Коммутациялық аппарат



Дата28.04.2023
өлшемі18,35 Kb.
#88135
Байланысты:
Конспект қазақ тілінде Коммутациялық аппараттар


Коммутациялық аппарат

Кернеуі 1000В-қа дейінгі электр қондырғылар мен электр желілерінде қорғау аппараты ретінде ПР және ПН сақтандырғыштары кеңінен қолданылады.


ПР және ПН сақтандырғыштарын жөндеген кезде, ең әуелі, еріндердің түйісу беттерін және патрондарды шаң-тозаңнан, тотық қабыршықтарынан және металдың балқыған түйіршіктерінен тазалайды. Тотықтанған түйіспелерді әйнек қағазбен, ал қатты күйген және балқығандарын – егеумен егеп тазалайды.
Тотықтанған түйісімдерді земпір қағазымен тазалауға болмайды, земпірдің түйіршіктері электр тоғын өткізбейді, олар түйісімнің бетіне кіріп, сақтандырғыштың еріндері мен патрондар арасының тиісуін нашарлатады.
Содан кейін, патронды бөлшектейді, тоқөткізгіш ішкі бөліктерінің және балқығыш қыстырмалардың күйін тексереді. Кезіккен ақауды жөндейді, ұзақ мерзім жұмыс істеген барлық қыстырмаларды жаңаларымен ауыстырады. Мұндайда, олардың күйіне қарамай көрші фазадағы сақтандырғыштарды да ауыстырады. Қыстырмалар бір типті, зауытта дайындалған және сақтандырғыштың қалыпты тоғына және қорғалатын желінің тоғына сәйкес келуі тиіс. Балқығыш қыстырмалар көп мөлшерде пайдаланылатын жағдайда, бірқатар кәсіпорындар, оны өздерінің электр жөндеу шеберханаларында жасайды. Мұнда балқығыш қыстырмалар жасайтын материалдар мұқият сәйкестендіріліп, олардың кемінде, он пайызы ең кіші және ең үлкен тоқ арқылы іріктеу сынағынан өтуі керек.
Дайындалатын сақтандырғыш қыстырмалар, сапасы бойынша, қалыпты тоққа қойылатын МемСТ талаптарына сай болуы керек. Мырыштан жасалған балқыма қыстырмаларды бекітуге арналған тығырықтар, міндетті түрде, болаттан жасалуы тиіс, және серіппелі болуы керек. Мұндай тығырықтар болмаса, мырыш біртіндеп түйіспе болттың қысымымен босаңсиды. ПР сақтандырғышының патронына қалайыдан шар дәнекерлемей мыс қыстырма қоюға болмайды, себебі, жоғарғы температурада мыс қыстырма балқып патронды тез бүлдіреді. Сақтандырғышжиі жұмыс жасаған кезде, патронның керегесіне әсер еткен жоғары температурадан қатты күйеді. Патрон керегесінің қалыңдығының 50%-нан артығы күйсе, оны ауыстырады, болмаса, балқу қыстырма келесі күйген кезде шұғыл қысымның әсерінен бүлінеді. Патронды жөндеген кезде, оның ішкі бетінің күйген жерін мұқият тазалап, жуып, таза, құрғақ шүберекпен құрғатып сүртеді және бакелит лагымен екі қабат етіп, болмаса, БФ желімімен бір қабат жүргізіп, одан кейін кептіреді. Патронның ішкі қуысының тоқ өткізетін бөлшектерін жөндеп, тазалап болған соң, сақтандырғышты таза, құрғақ кварц құмымен толтырады, онда кварцтың мөлшері 98%-дан кем болмауы және түйіршіктері 0,5…0,8 мм деңгейінде болуы тиіс. Құм тұз қышқылдарының 2% ертіндісімен өңделіп, жуылып және 150-1800С-де қақталуы тиіс. Кварц құмының түйіршігі 0,5 мм-ден аз және 0,8 мм-ден көп болмауы тиіс, себебі, доғаның жоғарғы температурасының әсерімен, бірінші жағдайда, ол қайнасып қалады, ал екінші жағдайда, кварц түйіршіктерінің арасында ауаның болуынан, доғаны өшіру жағдайы нашарлайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Сақтаңдырғыштың қызметі қандай?


2. Сақтаңдырғыштың қандай түрлері бар? Мысал келтіріңіз.
3. Сақтандырғыштар қандай материалдан жасалады?
4. Сақтандырғыш құрылысы?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет