Кино дегеніміз –барлығы. Кино, бұл – идеология, кино, бұл – сауық, кино, бұл – БАҚ, кино, бұл – патриотизм. Біз – жас мемлекетпіз, әсіресе, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуіміз керек», – деген екен.
Бағамдап қарасақ, иә, киноның берері орасан зор. Кино арқылы сол ел туралы барлық ақпаратты алуға болады. Елбасы сөзін дөп айтқан. Ертеңгі еліміздің болашақ жас өрендері, бүгінде көгілдір экран алдындағы жас көрермендер. Олар тілін ұғынып, түсінбесе де бейне арқылы барлығын ой түйсігімен қабылдап отырады. Сондықтан елдің, жердің тыныс-тіршілігі, сол елдің тарихы жайлы, рухани тәрбие беретін патриоттық көркемфильмдердің атқарар рөлі үлкен. Баланы жасынан тәрбиелейтін қазіргі заман тілінде осы көгілдір экран. Енді осы уақытта дейін сол экран арқылы көрерменге жол тартып, оның ішінде кішкентай көрермендердің көңілінен шыға білген фильмдерге аздап тоқтала кетейік.
Солардың бірі, басында айтып өткендей, Қазақстан ұлттық телеарнасының тапсырмасымен түсірілген «Көк тарландары» телехикаясы. Бас-аяғы 25 бөлімнен тұратын телехикаяның негізгі мақсаты – жастарды патриотизм, отанға, еліне, туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оларды әскер қатарына шақыру. Фильм желісінде Қазақстан Республикасының әскер қатарындағы әуе десанттарының тұрмыс-тіршілігі мен ерліктері, олардың алғаш әскерге келген күннен бастап, әскердегі соңғы күндеріне дейінгі өткен қызықты оқиғалар сипатталады. Телехикаяда қаруды қалай қолданудан бастап, елімізге қауып төне қалған жағдайда сыртқы жаудан қалай қорғаудың, басымызға қара бұлт үйіріле қалған жағдайда қалай қорғанудың әдіс-тәсілдері көрсетіледі. Бір айта кетерлік жайт, осы фильмнің көрсетілімінен кейін әуеұтқыр десенттарының әскер қатарына барам деушілер көбейген.
Екінші бір телетуынды тағы да жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге шақыра білген «Жасұлан» телехикаясы. Әскери-патриоттық телехикаяда «еліне, жеріне қорған болсам, тірек болсам» деген үш достың басынан кешкендері баян етіледі. Қазақтың Ш. Айманов атындағы киностудияның қолдауымен түсірілген телехикая 8 бөлімнен тұрады. Мақсаты – жастарға даңқ мен абыройдың, ерлік пен елдіктің, жігер мен қайраттың, сый мен құрметтің не екенін ұғындыру. Жалпы әскер қатарына алынған сарбаздың, оның ішінде жас ұландықтардың міндеті, мақсаты біреу. Ол өз елін, жерін басын тігіп жаудан қорғау, еліне адал қызмет істеу. Осының барлығы көркем туындыда көрсетіледі. Бұл фильмдегі басты рөлдерді аталмыш мектептің оқушылары сомдайды. Сондай-ақ, фильмнің түсірілу барысында Президенттің жеке гвардиясының да қызметкерлері тартылған.ағымдағы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар, фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндіру бойынша қызметтер 31,7 млрд теңгеге жетті — бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 19,3% - ға артық. Нақты өсу-13,5%
Сектордағы барлық қызметтердің жартысынан астамы (53,4%) кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар өндіру бойынша қызметке тура келді: 16,5 млрд теңге, бірден бір жылда 91,3%.2022 жылы қазақстандықтар киноға 17047524 рет барды, бұл ретте келушілердің үштен бірінен астамы – 5949918 – отандық фильмдерге түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |