Бұрын араб алфавиті бойынша қазіргі я әрпі иа-мен (аиақ, таиақ) таңбаланушы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата17.02.2023
өлшемі492,36 Kb.
#68684
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ЖМП 2



379 
Бұрын араб алфавиті бойынша қазіргі я әрпі иа-мен (аиақ, таиақ) таңбаланушы 
еді, Ыбырай сол кездің өзінде иа-ның орнына орыстың я әрпін пайдаланып, көп сөздің 
жазылуын ретке, жөнге салды. Мысалы, мал таятын күн, кісі аярлық, аяқ, аяқша, 
дәрігерлікті қоялы қ деп... алдыңа келсе, әділдігіңді аяма ..., халық шулай қоя берді..., 
Қару жисаң мылтық жи: жаяу жүрсе жүрсең-таяғың, қарның ашса- тамағың. Әлгі бояу 
у бояу екен, қара сия. ыбырай жазған сол кездегі сөздердің қазіргі я әрпі арқылы 
жазылуында ешқандай айырмашылық жоқ. Ол ю әрпінің де қолданысын дұрыс тапқан. 
Мысалы, араб әрпімен жазғандағы айу Ыбырайда аю қазіргі жазылумен бірдей. Бірақ 
ол дифтонгоид болып келген дыбыстардың, қосарланып келген әріптердің бәрін өзгерте 
бермеген. Қазіргі жазылып жүрген айуан түріндегі кездеседі. Мысалы,
Дадандықтың белгісі 
Еш ақылға жарымас, 
Жайылып жүрген айуандар, 
Ақ, қараны танымас. 
Бірақ осыларға қарамастан Ыбырай шығармаларындағы жалғау мен 
жалғаулықтардың жазылуында қазіргімен салыстырғанда, біраз алшақтық бар. Әрине, 
жазу мәдениеті жаңа ғана басталған орфографиясы әлі бір ізге түспеген кездегі, орыс 
алфавитін қазақ жазуына тұңғыш пайдаланып отырған Ыбырай шығармаларында 
мұндай азын-аулақ ерекшеліктер болуы заңды да [9, 40б].
Қорыта келгенде Ыбырай орыс алфавитін қолдану арқылы қазақ сөздерінің дұрыс 
жазылуын, ана тіліміздің заңдылықтарын сақтап қалуда зор еңбек сіңірді. 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Хасанова С. Алтынсарин шығармаларының тіл, Алматы, 1980 ж. 
2. Алтынсарин Ы.Таза бұлақ, Алматы, 1993 ж. 
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы, 1959 ж, І том 
4. Қ.Жұмалиев . Стиль-өнер ерекшелігі, Алматы, 1966 ж. 
5. І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Қазіргі қазақ тілі, А., 1962 ж ... 205-223-б.
6. М.Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б. Манасбаев. Қазақ тілінің стилистикасы.
Алматы, 1966 ж 
7. Ә. Байжолов, Қостанай облысының Тобыл бойында тұратын қазақтар тіліндегі кейбір 
ерекшеліктер туралы, жин. Қазақ пен ұйғыр тіл білімі мәселелері, А., 1963, 82-бет.
8. Ж. Досқараев, Кейбір фонетикалық құбылыстар жайында жин. «Қазақ тілі тарихы мен 
диалектологиясының мәселелері», 5-шығуы, А., 1963 ж. 
9. Р. Сыздықова, Қазақ тіл білімі мәселелері, Алматы, 1959 ж, 111-бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет