Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Жеке тұлғаның дүниетанымының қалыптасуының әдіснамалық және психологиялық негіздері



бет1/4
Дата05.05.2023
өлшемі56,52 Kb.
#90652
  1   2   3   4

14-дәріс. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі

Жоспар:

1. Дүниетанымның мәні, қызметі. 2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары

3. Жеке тұлғаның дүниетанымының қалыптасуының әдіснамалық және психологиялық негіздері

Дүниетаным және ғылыми дүниетаным ұғымы

  • Дуниетаным ұғымының тү6ipi - дүние. “Дуние” араб тілінен аударғанда өмір, тіршілік сөздерінің мәнін береді.
  • Ал жалпы алғанда оны коршаған орта, табиғат, әлем ретінде кабылдауға болады. Дуниетанымның екінші құрамы - “таным” ұғымы. “Таным” - философиялык ұғым, ол коршаған ортадағы материалдык шындықтың адам санасында бейнеленуін көрсетеді.
  • “жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сез1мд1к қалпы туралы ұғымдардың жиынтыгы” (энциклопедия)
  • Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары айқындалады.

Дүниетаным

  • Дүниетаным негізінде дуниеге көзқарас, демек дуние туралы белгілі бip білімдердің жиынтығы топтастырылған. Дуниетаным турлі білімдерді игеру процесін және күнделікті көзқарастарды меңгерудің нәтижесінде қалыптасады, сонымен қатар қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі.
  • Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа коғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылайды және өзгеріске ұшыратады.
  • Адамның дуниетанымдық көзқарасы оның тікелей өмірлік тәжірибесінен бастау алады және соған негізделеді. Жеке тұлғаның дуниетанымы онда өміp ундестігі мен карама-кайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.

Дүниетанымды қалыптастыру

  • Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады.
  • Көзқарастар - баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары. Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады.
  • Сенім - ақиқат екендігіне бала ешқандай күмән келтірмейтін білімдер, ұғымдар, тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар. Бала өз сеніміне сүйеніп ол үшін күреседі, басқалардан қорғайды, өз басына төнген қауіптен қорықпайды, басқа балаларды өз соңынан ілестіргісі келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет