Өзектілігі: Бұл жұмыста жеткіншек балалардың даму мәселесі, жеткіншек жастағы балалардың дамуындағы ауытқушылықтар, соның нәтижесінде пайда болатын құқык бұзу әрекеттерін, олардың қылмысқа баруындағы қарым-қатынастың алатын орнын, психологиялық ерекшеліктерін анықтау мәселесі кеңінен қаралады.
Жеткіншектер бойында құқық бұзушылықтың калыптасуы және оған әлеуметтік ортаның тигізетін әсерін анықтау қазіргі заманның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Белгілі бір қоғам ортасында адамдар көптеген дағдарыстардан өтеді. Солардың ішінде балалық шақ пен ересектік кезең арасындағы аралық және өтпелі кезең болып табылатын жеткіншек кезең кеңінен каралады. Бұл кезең жеке тұлға ретінде қалыптасып, өмірлік жоспар құруда жауапкершілікті талап ететін кезең болып табылады. Жеткіншектер негізгі қасиеттермен сапаларды қарым- қатынастың өзіндік жеке тәжірибесімен жанұядағы, мектептегі, көшедегі үздіксіз қатынастар арқылы игереді. Осы қарым-қатынас көмегімен іс-әрекеттің түрлі сферасында жеткіншекгер бойында жаңа психикалық және тұлғалық қасиеттермен өзара әрекеттестіктің кажетті дағдылары қалыптасады.
Зерттеу мақсаты: Жеткіншектердің бойында құқық бұзушылық қасиеттердің қалыптасуына әсер ететін қарым-қатынас деңгейін және қарым-қатынас кезіндегі өзін-өзі бақылау деңгейінің шарттарын анықтау.
Зерттеу міндеттері: Тақырып бойынша материалдар жинақтау және әдебиеттерге шолу жасау.
Тақырыптың теориялық мазмұнын ашу.
Жеткіншектердің қарым-қатынас деңгейін анықтау.
Зерттеу барысын ұйымдастыруда тақырыпқа байланысты әдістемелерді таңдау және өңдеу
Зерттеу объектісі: Жеткіншектер.
Зерттеу пәні: Құқық бұзушы жеткіншектердің қылмысқа баруындағы қарым-қатынастың алатын орны.
Болжам (негізгі): Жеткіншек балаларды құқық бұзушылыққа /қылмыс жасауға/ итермелеуде қарым-қатынастың әсері бар
• Егер жеткіншектер қарым-қатынасы тым жоғары болса, онда қарым-қатынас кезіндегі өзін-өзі бақылауы төмен болады.