Кәсіпорынның еңбек құралдарын пайдаланумен тиімділігін талдау



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі76,35 Kb.
#13609
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
максат практика


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...............................................................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ..............................................................................................................................

1.1 Кәсіпорынның еңбек құралдарын пайдаланумен тиімділігін талдау......................................4

1.2 Еңбек өнімділігін талдау..............................................................................................................7

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.....................................................................................................................

2.1 Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы.......................................................................10

2.2 Кәсіпорын жұмысын және материалдық ресурстарын талдау..............................................11

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................................................13

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................................14

ҚОСЫМШАЛАР






КІРІСПЕ
Тұрақты экономикалық өсу жеке кәсіпорындардың (ұйымдардың) стратегиялық тұрақтылығымен қаржылық шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей байланысты болады. Ол үшін бизнес ортаның жоғары динамизмі мен қатаң нарықтық бәсекелестік жағдайы икемді басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіншілік беретін жаңа, сапалы қаржылық менеджменттің қажеттілігін анықтайды.

Оның негізіне қазіргі кезеңде экономиканың стратегиялық бағытын қабылдайтын экономикалық талдау жатады.

Компанияның менеджментімен қатар кәсіпорынның қызметінің экономикалық талдауымен бухгалтерлер, аудиторлар, қаржылық –кредиттік ұйымдар, салықтық органдар, жабдықтаушылар, сатып алушылар және басқа да серіктестік топтар айналысады. Осыған байланысты кең кәсіптенген экономистерді дайындау кезінде экономикалық талдауға үлкен мән беріледі, өйткені аналитикалық негіздеу кез - келген шешімдер қабылдауды болжайды, және басқару деңгейлерінің барлық менеджерлері аналитикалық құрал-саймандар мен аналитикалық рәсімдерін жүргізу әдістемесін жетік меңгеруі тиіс.

Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады. Қазақстанда оған I және II топтағы мүгедектерден басқа барлық еңбек жасындағы адамдар (16—63 жастағы ерлер, 16—63 жастағы әйелдер) және жеңілдік жағдайда жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлер, еңбек жасынан жоғары және төмен тұрған жұмыс істейтін адамдар жатады. 1999 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанда Еңбек ресурстары бүкіл халықтың 56%-дан астамы болды.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жагдайын талдау қажет. Тек терең және үқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға багытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Көптеген фирмаларға өздерінің ресми қабылдаған жоспарлау мен бақы-лау жүйелерін жетілдіру қажет екені айдан анық. Әртүрлі шешімдерді үздіксіз қабылдау жоспарлауды алмастыра алмайды. Фирма үшін жоспарлау көп жағдайда өткізу және табыс көрсеткіштерін жақсартатын жоғары сатылы жұмыс болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет