Кореяның отаршылдық бұғауға түсуі



Дата15.11.2023
өлшемі16,62 Kb.
#123742
түріДиплом

Кореяның отаршылдық бұғауға түсуі.


Жапонияның Кореяны аннексиялауы Кореяға жақсы жағымен қатар зиянды тұстарында алып келген болатын. Жасыратыны жоқ, 35 жыл бүкіл Корей түбегі Жапонияның билігінде болды. ХІХ ғасырдың аяғында Батыстан оқшаулану саясатын қатаң ұстанған Джосон әулеті ақыры әлемге өз порттарын ашуға мәжбүр болды. Сол күннен бастап Корей түбегі Қытай, Жапония, Ресей және Америка Құрама Штаттарының мүдделерін теңестіре отырып, дипломатиялық тығыз жіппен үздіксіз жүріп келе жатқан өте әлсіз геосаяси позицияны иеленді. Ең қараңғы сәттердің бірі 1910 жылы Корея Жапонияға күштеп қосылып, 1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына дейін созылған отыз жылдан астам отарлық билікті бастаған кезде келді. Сол кездің өзінде корейлердің өз тәуелсіздіктерін рахаттануға уақыты болмады... өйткені олардың елі Солтүстік және Оңтүстік Кореяның екіге бөлінуіне әкеліп соқтырған кейін, Корей соғысында бірден бөлініп кетті. Осы тұста билік жапондық генерал-губернатордың қолында болған болатын. Бұл кезеңнің өзіне кореялықтар бірнеше атау бергенді: « Жапондық империялық кезең», «Отарлық кезең», «Жапонияның озбырлы басқыншылық кезеңі», «Жапондық билеу кезеңі». Қалай атасақта бір елдің, екінші елдің отары болу, отарланушы елге оңайға соқпасы анық.
Жапонияның билеуші табы Кореяда Қытайдың билеуіне төзе алмай, Микадо үкіметі бұл елді басып алуды жоспарлады.
1894 жылға қарай саудамен айналысқан 20 мың жапондық Кореяға табан тіреді. Жапон капиталы үкімет қолдануына сүйене отырып, Корей нарығына тереңдей енуді көздеді. Алайда, бұл ұстанымдар орындалмай, 80-жылдары Жапонияға қарағанда Қытай үлесі артты. 1905 жылыЖапонияЛяо-дунжарты аралын, Маньчжур темір жолының оңтүстік тармағын, Оңтүстік Сахалинді иеленді. Сондай-ақ, 1910 жылыолКореяға қарсысоғыс ашып, Оңтүстік Маньчжурияға (Солтүстік шығыс Қытай) толық бақылау жасады. Бұл кезеңдердегі отаршылық саясат əскери саяси қысым жасау арқылы қамтамасыз етіліп, əкімшілік тəсілдер экономикалық айла-шарғылармен ұштастырылды.
Жалпы тарихта Кореяның Жапонияның отарына айналуының үш кезеңін бөліп көрсететіні мәлім. Сол кезеңдерге талдау жасап өтетін болсақ, бірінші кезең Корея үшін Жапоняны тереңдеп тану кезеңі болды десек болады. Өйткені осы уақытта Кореяны басқаруға келген Кореяның алғашқы генерал-губернаторы Тэраути Масатакэнің бұйрығымен Кореяда мыңдаған жапония және жапония әдебиеті тереңдетіліп оқытатын мектептер ашылған еді. Бұл жерде корей балалары Жапония өнері, ғылымы, әдебиеті туралы білім ала бастайды. Осылайша Тэраути Масатакэ түбектің жандануына Жапонша саясатты ұстана отырып әрекет етеді. Бұдан кейін билікке 1916 жылы жаңа генерал-гебернатор Хасэгава Ёсимити келеді. Ёсимити де өзінің ізашарының саясатын қолдап ары қарай жалғастырады. Алайда өз жерінде отырып өзге ұлттың тілінде білім алу Жапон халқының ашуын туғызды. Осылайша бұл саясат 1919 наурыздың 2-сінде 2 млн халық қатысқан көтеріліске алып келген екен.
Екінші кезең 1919-1930 жылдар аралығын қамтыған бұл кезең Кореядағы 1910 жылы «сабель саясаты» деп аталған қатал саясаттың сынға ұшаруынан басталған еді. Бұл кезеңді Корей елі үшін олжалы кезең деп сипаттауға болар еді. Көтерілістен кейін Хасэгава Ёсимити қызметінен кетіп, Жапония императоры генерал-губернаторлыққа азаматтық тұлғаларда тағайындалуының мүмкіндігі туралы қаулы шығарады. Сөйтіп билік басына Сайто Макото есімді тұлға келеді. Сайто Макато Кореяға байланысты Токионың саясатын өзгертуге тырысты. Оның бұйрығы бойынша жандарм корпусы бұзылып жай полициялар пайда болды, денелік жазаларға шектеу қойылды, корей тіліндегі газеттер шығарылды. Сайтоның тұсында Кэйдзёде, қазіргі атауы Сеулде, императорлық университеттер ашылды және корейлік шаруаларға деген қатаң қатынастар саясатын жұмсартты. Сондай-ақ Корея генерал-губернаторының үйі салынып бітеді.
Сайтоның басқару стильін корейліктер "мәдени басқарудың саясаты", яғни «мәдени жаңару кезеңі» деп атаған.
Соңғысы үшінші кезең. Бұл кезең 1930-1945 жылдар аралығын қамтыған. Жапония билігіне әскерлер келгеннен кейін, яғни, 1930 жылдардың ортасынан бастап Токио «Найсэн иттай» деген атқа ие болған Кореяның ассимиляциясының саясатының басталуымен сипатталады. Кезеңнің ерекешелігі ретінде 1939 жылы генерал-губернатор Минами Дзироның корейлерге жапондық есімдеді алуға рұқсат ететін есімдерді ауыстыру қаулысын атауға болар еді.
Алайда 1945 жылдың тамызында Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыста жеңбейтіндігі анықталады. Кеңес Одағының Қызыл армиясы Квантун армиясын жойқындап Корей түбегінің Солтүстік бөлігін басып алады. 6 және 9 тамызда американдық әскерлер жапондық қалаларға атом бомбасын тастайды. Бұдан кейін Жапония империясы Потсдамдық конференцияға қол қойып АҚШ-тың шартарына мойын сұнуға мәжбүр болады. Шарт бойынша ол түгелімен американдық және кеңестік болып 38 паралеллден бөлініп жатқан Корей түбегінен бас тарту керек болған. 1945 жылдың қыкүйек айында американдық әскер Джон Ходжтың басқаруымен Оңтүстік Кореяға ұшып келді. 1945 жылдың 8 қыркүйегінде соңғы Корея генерал-губернаторы Абэ Нобуюки одақтастарының алдында капитуляция туралы актісіне қол қойды, ал келесі күні отарлық үкімет ресми түрде жойылды. Сөйтіп 35 жылдық Кореядаға Жапонияның отарлау саясаты тарих сахынасынан жойылады.
Қорыта келе, Жапоняның Кореяны отарлау саясаты екі жақты сипат алды. Бір жағынан Жапония Кореяда мәдениеттің жаңа ұшқынын қалыптастырса, екінші жағынан саясатына елеулі өзгерістер алып келеді. Бұл дегеніміз корей халқының отарлаушы ел Жапония менталитетінің корей халқына тереңдеп енуіне қарсылық, бір кездері болған қатал саясат. Алайда ешнәрсеге қарамастан, сыртқы бәсекелестерінің іс-әркетіне тойтарыс бере алған Жапония Кореяны 35 жыл уысында ұстады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет