Көркем жазу (сиқырлы әріптер) Мақсаты



бет1/34
Дата15.02.2023
өлшемі7,14 Mb.
#68198
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
көркем ж вар


Көркем жазу (сиқырлы әріптер)
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға қаламды дұрыс ұстауды үйретіп, жазуға дайындау.
Міндеттері:

Мазмұны:
бағдарлама талабына сәйкес балаларды жазудың графикалық дағдысы (әріптерді дұрыс жазуға және олардың байланысы ) және қарапайым орфографиялық дағды (сөздің дыбыстық және әріптік құрылымын дұрыс жазу) қалыптасуы қажет.мектепалды даярлығында жазуға үйрету оқуға үйретумен қатар жүргізіледі.Алты жастағыларды жазуға үйретудегі қиындықтарға байланысты жазба және баспа әріптерді оқып үйренуге біраз жеңілдіктер қарастырылады.барлық кіші әріптер баспа әріптермен қатар үйретіледі.кейбір жазудың қиындық келтіретін бас әріптер кейінірек үйретіледі.


Дайындық кезеңінде графикалық жаттығуларды орындау үшін 10-12 минут бөлінеді.Ол үшін төмендегі ережелер қолданылады.

  1. жазуға үйрету, партаға отыру, қаламды, дәптерді дұрыс қою ережелерін сақтаудан басталады. жазу кезеңінде жарық баланың сол жағынан түсу керек.

  2. балапанның дәптерінде баланың саусақ бұлшық еттерін жазуға икемдеп, дайындау үшін тапсырмалар берілген.сол үлгі бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. тапсырмамен толық таныстырылғаннан кейін оны партаның , үстелдің үстіне 30градус бұрыш жасайтындай жасайтындай жағдайда орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

  4. жазу үлгісіндегі әрбір әріптің жеке элементтерін жазғызып , одан соң ол әріптің баспа түрін тұтастай жазу үйретіледі.

  5. әрбір әріптің баспа және жазба түрі салыстырмалы түрде көрсетіліп отырады.

Әріптерді жазуға үйретудегі тәртібі мынадай:

  1. жаңа әрріпті таныстыру, көрсету,әріп тақтада жазылады, демонстрациялық материал мен дәптерде әріптің жазба түрлері көрсетіледі.

  2. педагог жаңа әріпті тақтада және ауада жазып көрсетеді.

  3. дәптердегі жаңа әріптің үстінен басып жазу.

  4. жаңа әріп элементтерін және әріпті толық жазу

  5. сөздерді жазу

  6. сөйлемді жазу.

Педагог жаңа әріпті тақтада жазылуын көрсете отырып түсіндіреді. әр баламен қаламды ұстап жүргізіп, бір әріпті жазып көрсетеді. келесі әріпті бала өзі жазады. педагог аралап жүріп дұрыс жазбаған баламен жеке жазу жұмысын жалғастырады. Мектепке дейінгі білім берудің оқу жоспарына сәйкес көркем жазу оқу іс- әрекеті бойынша апталық сағат саны- 1 сағат жылына 32 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет