Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №232 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының



бет1/7
Дата14.06.2022
өлшемі81,2 Kb.
#36823
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7













2022 ж. «25» 02 35
«Педагогикалық идеялар панорамасы» мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің жыл сайынғы Республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрыққа
1-қосымша


«Педагогикалық идеялар панорамасы»
Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің жыл сайынғы Республикалық конкурсы туралы
Ереже



  1. Конкурстың жалпы ережелері

Осы Ереже мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізу және қатысу тәртібі мен талаптарын реттейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес өткізіледі.
1.1 Байқау мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру қызметкерлерінің озық педагогикалық идеяларын, заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін қолданудың тиімді тәжірибелерін ұсыну мен таратудың бір түрі болып табылады.
1.2 Конкурсты өткізу білім беруді дамытып, озық педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Конкурс педагогтардың кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерінің өсуіне қызмет етеді, ал олардың үздіктері қоғамдық мойындауды алады.
1.3 Конкурсты ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Өрлеу "біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Өрлеу "БАҰО" АҚ).
1.4 Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін Орталық ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымкомитет) құрылады, оның құрамын Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы мен өңірлік және республикалық кезеңде Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін жауапты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының әрбір базасындағы Өңірлік ұйымдастыру комитетері (бұдан әрі - ӨҰК) анықтайды .
1.5 ӨҰК Төрағалары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директоры болып табылады».
1.6 Түскен бейнематериалдарға бағалау жүргізу мақсатында әрбір өңірде Сараптама кеңесі құрылады, олар білім беру, оқыту әдістемесі, медиа технология саласындағы білікті мамандар қатарынан жасақталады және ӨҰК төрағасы бекітеді (1 қосымша).Сараптама кеңестерінің төрағалары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары болып табылады». Сараптама кеңестерінің мүшелері филиалдар қызметкерлері, тысқары білім беру ұйымдарынан тартылған білікті мамандар, сондай-ақ құрметті еңбек демалысында жүрген беделді педагогтар бола алады.
1.7 ӨҰК Ұйымкомитет әзірлеген Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі біріңғай іс-шаралар жоспары бойынша әрекет етеді және Сараптама кеңесінің жұмысын қамтамасыз етеді.

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1 Конкурстың мақсаты - біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық- коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.
2.2 Конкурстың міндеттері:
- педагог мәртебесін нығайтуға және оның имиджін арттыруға жәрдемдесу;
- үздік педагогикалық тәжірибелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ету;
- ҚР виртуалды Білім беру кеңістігіндегі Үздік бейнесабақтар мен бейнедәрістер банкін арттыру;
- педагогтарды кәсіби дамыту бойынша "Өрлеу "БАҰО" АҚ қызметінің ашықтығы мен айқындығы қағидаттарын іске асыруға ықпал ету.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет