Көлік экспедициясы,кеме жалдау шарты. Орындаған: Амангелді Назерке



Дата06.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#12998

Көлік экспедициясы,кеме жалдау шарты.

Орындаған: Амангелді Назерке


Көліктік экспедиция (ағылш. freight forwarding, нем. Spedition) — тапсырысқа сәйкес қандай да бір көлік түрімен жүк жіберушіден жүк алушыға (немесе бәлгіленген нүктеден белгіленген нүктеге) жүк жеткізуді ұйымдастыру қызметін білдіреді. Көліктік экспедиция қызметтерін көрсетумен арнайы экспедиторлық ұйымдар — экспедиторлар айналысады

Көліктік заңдарды ерекшелендіретін ережелердің ішіндегі маңыздысы көліктік ұйымдардың шектеулі мүліктік жауапкершілік қағидасы болып табылады. Келтірілген нақты шығынмен бірге алынбай қалған табыстарын қоса, залалды толық өтеп алудан айырмашылығы, көліктік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер тасымалдау бойынша міндеттемелерге қатысушылардың жауапкершілігінің шектерін анықтайды.


.

экспедитор


Егер экспедитор өзінің көлік экспедициясы шарты бойынша міндеттемесін тиісінше орындай алмау себебі тасымалдаушының кінəсінен болғанын дəлелдеген болса, онда экспедиторға тасымалдаушының жауапкершілігіне ұқсас шектеулі жауапкершілік қолданылады

экспедитор

перевозчик

Экспедитор ретінде кəсіпкер болғандықтан, оның жауапкершілігінің негізі ретінде кінəлі болуы шарт емес

Себебі бұл жағдайда экспедитор кəсіпкерлік тəуекелге бел байлап отырғандықтан, оның жауапкершілігі, тасымалдаушымен салыстырғанда, экспедитор толық жауапкершілікте болып, барлық келтірілген залалды өтейді.



 

Егер экспедитор міндетті бұзу тасымалдау шарттарының тиісті дəрежеде орындалмауынан пайда болғанын дəлелдесе, экспедитордың жүк жөнелтуші (алушы) алдындағы жауаптылығы да экспедитордың алдында тиісті тасымалдаушы жауап беретін ережелермен белгіленеді. Мəселен, егер экспедитор вагондардың берілмеуіне байланысты темір жолмен клиенттің жүктерін жөнелте алмаған болса, онда ол темір жолдан тек қана айып төлетіп алуға құқылы. Осындай көлемде экспедитор клиенттің алдында жауап береді. Сондай-ақ көбінесе экспедиторлар шартта тасымалданатын жүктің салмағына қатысты есептелетін өз жауапкершілігінің шегін анықтайды.



Жүктерді теңіз жолымен тасымалдау шарты – саудалық мақсатпен теңізде жүзумен байланысты қатынастардың өзгешелігі мен әдет-ғұрыптарын көрсететін көлік шартының өзіндік және күрделі түрлерінің бірі. Саудалық мақсатпен теңізде жүзу шарты бойынша бір тарап (кеме шаруашылығы) оған жөнелтуші берген немесе беретін жүкті тағайындалған портқа жеткізуге және оны жүкті алуға уәкілетті тұлғаға беруге міндеттенеді, ал жөнелтуші немесе кемені жалға беруші тасымалдағаны үшін белгіленген ақыны (фрахт) төлеуге міндеттенеді

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 1) Азаматтық кодекс жалпы және ерекше бөлім
  • 2) http://topreferat.com.kz/basqa-da/10766-kolik-ekspediciyasy-sharty.html
  • 3) https://stud.kz/referat/show/62812
  • 4) http://malimetter.kz/kolik-ekspediciyasy-tasymaldau-sharty-kurstyk-zhumys/
  • 5) https://articlekz.com/kk/article/15883

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет