Кәсіби мәтіннің термин жүйесі. Салалық және кәсіби-бағдарлы терминдер



Дата17.03.2023
өлшемі17,22 Kb.
#75143
Байланысты:
Казахский язык. Тема 29 2


Кәсіби мәтіннің термин жүйесі.
Салалық және кәсіби-бағдарлы терминдер.
Термин сөз бен оның жасалуына негіз болған термин емес сөздің мағыналарын құрайтын ортақ семаларды анықтауға болады, ал семалар ортақтығы термин сөз бен оның жасалуына негіз болған жалпы қолданыстағы сөз мағыналарының арасындағы байланысты көрсетеді.
Мысалдар: ток көзі, қоректену көзі, хабар, желі, кесте, кіріс-шығыс жолдары, жоба, өрнек, тінтуір т.б.
Аналитикалық тәсіл:
1. Сөзқосым тәсілі:
а) Радиобайланыс, теледидар, автотербеліс, электржабдық, электронсызба, фазаыдыратқыш, фотокедергі, ультрақысқа, ультрадыбыс, термореттегіш, телеорталық, магнитөткізгіштік, инфрақызыл т.б.
ә) Ұзынтолқындық, аратісті, сүйірбағытты, бастиек, бейнебастиек, бейнеүнжазба, шалаөткізгіш, дауысзорайтқыш, екісатылы, жарықсезгіштік, жылуалмасу, көпарналы, көпқадауышты, көпталшықты, қалааралық, қолжетушілік, жылутұрақтандырғыш т.б.
Келтірілген мысалдардан техниканың өскелең салалары – радиотехника, электроника, байланыс салалары бойынша бірігу тәсілі арқылы жасалған терминдердің  негізі радио, теле, автоинфра, ультра, магнит секілді халықаралық сөз бен қазақ сөзінің бірігуінен және қазақтың өз сөздері біріккенде, тірек сөз ретінде толқын, екі, бейне, дыбыс, көп, үн деген сияқты сөздер алынғанын байқаймыз.
2. Тіркестіру тәсілі: жүк кедергісі, сәуле ағыны, сәуле қабылдағыш, сәуле шоғырландырғыш, жіңішке түтікше сымдар, қуат күшейткіштері, сәйкестік кестесі, кіріс кедергісі, шыдам шегі, ығысу кернеуі т.б.
Демек, жоғарыда келтірілген мысалдарға сүйене отырып, ғылыми терминдердің тіркесу арқылы жасалуы электроника, байланыс салаларындағы өте өнімді тәсіл деп түйіндеуге болады.
3. Қысқарту тәсілі:
Оқулықтарда, әсіресе жиі кездесетіні – графикалық шартты қысқартулар. Және де сөз тіркестерінің бас әріптерінен қысқарған түрі көптеп кездеседі: ТК, ПӘК, СД, АТС, ИС, ЭЕМ т.б.
Қазір жоғары технологияға қатысты мұндай қолданыстар тек орыс тілінен енген сөздермен ғана шектелмейді. Мысалы, қазіргі кезде медицина т.б. салаларда жиі қолданылатын лазер сөзінің өзі – ағылшын тілінен аударғанда “жарықтық электромагниттік толқындарды күшейту” деген мағына беретін сөз (Light amplification by Stimulated emission of radation).
Тілші-ғалымдардың қысқарған сөздер жайлы пікірлерінің қайшылығына қарамастан, олардың әдеби тілде, әсіресе ғылым тілінде жиі қолданылатыны даусыз. Біз қарастыратын әдебиеттерде де олар өлшем атауы ретінде (Гц, А, Ом, В, Вт, м, см, км), күрделі атауларды қысқартып айту әдісі ретінде (лазер, СД – сәулелі диод; АТС – автоматты телефон стансасы т.б.) қолданылады.
Демек, ғылыми терминжасамда сөздердің қысқару арқылы жасалуының да өзіндік орны бар екендігіне талданған мысалдар арқылы көз жеткізуге болады.
Терминденудің аффикстік тәсілі
Қазақ тілі жалғамалы тіл болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі қазақ тілінде негізгі тәсілдердің бірі боп саналады.
Терминологиялық сөздіктен мысалды молынан келтіруге болады. Мысалы, -у: реттеу, дәлдеу, туралау, жаймалау, бұрмалану, бүркеу, бейнелеу, жаңғырту, тарату, баптау, айыру, торуылдау, ажырату, жиіліктік тығыздау, жолды ағыту, қоспа жалату, тұйықталу, ауытқу, дәнекерлеу, перделеу, пішімдеу, сәулелену, тармақтау, қанығу, тіркеу, тыну, хабарларды жалғау т.б.
Қазіргі терминжасамда ең өнімді тәсіл ретінде көзге түсіп жүрген -м, -ым, -ім жұрнақтары: айналым, орам, өлшем, құрылым, созылым, көрсетім (индикация) т.б.
Сонымен қатар, техника саласында бастауыш, баяндауыш терминдерінің үлгісімен жасалған терминдер де баршылық. Мысалы: жалғауыш, пішіндеуіш, орауыш, санауыш, дыбысқармауыш, есептеуіш, торуылдауыш, құрауыш, кодалауыш, іздеуіш, қадауыш, нысаналауыш, өлшеуіш, хабарлауыш т. б.
-қыш, -кіш, -ғыш, -гіш жұрнақтары арқылы жасалуы: түрлендіргіш, таратқыш, дыбыс тұмшалағыш, дірілдеткіш, бөлгіш, тұрақтандырғыш, түзеткіш, жіктегіш, іріктегіш, бәсеңдеткіш, шектегіш, көрсеткіш, ағытқыш, қосқыш, шалаөткізгіш, реттегіш, тежегіш, үдеткіш т.б.
-қы, -кі, -ғы, -гі: құрылғы, сүзгі, қондырғы т.б.
Тапсырмалар:
А) Анықтаманың конструкциясы
1. Не не деп аталады?
2. Нені не деп атаймыз?/ атайды?
3. Не дегеніміз не?
Өз мамандығыңызға қатысты анықтамалардың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларын осы үлгіге сәйкес өзгертіп айтып жаттығыңыз:
Үлгі: цифрлық құрылғы:
1) цифр түрінде көрсетілген дискретті ақпаратты түрлендіруге арналған құрылғы цифрлық құрылғы деп аталады;
2) цифр түрінде көрсетілген дискретті ақпаратты түрлендіруге арналған құрылғыны цифрлық құрылғы деп атаймыз/атайды;
3) цифрлық құрылғы дегеніміз  цифр түрінде көрсетілген дискретті ақпаратты түрлендіруге арналған құрылғы.
Ә) Мәтінді толық оқып шығып, сөздік жасаңыз.
Б) Мәтінде жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып, статистикасын көрсетіңіз.
В) Мәтінді толық аударыңыз.
Г) Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, ат қойыңыз.
Ғ) Әр бөліктің мазмұнына сай бірнеше сұрақ қойып, оларға жауап беру арқылы мәтінді өз сөзіңізбен баяндауға тырысыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет