Математика,физика және информатика институты
Математиканы оқытудың инновациялық әдістері
Тақырыбы: Математиканы оқытудың белсенді технологиялары.
Орындаған:Муратова А.А.
Қабылдаған:Абдижадилова Б.Ж.
Алматы 2021ж.
Математиканы оқытудың белсенді технологиялары.
Ойын – балалардың оқуға еңбекке деген белсенділігін артырудағы басты құрал. Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар P.M. Жуковская, Д.В. Менджеридцкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михойленколардың айтуынша балалардың әлсіздігінен көріністік, рольдік ойындар ойнау үшін білім машықтарының болуы ғана жеткілікті емес. Балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек.
Оқытып үйрену барысында олар біртіндеп ойын іс- әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Сабақ барысында пайдаланылатын практикалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білік және дағдылар жайында түсінік беріп, оларды қалыптастыру тиянақтау және бекіту, кайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланылған дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың барлығы дерлік бүгінгі талаптардан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ окушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді.
Ойын процесі мен оку процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын процесінде кандай білімді игеріп жатқанын, ал оку процесінің кезінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оку әрекеттері табиғи бірлікте болып –өзіндік білім, білік және дағдыны игеруге толык ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі. Ойынды ұйымдастырудың қандай да бір дидактикалық мақсат пен міндетке бағындырылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |