«Кім көп біледі» атты интеллектуалды ойын. Мақсаты



бет1/2
Дата30.04.2023
өлшемі67 Kb.
#88510
  1   2


«Кім көп біледі»
атты интеллектуалды ойын.
Мақсаты: Биология-химия пәні бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау,бекіту, оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру, тіл байлығын, ой ұшқырлығын, іздемпаздығын, шығармашылық қабілетін, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.Өз-өзіне сенімді, жеке-жеке қиындықтан шығуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дк экран, сандық, парақтар және т.б.
Ойынның барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Кіріспе сөз
Армысың, ағайын, көзкөрген, алдарыңызда жаратылыстану – математика онкүндігінің үшінші күніне арналған «Кім көп біледі» атты интеллектуалды ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.
Осы ойынның негізгі 9-10 сынып оқушылары қатысып, өз ой ұшқырлығын, білімдігін ортаға паш етпек. Қошеметтеп ортаға шақырайық. (музыка әуенімен шығады.)
Әрбір оқушы өз-өзін таныстырып шығады.
Біздің бүгінгі ойынымыз 8 кезеңнен тұрады.
1-кезең. «Иә және жоқ» бәйге сұрақтары.
2-кезең. «Әріптер сөйлейді»
3-кезең. «Кім тапқыр»
4-кезең. «Кім жылдам»
5-кезең. «Артығын тап»
6- кезең. « Дода» бейне сұрақ.
7-кезең. « Тауып айтқан –қауып айтады»
8-кезең. «Зерделілер әлемінде»
1-кезең. «Иә және жоқ» кезеңде оқушыларға сұрақтар беріледі.
1.Сутегінің валенттілігі бірге тең? (иә)
2. Н2О күрделі зат? (иә)
3.ең ауыр металл осмий? (иә)
4.SO3 негіздік оксид? (жоқ)
5.Ең жеңіл темір металл?( жоқ)
6. Алюминий металға магниттеледі?( жоқ)
7. Периодтық жүйедегі элемент109 саны бар? (иә)
8.темір қосылыстарындағы 6 валентті болады? (жоқ)
9.магний, кальций, стронций, барий сілтілік жер металдары? (иә)
10.6,023-1023Авогадро саны?(иә)
11. Қалыпты жағдайдың мәні 44,9л/моль? (жоқ)
12.Бейорганикалық қосылыстардың 5-ке жіктеледі(жоқ)
13. «Атом» сөзі грекше бөлінбейтін деген сөз.( иә)
14.Химиялық таңбаның алдына қойылады индекс ? (жоқ)
15.Германия елімен аталатын элементфранций?( жоқ)
16.Электртерістілігі жоғары бейметалл фтор? (иә)
17.күкірт қышқылының қалдығын сульфат деп атайды? (иә)
18. Период саны 8? (жоқ)
19.Атом құрамындағы электрондардың таңбасы оң болады.(жоқ)
20.Д.И.Менделеев түс көрген кезде ойлап тапты.(иә)
Осы арада ең аз ұпай алған оқушы ойыннан шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет