Тақырыбы: “Жылқының шығу тарихы мен тегі. Классификациясы. Конститутциясы. Жылқы түрлері. Қазіргі жай күйі”
І. Кіріспе бөлім Жылқының шығу тарихы Төрт түлік малдың ішінде қай халықтың болса да құрмет тұтатындарының бірі- жылқы малы. «Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны өте қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір қазақ жанұясын біз көре алмаймыз.Тарихи деректер бойынша адам баласы жылқыны біздің жыл санауымыздан 3 – 4мың жыл бұрын қолға үйреткен. Негізгі отаны Шығыс Еуропаның далалы аймағы, Орталық Азия және Қазақстан алқабы деп есептеледі.
Әйгілі ғалым Ахмет Тоқтабайдың «Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Қазақ жылқысының тарихы» кітабында «Орталық Азия, соның ішінде қазақ даласы – жылқы отаны» - деген түпкілікті тұжырым жасалған. Бұған дәлел ретінде, жүздеген мың жылқы сүйектері табылған энеолит дәуіріндегі – «Ботай қонысы» аталады. Ботайлықтар – жылқыны алғаш қолға үйреткендер. Мұны қазір бүкіл әлем ғалымдарымойындап отыр.2009 жылы бүкіл әлемге SCIENCE ғылыми журналында жылқының дүниежүзі бойынша тұңғыш рет Солтүстік Қазақстанда қолға үйретілгені,ертедегі малшы - жылқышыларының б.з.д. ІY мыңжылдықта қымыз дайындағаны әлем жұртшылығына жария етілді.
Жылқының арғы тегі жылқы пішіндес жануарлардан дами келе – тарпаңға, Пржевальск жылқысына, құлан, зебраға жеткен көрінеді. Тарпаңдардың бойлары жылқылардан аласалау, денесі тығыршықтай томпақ, түстері құла және көк болып келеді.
ХХ ғасырдың басында тарпаң жабайы жылқылар түрлері мүлдем жойылып кетті.
Соңғы тарпан 1814 жылы қазіргі Калинаград жерінде өлтірілген.
Жылқының жабайы туыстары Құлан Жабайы есек
Бурчеллова зебрасы Тарпан
Жылқы конституциясы Конституция - жануарлар өнімділігі және белгілі бір сыртқы қоршаған ортаға жауап қабілетін бағыты байланысты жануардың морфологиялық және физиологиялық сипаттамаларын жиынтығы.
Жылқы экстерьер бойынша бағалайтын болсақ,
Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1-ші және 5-ші саусағы мүлдем болмайды, 2-ші және 4-ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миі біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады.
Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары - үлкен жылдамдық пен сақтылық.
Зоотехния ғылымының көрнекті ғалымдары П. Кулешов пен Е. Богданов жылқының функциялық, экстерьерлік, өнімділік ерекшелітерін зерттей келе, 5 түрлі – сөлекет, нәзік, ашаң, қағылез, босаң типтерін ажыратты.
1. Сөлекет типтің терісі мен жүні қалың, қаңқасы ірі, басы үлкен, бұлшық еттері қомақты, тері астындағы қан тамырлары білінбейді. Сөлекет денелі типке көбінесе, тоғай, дала жылқылары жатады.
2. Нәзік типтің терісі жұқа, қаңқасы жеңіл, бұлшық еттері болбыр, жал-құйрығы мен кекіл жүндері сирек болады. Бұл типтеі жылқы ауа-райына төзімсіз, бағымы жақсы болса мол өнім беруге бейім.
3. Қағілез жылқының терісі жұқа, жүні тқұыр, жеңіл денелі болады. Тері астындағы тамырлары білеуленіп, білініп тұрады. Бұл типке ахалтеке мен араб жылқысында жиі кездеседі.
4. Ашаң дене қай жылқы тұқымына болса да қажет. Бұл типті жылқы денелігімен, терісінің тығыздығымен бұлшық еттерінің жақсы дамып жетілгендігімен, буындары мен сіңірлерінің мықтылығымен, тері астындағы қан тамырларының анық көрінуімен ерекшеленеді.
5. Босаң типті жылқының тері асты тканьдері мен бұлшық ет арасындағы майлы қабаттары жақсы жетілген.