Қарағанды медицина университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Мамандықты таңдау және мамандықты ауыстырудың жұмысбастылыққа әсері. Орындаған: Токкожаев Ж.Е.
Факультет: Стоматология- 1004
Тексерген: Әли М.Т.
Қарағанды 2023
Адамның ержеткен кездегі мамандықты таңдауы социологияда әлі де зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі. Ресей социологтарынан осы мәселемен айналысушы ғалымдардың ішінен Б.С.Братусты, С.Л.Дановскийді, В.С.Магунды, В.Е.Гимпельсонды, т.б. бөліп көрсетуге болады. Дәстүрлі көзқарас бойынша мамандық таңдау жеке адамның дамуының нақты кезеңіне, бозбалалық, жастық шаққа тән деп есептеледі. Одан әрі қарай адамның таңдап алған мамандығы бойынша мамандану процесі жүреді. Ал қазіргі кезде қоғамда жаңа мамандықтардың пайда болуы мен кейбір мамандықтардың жойылуы, не жұмыс орындарының қысқаруы, басқа жұмыспен айналысуға мүмкіндіктердің берілуі мамандықты таңдау тек қана мектеп бітірген жастарға ғана емес, орта буын өкілдеріне тән екенін көрсетеді. Батыс ғалымдары В.Врум, Д.Сьюпер, Дж.Хоманд индивидтің мамандықты таңдауының мотивтерін басқаша түсіндіреді. Мысалы, B.Врум жеке адамның мамандықты таңдау кезіндегі мінез-құлқының негізі оның кәсіби бағыттылығында деп есептей отырып, мамандықты таңдаудың келесі кезеңдерін бөліп көрсетеді:
Социологиядағы мамандық таңдау. Мамандық таңдау. Еңбек саласындағы орын ауыстыруларға адамдардың мамандықтаңдаудағы мінез-құлықтары әсер етеді. Мамандық таңдаудың екітүрлі моделі бар:
Бірінші-әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан барлық мамандықтар мен қызметтер тең, индивидтер өздерінің қабілеттеріне,тілектеріне қарай өздерін еңбектің бір түріне қарай бағыттайды. Екінші - қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан «жақсы»және «жаман» мамандық түрлері бар, адамдардың көпшілігі «жақсы» мамандықтарға бағытталады.
B. Врумның, Д. Сьюпердің, Дж. Холландтың теорияларындамамандықты таңдаудың мотивациясы мәселелері қарастырылады. В.Врум адамның мамандық таңдаудың келесі кезеңдерін бөліпкөрсетеді: