Кенжеш əлдене деп былдырап біресе əкесінің біресе шешесінің тізесіне асылады



Дата16.05.2023
өлшемі24,42 Kb.
#93836

1. Сөйлемге қандай тыныс белгісі қажет?
Кенжеш əлдене деп былдырап біресе əкесінің біресе шешесінің 

тізесіне асылады.
а) сұрау белгісі
ə) нүктелі үтір
б) нүкте
в) үтір
2. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерінің негізгі қызметі: 
а) сөздердің мағынасын, қызметін даралау
ə) сөйлемді тиянақтау
б) ойды тұжырымдау
в) жетекшілік қызмет
3. Нүктелі үтір негізінен қай сөйлем мүшесіне қатысты қойылады?
а) бастауыш
ə) баяндауыш
б) анықтауыш
в) толықтауыш 
4. Адамның жаманы мылжың, жақсысы жомарт. Жетіспей тұрған 
тыныс белгісін тап. 
а) үтір
ə) нүктелі үтір
б) сызықша
в) жақша 
5. Автор сөзі төл сөзден бұрын келген жағдайда автор сөзінен кейін 
қойылатын тыныс белгісі: 
а) қос нүкте
ə) сызықша
б) үтір
в) ешқандай тыныс белгісі қойылмайды
6. Қандай тыныс белгісі жетіспей тұр? Есен. Өкінбе! Сен адал дəрігер 
екеніңді таныттың!.. Нəзипа терезе жақтауына сүйеніп тұрып қалады.
а) нүкте
ə) қос нүкте
б)сызықша
в) жақша 

7. Иə, жобаға келеді, мына «данышпан қыз» дұрыс айтып отыр. 
Тырнақшаның қойылу себебін анықта 
а) ажуа
ə) кері мағына
б) тура мағына
в) басқа біреудің сөзі 
8.  Жаны тəттілердің атын аударамыз, қамшы береміз. 
Қандай тыныс белгісі жетіспей тұр? 
а) жақша
ə) тырнақша
б) нүкте
в) көп нүкте 
9.Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан 
қойылатын тыныс белгісі: 
а) сызықша
ə) қос нүкте
б) нүкте
в) көп нүкте 
10.Қайталанып келген жалғаулық шылаулар арқылы байланысқан құрмалас 
сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгісі: 
а) үтір
ə) нүкте
б) нүктелі үтір
в) көп нүкте 
11.Қате қойылған тыныс белгісін тап:
а) Абай кемеңгерлікке жетудің ізгі жолы мен қиын жолын таңдады.
ə) Ақыл ісі аңдау.
б) Қос аққу бізге жақындап қалды.
в) Сұлу қарағайлар сылаң қағып бой түзеді.
12.Қате қойылған тыныс белгісін тап
а) Бұл жиында Ызғұтты,, Жақып, Майбасар сияқты үлкендер жəне 
балалардан Құдайберді, Абай бар.
ə) Сен өзің тіпті ірі сөйлейді екенсің ə
б) Абай да мол құшағын кең ашып, Əбішті құшағына алды.
в) Əкем жауабы қысқа қайырылды. 
13. Қате қойылған тыныс белгісін тап:
а) Ол кісіге қосылып бұлақ аршуға біз де кірісеміз.
ə) Адамды адам түсінбеу бір ақырет
б) Өзен бойын қуарған ағаштардан тазартуда 
в) Ой, айналайындар, шаршап қалған боларсыңдар? 
14. Қате қойылған тыныс белгісін тап
а) Ілініп тұр тауларға, Дамылдап тірлік қалған ба?!
ə) Ғажайып қой туған жер!
б) Арманға қол созым қалды.
в) Жақыныңды жаралама? 
15. Қате қойылған тыныс белгісін тап:
а) Қазақ əдебиеті газетінде ұзақ жылдар қызмет атқарды.
ə) Біраздан кейін маужырап, басым көпшілігі ұйқыға кетті.
б) Əуезов басын шайқады.
в) Сұлу қарағайлар сылаң қағып бой түзеді. 
16.Сызықша қойылатын жерді көрсетіңіз.
А) Бірыңғай мүшелердің арасына қойылады.
Ә) Одағайдың екі жағынан қойылады.
Б) Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзден кейін қойылады.
В) Сан, уақыт, кеңестік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қойылады.
С) Кезектес салалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына қойылады.
17.Сұрау, леп белгілері қандай жағдайда жақшаға алынады?
А) Ұранды сөйлемдерден соң.
Ә)Талас, күдікті мәселе екендігін көрсетіп, оқушы назарын аудару үшін.
Б)Дәйексөздің авторын, шығарманың атын көрсеткен кезде.
В) Келтірілген мысалды санамалап көрсеткен жағдайда.
С) Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмелері.
18.Астарлы кекесін мәніндегі сөзге байланысты қойылған тырнақшаны табыңыз.
А) Сұлтанмұрат пен Қадиша кезектесіп айтып,бір кезде “Екі жиренге” қосылып кетті.
Ә) Арсыздыққа ауыздандыратындар - “абыройлы” ағайлар.
Б) “Ынтымақ түбі – береке” деген мақалды білемісің?
В) Ол маған осы “Терек пен қызыл гүлді” айтып берді.
С) Жұрт елеңдеп, “бұл кім болды екен кешігіп жеткен”, “мықтылардың бірі ғой, тегі” десіп, жігітке қарасты.
19.Қай сөз жақшаға алынатынын анықтаңыз.
Ербол. Қуанып тұрып. Жолдастар, біз жеңеміз.
A) Ербол
Ә) Жолдастар
Б) Біз
В) Қуанып тұрып
С) Жеңеміз
20. Жақша неліктен қойылғанын анықтаңыз.
Махмұт (әкем) – 1870-1941 жж өмір сүрген.
А)Белгілі бір сөздің мағынасын түсіндіргендіктен.
Ә)Бірыңғай мүшелер.
Б)Оңашаланған айындауышқа қатысты.
В) Цитатаның авторы кім екендігі көрсетілген.
С)Авторлық ремарка болғандықтан.
21.Сұраулы сөйлем көңіл-күйімен байланысты айтылса қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
А) Сұрау, леп белгісі

Ә) Қос нүкте, сызықша


Б) Нүкте, көп нүкте
В) Дефис, тырнақша
С) Үтір, сызықша
22.Қай жерге тыныс белгілері қабаттаса қойылады?
А) Сөйлем ортасында

Ә) Автор сөзінен кейін


Б) Сөйлем басында
В) Қаратпа сөздің екі жағына
С) Сөйлем соңында

23.Қай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылмайды?


А) Бастауыш(Зат есім)―Баяндауыш(Зат есім)
Ә) Бастауыш(3-жақ жіктеу есімдігі)―Баяндауыш(Зат есім)
Б) Бастауыш(Зат есім)―Баяндауыш(Сын есім)
В) Бастауыш(Тұйық етістік)―Баяндауыш(Зат есім)
С) Бастауыш(Сан есім)―Баяндауыш(Сан есім)

24.Жақша қашан қойылады?


А) Жақша сөйлем ішіндегі белгілі бір сөздің мағынасын немесе ойға қатысты басқа бір ойды жол-жөнекей түсіндірген жағдайда қойылады.
Ә) Белгілі бір цитатаның кімнен алынғандығын білдіру үшін, соңына оның аты жақшаға алынып жазылады.
Б) Қосарлы айқындауыш жақшаға алынады.
В) Кейде сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, талас, күдікті болса, сол сөзден не сөйлемнен кейін қойылатын сұрау, леп белгілері жақшаға алынады.
С) Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмелері жақшаға алынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет