Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі



бет1/3
Дата24.04.2023
өлшемі421 Kb.
#86211
  1   2   3
Байланысты:
stud.kz-94734


КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның білім беру жүйесі қатып қалған дүние емес, бүгінгі күннің талабына сай, оқушының ақыл - ойын, қабілетін дамыту, әлемдік денгей талабына жауап беретін интеллектуалдық потеңциал дайындау мақсаты көзделініп отыр. Әрине, 21 - ғасырдың қойған бұл талабы, сөзсіз қиын. Бұл қиын жағдайдан шығудың жолы - адамның барлық шығармашылық мүмкіндіктерін пайдаланатын жаңа технологияны іздеп табу. Осыған орай бүкіл білім беру жүйесі озық тәжірибелер мен технологияларды еңгізуде. Бұл жүзеге асырылатын білім беру мақсаты мен міндеттерінің дәстүрлі оқытудан түбегейлі өзгешеліктерін қолдану арқылы. оқу әркетін қалыптастыру негізінде, оқушылардың жекебас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып, ең алдымен білім, білік, дағдыларын меңгерудің негізі ретінде оқушы дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ету міндеттерін көздейді. Бала дамуын жан - жақты, терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен санасын отыру, мұғалімге үлкен міндет пен жауапкершілік жүктейді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тілі сабағында «Мәтін тақырыбының ерекшеліктерін» ашу.
Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Мәтіннің оқу арқылы меңгертілуі;

  2. Мәтіннің және оның негізін құрайтын элементтерінің лингводидактикалық сипаттамасы;

  3. Қазақ тілі сабағында мәтінді меңгерудің ерекшеліктері.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс екі бөлімнен және әр бөлім бірнеше кіші бөлімдерден тұрады. Сондай-ақ курстық жұмыс кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмыстың теориялық мәні: Баланың қабілеттерін дамыту, ақыл - ойын жетілдіру мәселелеріне ежелгі грек ғалымы, философы Сократ, Шығыстың әйгілі ойшылы Әл - Фараби, өзімізге етене жақын ұлы ойшылы, ақынымыз Абай да аса назар аударған. Олардан кейінгі педагогика мен психологияға ден қоя қараған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаевтар баланың ақылын, танымын, еркі мен зейінін қалыптастыру арқылы бойға біткен қабілетті дамытып жүйелі ой түйіп, білім тұңғиығына бойлауға мүмкіндіктер ашатындығын атап айтқан.
Кәсіби шеберлік, шәкіртті баурап алып, қызығушылықтарын арттыру, терең білім беру -ұстаздың талмай ізденуінде. Бойына жинақтаған теориялық білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, ізденістен жалықпаған ғана кәсіби шеберліктің шыңына шығары анық.
Мәтін және оны қабылдау да - өз шешімін таппай отырған, кең ауқымда зерттеуді қажет ететін мәтін лингвистикасының өзекті мәселелерінің бірі.
« Мәтін анықтамасын түсінуде ол феноменді оқып - үйренудің түрлі әдістемесі мен амал - тәсілі анықталады. Бүгінгі күнде мәтін аударуда ». Сонымен бірге лингвистер бірінші кезекте тілдің функционалдық - коммуникативтік сапасы мен мәтін арқауын құрайтын құралға назар аударды. « Мәтін » деген түсінік « Мәтін грамматикасы, мәтін стилистикасы », « Мәтін лингвистикасы » деген лингвистикалық терминдер атауымен кіреді. Бірақ дәл тіл білімнің ауқымында « мәтін » әлі нақты анықтамасын алған жоқ. Ол көп қырлы болғандықтан түсінікті тілдік қатегория тарапынан қиюластыру мүмкін емес. Сондықтан « сөйлемнің күрделі бірлігі », « сөйлемнің бірізділігі », типтік анықтама және тағы басқа үнемі кисынсыз болады, сондықтан да ол материалдық құрылысын, оның экстралингвистикалық көрсеткішін, сонымен бірге коммуникацияға қатысушылар рөлін назардан тыс қалдырады. Сонымен бірге мәтін мағынасы оның жарыққа шығу себебімен анықталады.
Демек, мәтін феноменінің көп құрлығын есепке алған жағдайда, оған түрлі анықтамалар беруте болады. Мұның өзі шындығында мәтін ретінде оған анықтама беруде негізгі рөл атқаратынына дәлел бола алады. Мәтін сөйлеу шығармашылығы таңбалық жүйелілік сияқты ақпараттық кеңістікті анықтайды. Семиотикада мәтін коммуникацияның кез келген формасы, мәселен, салт, би, әдет - ғұрып және тағы басқа кез келген таңбанын бірізді, байыпты жүйесі деп түсіндіріледі.


  1. МӘТІНДІ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ




    1. Мәтінмен жұмыс жүргізу әдістемесі

Мәтін - өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері - жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан көрінеді [1, 73 бет].
Мәтін ғылыми тұрғыда сұрыпталған, өңделген болуы тиіс. Сабаққа қолданылатын мәтін тыңдаушының психофизиологиялық ерекшелігіне бейімделініп немесе бейімделмей де алынуы мүмкін. Мәтінді сұрыптағанда мынадай факторлардың кешенді жүйесін ескерген жөн: магистранттардың мамандығы бойынша актив сөздер мен түсіндірме терминдердің ауқымы; лексико-грамматикалық материалдың ерекшелігін қамтамасыз ету; мәтіннің қиындық деңгейін анықтау критериі: контекстік көркемдік пен жанрлық шектеулік; тақырыптық принцип; мәтіннің композициялық-мәндік құрылымы мен стилі. Сондай-ақ, мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен айқындалады. Сондықтан, тілді оқытып, үйретудің кез келген кезеңінде оқытушы магистранттарға оның құрылымдық элементтерінің қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ойды беріп тұрғанын түсіндіріп, көрсеткені дұрыс. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де байланысты [2, 126 бет].
Әрбір тақырыптық мәтіндердің соңында сөздік материалы берілуі тиіс. Және де бұл сөздер талданып, магистранттардың арнайы дәптерлеріне жазылуы қажет. Қандай мәтін болса да, алдымен оның мазмұнын түсіну
«Мәтін» деген ұғым тек тілдік жағынан құрастырылған және әдеби шығармаға ғана тән болады, алайда оның бөліктеріне, айтарлықтай дербес көзқарасты микромәтінге қолданылмауы мүмкін. Тек сондай мәтін, оның тарауы, бөлімі, параграфы, мәтін кіріспесі, қорытындысы, тағы басқа туралы айтуға болады.
Негізінде мәтін қабылдауды қамтамасыз ету тілдік және графикалық бірліктермен, жалпы білім қорымен, басқаша айтқанда « коммуникативтік аямен » мәтінжасамның жүзеге асу жолдарымен және оны түсіндірумен байланысты жүзеге асады. Сондықтан қабылдау прессуппозициямен (прелат: pral -алда, supposition - болжам, презумпция ) тығыз байланысты.
Прессуппозиция - бұл сөзбен білдіре алмайтын, мәліметті қабылдаушының санасында болатын барлық мәліметтерді және одан тыс жатқан, алайда оларды дұрыс және жеткілікті түрде түсінуге кепілдік беретін мәтіннің мағыналық компоненті. Прессуппозиция бұрынғы өткен мәтінді оқығанда пайда болатын немесе тіпті мәтіннен тысқары, мәтін құраушының тәжірибесі мен білімнің нәтижесінен туындауы мүмкін.
Мәтінді толық түсініп қабылдау үшін « мол мәдениетті контекст » керек, ол жазушы мен оқырманның жалпы бтім қорын құрайды.
Мәтін - «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті бір тұтас ойды аяқтайды.
Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады. Мәтін әртүрлі мазмұнға құрылады. Онда оқиғалар хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, құбылыстар сипатталады, суреттеледі.
Мәтінге газет - журнал материалдары, өлен шумақтары, оқулықтағы ережелер және әртүрлі тақырыптағы сөйлесулер жатады.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әрқилы ұқсастықтары, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу - тәрбие жаршысының негізі - сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижесінің нәтижелі болуыла тікелей әсер етеді.
Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу - ол әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнін негізгі алға қойған міндеті - шәкірттердің ой - өрісін кенейтуге, биік адамгершшік қасиеттерін өалыптастыру.
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты - оқушыларға қазақ тілін менгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқынын әдет -ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, Сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс - тіршілігімен жан - жақты терең таныстыру.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінін бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардын жиынтығынан құралады. 
Филология ғылымында, атап айтсақ, тіл білімінде, мәтін - таңбаның ауызша ( сөздің ) жүйесі деп таньшады. Сөйтіп, мәтін бір мағынаны - бастапқыда коммуникативтік мағынаны білдірген, сондықтан мәтін - коммуникативтік бірлік деп ататады.
Мәтін сөзі ( латын тілінде textus ) « тұтасып кеткен, біріккең ткань » деген ұғымды білдіреді. Сондықтан көңіл аударарлық бір жайт, не бірігеді, қалай, не үшін бірігеді деген нәрсені анықтап алу қажет. Қалай дегенде мәтін - мағыналық жағынан біріккең жүйелі таңбалық бірлік, негізгі өзіне тән байлаулы және тұтастық қасиетке ие. Ондай жүйелі таңба коммуникативтік бірліктің жоғары денгейі, сондықтан ол әдеби шығарманың толық анықталған мағынасына ие, яғни аяқталған ақпараттық және құрылымдық тұтастық. Бұл бүтін, әрі таңғаларлықтай жат құбылыс. Қомақты билік болғанымен, тұтастық үнемі функционалдық құрылым болып табылады және бұл құрылымда тұтастықтың өз орны бар.
Мәтін категорияларының мәндері (мағыналық, құрылымдық, функционалдық, коммуникативтік) әр түрлі болғанымен, бір - бірімен байланыспайды, тек бір - біріне ықпал етеді, ол - аса сапалы түрде құрастырылған тұтастық,
Қисындылық пен тұтастық - мәтінге ғана тән қасиет ол тек дербес талдауды қажет етеді. Сондықтан да бұл екеуі мәтін шеңберінде бірін - бірі толықтырады және өзара бірлікте қолданылады: мәтін мазмұнын біртұтас мағына, дәл берілген тілдік құралдар ашады. Сөйтіп, тілдік қисындылық Сонымен бірге мағыналық тұтастық оның көрсеткіші болады. Әлбетте, егер табиғи ситуацияны ескеретін болсақ, мәтін пайда болған кезде айқын мақсатты мағынаны көрсетуді талап етеді.
Мәтін теориясында мәтін туралы мәселеге ерекше назар аударып, оны теориялық жағынан саралаудың маңызы зор. Текстология сияқты филология саласының да ерекше қарастыратыны -мәтіннің айрықша формасы. Лингвистика мәтіннің интонациялық, лексикалық және синтаксистік амал - тәсілдерін, графикалық әріппен белгілеу және пунктуациялық ерекшеліктерін зерттейді.



    1. Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту түрлері

Тәуелсіз Қaзaқстaндa ортa білім мaзмұнының жaңaруындa оқушының функционaлдық сaуaттылығын aрттырудың мaңызы aсa зор. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге тaнытaтын, дaмығaн елдер қaтaрындa терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпaқ. Сондықтaн дa Елбaсымыз Н.Нaзaрбaев өзінің Жолдaулaрындa білім сaлaсынa aйрықшa көңіл бөліп, еліміздің жaрқын болaшaғы білікті де пaрaсaтты жaстaрдың қолындa екенін нaзaрдaн тыс қaлдырғaн емес. Президенттің бaстaмaсымен өмірге келген функционaлдық сaуaттылықтың мaқсaты – бaлaлaрдың білімдерін өмірде тиімді қолдaнуғa үйрету.
Функционaлдық сaуaттылық – оқу және жaзу дaғдылaрын әлеуметтік ортaдa қолдaну (түрлі құжaттaрмен жұмыс, бaнкте сaуaлнaмa толтыру, түрлі aқпaрaттaрмен тaнысу), сыртқы ортaмен тығыз бaйлaнысты орнaту және оқушылaрды тез әлеуметтенуіне бейімдеу. Оқушылaр сыртқы ортaдa aдaмдaрмен, құрбылaрымен, жaнұясымен қaрым-қaтынaс жaсaғaндa оқу дaғдысын қолдaнaды, яғни aқпaрaт aлмaсу үшін, aқпaрaт беру үшін мәтінмен жұмыс жaсaйды. Оқу сaуaттылығы – оқушылaрдың жaзбa мәтіндерді түсінуі және қолдaнуы, мәтін бaрысындa ой-толғaуы, жaңa білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдaнуы, әлеуметтік ортaғa бейімделуі.
Өзге ұлт мектептеріндегі, атап айтқанда орыс, ұйғыр, украин, неміс мектептерінде қазақ тілі пәнін жүргізу пән мұғалімдерінен өте үлкен дайындықты талап ететіні белгілі. Мұғалімнің еңбегінің жемісті болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әртүрлі ұқсастықтарын, айырмашылықтарын ескере отырып, соны негізге алып оқытқан кезде ғана сабақ тиімді, жемісті, табысты болады. Балаларды оқыту – тәрбиелеу жұмысының негізі де сабақ болып табылады.
Сабақ үстінде білім алушының жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік жасау, өтілетін сабақ тақырыбына сай нақты SMART мақсат қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына тікелей байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақы, түсінікті біліммен сусындату, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, өз бетінше білімін жетілдіріп, толықтыруға дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл дегеніміз әр педагогті ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге, әрдайым жаңалықтың жаршысы болып жүруге жетелейді.
Өзге ұлт балаларына қазақ тілін оқытып-үйретудің сапасын арттыру түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Мәселен, өзім жұмыс жасайтын орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жауап бере алатын, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тарихын танытып талаптандыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың сөйлеу тілін мәтіндер арқылы дамытуды жүзеге асыру нәтижесінде олардың қазақ тілінен білімдері толықтырылып, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі.
Жалпы мен өз тәжірибемнен тоқталар болсам, сабақ өткізу, яғни оқыту барысында өткізілетін, кейде күрделілік тудыратын жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс жасату – тіл үйретудегі негізгі элементтердің бірі. Тіл дамытуда мәтіннің рөлі өте үлкен, мәтін балаға білім береді, тілін, ой-өрісін дамытады, тәрбиелейді. Мәтінді талдаған кезде оған қойылатын талаптарға да назар аудару керек. Мәтіннің тәрбиелік мәні бар болуы тиіс; мәтінде оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтер нақты, түсінікті, қабылдауға қиын болмайтындай болуы керек; жеңілден – қиынға қағидасы сақталу қажет. Мысалы, біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінен мәтін арқылы жеткіземіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет