ҚОЛДАНУ АЯСЫ ТАР СӨЗДЕР
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
СӨЗДІК ҚОР- ҚАЗАҚТЫҢ БҰРЫННАН ҚОЛДАНЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ТӨЛ СӨЗДЕРІ
ЖАЛПЫ ХАЛЫҚҚА ТҮСІНІКТІ СӨЗДЕР ӘДЕБИ ТІЛГЕ ЖАТАДЫ
араб тілінде 12 миллион 300 мың,
ағылшын тілінде - 750 мың,
қазақ тілінде 600 мың сөз .
тіл байлығы жағынан әлемде үштікте тұрмыз.
Түркі тілдерінің арасындағы төркін-тамырын сақтаған құнарлысы да - қазақ тілі. Сондықтан да бұндай байлыққа құрметпен қарау - әрбір азаматтың парызы.
Қолдану аясы шектеулі сөздер
1. архаизм
2. историзм
3. неологизм
4. диалект сөз
5. термин сөз
6. кәсіби сөз
7. табу сөз
8. кірме сөз
9. эвфемизм
10.дисфемизм
КӨНЕРГЕН СӨЗ ( 2 түр)
1.АРХАИЗМ -ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНҒАН БАЙЫРҒЫ СӨЗДЕР (Мата :дүрия ,патсайы. Дәстүр : әмеңгер ,барымта )
2. ИСТОРИЗМ (ТАРИХИ СӨЗ ) БИЛІКТЕ ҚОЛДАНЫЛҒАН .
(уәзір,хан,әскер ,сауыт, большевик,ханзада)
ЖАҢА СӨЗДЕР (НЕОЛОГИЗМ)
Қолданысқа енген жаңа сөздер
мысалы: кассета ( ескі атауы ) оған жаңа атау үнтаспа ,аэропорт-әуежай ,ғарышкер-космонавт
КӘСІБИ СӨЗДЕР
белгілі бір кәсіпке қатысты сөздер
(қолөнер,тоқымашылық,егін,аңшылық,бағбаншылық)
Термин сөз
тура мағынадағы ғылым саласындағы сөздер
лингвистика :синоним
география:карта,глобус
химия:аммиак,азон
спорт:футбол,теннис
ҚОЛДАНУ АЯСЫ ТАР СӨЗДЕР ТЕК БІР ҒАНА САЛАДА КӨП ҚОЛДАНҒАН СӨЗДЕР
КІРМЕ СӨЗ
АНА ТІЛІМІЗГЕ ШЕТ ТІЛДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР
араб:мұғалім,отан,мектеп ,тарих,тәрбие
парсы:тақта,наурыз,дос
орыс: парта,алгебра,жәшік,кереует,сөмке моңғол:нөкер,_аймақ,Тарбағатай ,Зайсан,Қордай
ДИАЛЕКТ СӨЗ
белгілі бір аймақта ауызекі тілде қолданатын сөздер(сым :шалбар , жуа:пияз)
Әдеби тілге айналғандар (арасан суы,жейде,ұжым,кеден,төртем)
КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР – ТАРИХИ ШЫҒАРМАЛАРДА ҒАНА КЕЗДЕСЕТІН, ҚОЛДАНЫСТАН ШЫҒЫП ҚАЛҒАН, МАҒЫНАСЫ КӨМЕСКІ СӨЗДЕР. КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР ЕКІГЕ БӨЛІНЕДІ: 1) ТАРИХИ СӨЗДЕР; 2) АРХАИЗМДЕР.
ТАРИХИ СӨЗДЕР – ЕСКІ ЗАМАНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН, ДӘУІРІ ӨТКЕН ТАРИХИ СӨЗДЕР АТАУЫ. ТАРИХИ СӨЗДЕР БІРНЕШЕ САЛАҒА БӨЛІНЕДІ:
– ЕЛ БАСҚАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ АТАУЛАР: ХАН, ПАТША, УӘЗІР, БИ, АҒАСҰЛТАН, БОЛЫС, АУЫЛНАЙ, Т.Б.
– ПАЙДАЛАНУДАН ШЫҒЫП ҚАЛҒАН ҚАРУ-ЖАРАҚ АТАУЛАРЫ: САДАҚ, ЖЕБЕ, САУЫТ, АЙБАЛТА, НАЙЗА, АДЫРНА, Т.Б.
– КЕҢЕС ДӘУІРІ ТҰСЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК СӨЗДЕР: ҚЫЗЫЛ ӘСКЕР, ҚЫЗЫЛ ОТАУ, Т.Б.
АРХАИЗМДЕР – ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС-ТІРШІЛІГІНЕ, САЛТ-САНАСЫНА, ӘДЕТ-ҒҰРПЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН, ӘР ДӘУІРДЕ ӨЗГЕРІП, БАСҚА СӨЗДЕРМЕН АУЫСЫП ОТЫРАТЫН ЕСКІРГЕН СӨЗДЕР. АРХАИЗМДЕРГЕ МЫНАНДАЙ СӨЗДЕР ЖАТАДЫ:
– МАТА АТАУЛАРЫ: ПАТСАЙЫ, ТОРҚА, БИҚАСАП, ДҮРИЯ, Т.Б.
– ӘДЕТ-ҒҰРЫП АТАУЛАРЫ: БЕСІК ҚҰДА, САУЫН АЙТУ, ҰРЫН БАРУ, Т.Б.
– ҮЙ ТҰРМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ АТАУЛАР: ЖАППА, ЛАШЫҚ, САПТЫАЯҚ, КЕБЕЖЕ, ӘБДІРЕ, ШИДЕМ, КҮПІ, ШЕКПЕН, СӘУКЕЛЕ, Т.Б.
ТІЛІМІЗДЕ ҚАЙТАДАН ЖАҢАРҒАН КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР ДЕ КЕЗДЕСЕДІ. ОЛАРҒА:
– ДІНИ ҰҒЫМ АТАУЛАРЫ: ЖАНАЗА, ИМАМ, МЕШІТ, ОРАЗА, ЖАЙНАМАЗ, Т.Б.
– ЖЫЛ АТАУЛАРЫ: БАРЫС, ҰЛУ, ТЫШҚАН, Т.Б.
– АЙ АТАУЛАРЫ: ҚАҢТАР, НАУРЫЗ, МАУСЫМ, Т.Б.
КІРМЕ СӨЗ - АНА ТІЛІМІЗГЕ ШЕТ ТІЛІНЕН ЕНГЕН СӨЗ. КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ КӨПШІЛІГІНДЕ БУЫН ҮНДЕСТІГІ САҚТАЛМАЙ , ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРЫ ЖУАН-ЖІҢІШКЕ БОЛЫП АРАЛАСЫП КЕЛЕ БЕРЕДІ.
Кірме сөздер – тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі.
Араб-парсы тілінен:
Отан, қалам, кітап, ғылым, мұғалім, мектеп, дәптер, заман, әдебиет...
Монғол тілінен:
нөкер, аймақ, темір, жорға, т.б.
Орыс тілінен:
парта, кино, цирк, жәшік, кереует, сіріңке, шәйнек, үтік, доға, т.б.
Неологизмдер — өндіріс пен ғылымның, мәдениет пен шаруашылықтың түрлеріне байланысты тілде жаңадан пайда болған және көпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздер.
Мысалы :
- ғаламшар - планета
- конвенция - мемлекеттердің өзара келісімі
- коммуникация - байланыс желісі
Диалект деп тілдегі жалпы халықтық сипат амалын белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын айтамыз.Мысалы,сіріңке – кеуірт, күкірт, шырпы, ши, оттық, шақпақ; шылапшын леген, жам, кірлен, шылаушын, тас; кесе- самал,пиялай,кәсе,тас аяқ шыны аяқ, ақпар,кәрлен,жанан; күрке – балағаш,балаған,шайла, шабыра,кеппе,аткүрке,алты аяқ,қапын, лапас;
Сонымен, әдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті халықтың ауызекі тілінде бірнеше нұсқасы кездеседі. Мәселен, қиярды шығыс өңірдің тұрғындары әгүршік десе, оңтүстіктегілер бәдірен дейді. Семей мен Павлодар өңірлерінде сарымсақ, ал Ақтөбе мен Қызылорданың бір бөлігінде жуа деп пиязды айтады.
Үлкен сөзін де әр аймаққа барғанда әртүрлі естисіз, мәселен дөкей, әйдік, дырау, нән, жоян, дәу десе, оның бәрі - үлкен дегенді білдіреді.
Бір қызығы, тәте деп Жамбылда, Павлодарда, Орал мен Шымкентте ер адамға қаратып айтатын болса, бұл сөз еліміздің өзге өңірлерінде жасы үлкен әйелдерге қатысты қолданылады.
Сіріңкенің де кейбір облыстарда атауы өзгеріп кетеді: кеуірт, шырпы, оттық.
Сонымен қатар, еліміздің батыс өңірлерінің тұрғындары не зат (не?), нән (үлкен), көпшік (жастық), құрттай (кішкентай), кіл (ылғи), зілдей (ауыр), мана (бағана) және т.б. диалект сөздерді жиі қолданылады.
Сым (шалбар), бедіре (шелек), әңгелек (қауын), дарбыз (қарбыз), ашық-машық (топса), бопты (болды), тұқым (жұмыртқа) деген сөздерді Оңтүстікте естисіз. Ал Алматы жақтың тұрғындары ожауды қолбақыр деп те атайды.
Шығыс жақтың қазақтарынан жоян (жуан), картопия (картоп), неме (немене?), көп-көрім (тәп-тәуір) секілді сөздерді естісеңіз таң қалмаңыз.
Ал әйдік (үлкен), дөкей (мықты), тақ (орындық) секілді сөздерді жиі қолданатын адамды кездестірсеңіз, ол солтүстік өңірдің тұрғыны болуы ғажап емес.
Табу – ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер. Табу сөздер төмендегідей негізде қалыптасқан:
1) Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, жай түсті десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен жай сөзін жасыл сөзімен алмастырып қолданған;
2) Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан қасқыр сөзін ит-құс, ұлыма деген сөздермен алмастырып қолданған;
3) Адамды опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған. Мысалы, шешекауруының атын атамай, оны қорасандеген сөзбен ауыстырып айтқан;
4) Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы адамдардың атын тура атамай, олардың бойындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігіне орай әрқайсысына ат қойған. Мысалы, қыздарға, әйел адамдарға Ақылдас, Ерке қыз, Еркем, Шырайлым, Айнамкөз, т.б. десе, ер балаларға, ер адамдарға Шырақ. Мырза жігіт, Төре бала, Би аға, т.б.
Тіл білімінде құлаққа түрпідей тиіп, жағымсыз, тұрпайы естілетін сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады. Эвфемизм ойды көркем түрде бейнелеп жеткізу үшін қолданылатын, мәдениеттілікті, сыпайылықты білдіретін сөздер болып саналады.
Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы, тұрпайы, дөрекі түрде айтылатын, біреуді қорлау, кеміту мақсатында пайдаланылатын сөздер.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢА РАҚМЕТ !
Достарыңызбен бөлісу: |