   да   қолдану   керек,   ауызша
тілдің өзгерістеріне сай жазу емлесін өзгертудің перспективасы
жоқ деп түсінуге болады.
Үшінші, ғалым ерін үндесіміне қарағанда қазақ тілінде тіл
үндесімі   жетекші   қызметте   екенін   пайымдап,   лингвалды
сингар-манизмге   жазуда   доминанттық   сипат   береді.   Сөйтіп,
өзге түркі тілдері ішіндегі қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін
анықтап, орнын айқындайды.
А.Байтұрсынов әліпбиінің фонологиялық негіздерін, ондағы
“инвариант-вариант” қисыны бойынша “әріптердің фонемалық
мәнді бере отырып, дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін)”
білдіріп, біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігін
кезінде   проф.   Н.Уәли   өзінің   “Қазақ   графика-сы   мен
орфографиясының   фонологиялық   негіздері”   атты
диссертациялық еңбегінде дәлелдеді. Онда Бодуэн де Куртенэ,
Л.В.Щерба   салған   жалпы   жазу   теориясының   фонологиялық
негіздері   А.Байтұрсынұлының   “бес   дауыстыға”   құрылған
жазуындағы әріптердің белгілі бір фонеманы таңбалай отырып,
оның жуан-жіңішке екі тембрін қоса бейнелейтін сингарможа-
зуында көрініс тапқаны алғаш рет айтылған-ды.
А.Байтұрсынұлы сөздің   бірыңғай  жуан,  не  бірыңғай  жіңішке
айтылатыны   басқа   дыбыстық   заңдылықтарға   қарағанда   жап-пай
қамтитын   құбылыс   екенін   пайымдайды.   Және   ол   жуан-
жіңішкелікке   “жетекшілікті”   дауысты   дыбыстарға   береді.   Осы
белгілерді байқай отырып, ғалым 43 дыбысты мүмкіндігінше аз
әріпке сыйдыруды қарастырады: “Дауысты дыбыстар сөздің жаны
есебінде,   дауыссыз   дыбыстар   һәм   жарты   дауысты   ды-быстар
сөздің тәні есебінде. Тәнді жан қандай билесе, дауыс-ты дыбыстар
басқа дыбыстарды сондай билейді; яғни дауысты дыбыстар жуан
айтылса,   дауыссыз   я   жарты   дауысты   дыбыс-тар   да   солай
айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, басқа дыбыстар
да   жіңішке   айтылады.   Бұлай   болғанда   дауыс-ты   дыбыстардың
жуан-жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, басқа дыбыстардың
да   жуан-жіңішке   айтылатындығы   да   айрылғаны.   Дауысты
дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады, мысалы:
аз,  оз,  ұр,  сары. Бұлардың жіңішке ай-тылатын орнын айыратын
белгі  аламыз ()-ні дәйекші.  Бұл  белгі  сөздің  алдында дәйекшіге
тұрып, ол сөздің жіңішке оқылмағын хабарландырады, яғни бұл
белгі тұрған соң, сөздің ішіндегі дау-ысты дыбыстарды жіңішке
айтамыз.   Дауысты   дыбыстар   жіңішке   айтылса,   олардың
қатарындағы   басқа   дауыссыз   я   жарты   дауыс-ты   дыбыстар   да
жіңішке   айтылады,   мысалы:  арман-әрмен,  тор-төр,   тұр-түр,
жоны-жөні.  Жіңішкелік  үшін жалғыз ғана белгі  алып, 43 түрлі
дыбысты 25 белгімен дұрыстап жазуға болады”.
204
205

Мысалы: (қала),‘пале (пәле), ‘ыш (іш), ‘шайнек (шәйнек),‘ан
(ән) т.б.
Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы алғаш рет қазақ жазуындағы әріп-
дыбыс   қатынасы,   <у>,   <ұ>,   <ү>,   <ы>   фонемаларының
орфографиялық ерекшеліктері, қазақ орфографиясының негізгі
принциптері айқындалды.
Дегенмен, алғашқы әліппенің олқылықтарын да білген жөн.
Олар мыналар: 1) «ы» таңбасы «и» таңбасымен бейнеленді.
2) «ұ» дыбысы мен «у» дыбысы бір ғана таңбамен «ұ» мен
бейнеленді. М: оқұ құралы, тұұады (туады);
3) басы артық «а» таңбасы қыстырылып жүрді: Әүлкен
(үлкен), әүчүн үшін;
4)
ы, і дыбыстары жазылмай қалып отырды. Жатр (жатыр),
бр (бір), жртық (жыртық);
5)
қазақ әліппесінен шығарып тасталған араб әріптері шет тіл-
ден (араб, парсы) ауысқан сөздерде әлі қолданудан шықпады;
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет