«Көркем еңбек» пәні білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысынан



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі70,35 Kb.
#123056
түріБағдарламасы
  1   2   3

«Көркем еңбек» пәні білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысынан

Сұрақтар: 1.Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған «Көркем еңбек» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасының мазмұнын зерттеу; 2.Негізгі орта білім деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Көркем еңбек» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасының мазмұнын зерттеу

Тапсырмалар: «Көркем еңбек» пәні бойынша курстық жұмыстың тақырыбын айқындау.

«Көркем еңбек» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері

  • Қоғамда болып жатқан өзгерістер, ғылым мен жаңа технологиялардың дамуы мектеп оқушыларының технологиялық және шығармашылық дамуы бойынша мазмұнына жаңа талаптар қояды.
  • «Көркем еңбек» пәні технология мен бейнелеу өнері пәндерінің жаңарған мазмұнына негізделіп құрылған. Сондай-ақ, өнер, дизайн, материалтану, материалдарды өңдеу технологиясы, үй мәдениеті, тамақтану мәдениеті және т.б. енгізілген.
  • Жалпы орта білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.

«Көркем еңбек» пәнін оқыту пәндік білімдер мен түсініктерді, тұлғалық,тәжірибелік, көркемөнер, зерттеушілік және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға, әлемді эстетикалық тұрғыда қабылдау мен қоршаған ортаға елгезектікпен қарауға жағдай жасай отырып, жеке пікірлерін қалыптастыруда сыни тұрғыдан ойлануға адамның шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

  • «Көркем еңбек» пәнін оқыту пәндік білімдер мен түсініктерді, тұлғалық,тәжірибелік, көркемөнер, зерттеушілік және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға, әлемді эстетикалық тұрғыда қабылдау мен қоршаған ортаға елгезектікпен қарауға жағдай жасай отырып, жеке пікірлерін қалыптастыруда сыни тұрғыдан ойлануға адамның шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
  • «Көркем еңбек» пәні Қазақстанның көркем-мәдени мұрасын сақтауға және оны келешек ұрпаққа жеткізуге өзіндік әлеуетті үлес қосады. Сондай-ақ, болашақ кәсіби қызметті анықтаудың негізін салады.
  • Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет