Көру,есту және тірек-қимыл аппараттарының жас ерекшеліктері



бет1/3
Дата22.10.2023
өлшемі23,21 Kb.
#120550
  1   2   3

Қазиданова Үміт Болатқызы
Филология факультеті,2-курс,205-топ
"Көру,есту және тірек-қимыл аппараттарының жас ерекшеліктері"
Адам денесі бір-бірімен әркез тығыз байланыста болатын мүшелерден және ағзалардан тұрады.Адам денесіндегі әрбір мүше және ағза,тіпті ең кіші деген микрооргонизмдердің өзі адамның бірқалыпты және дұрыс дамуына әсер етеді.Сонымен қатар адамның дамуы оның тұрғылықты жеріндегі қоршаған орта жағдайына,геніне және жасына тығыз байланысты.Бұл аталған факторлар адамның дұрыс немесе бұрыс дамуына тікелей әсер ететін фактор болып есептеледі.
Тірек-қимыл жүйесі және оның жас ерекшелігі.
Адамның күнделікті өмірдегі қозғалуы,тепе-теңдік сақтауы үшін тірек-қимыл жүйесінің дұрыс қалыптасқан (дамыған) болуы шарт.Тірек-қимыл жүйесіне қаңқа,буындар,сіңірлер және бұлшық еттер жатады.Қаңқа адам денесінде қорғаныс қызметін атқарады,яғни ішкі жұмсақ ағзаларды (ми,жұлын,жүрек,т.б.) сыртқы соққыдан сақтайды.Сүйек ағзалар арасында минералды заттардың алмасуын және олардың бір деңгейде қалыпты сақталуына қатысады.Бұлшық еттер сүйектерді қозғап,адамның еңбек етуін жүзеге әсер етеді.Адамның өмір сүру барысында барлық нәрселерді ми сигналы арқылы жасайды.Ал ол бас сүйекте орналасқан.Адамның бас сүйегі алғаш дүниеге келгенде алдыңғы еңбектен бастап дамиды,содан соң бала 2-3 айлық кезде артқы еңбек сүйектеніп бастайды.Балалардың бас сүйегі өте баяу дамиды.Бас сүйек бала дүниеге келгеннен бастап 7 жасқа дейін бірқалыпты өседі.Бас сүйектің өсіп дамуы 20-30 жасқа дейін созылады.13-14 жаста маңдай сүйектің өсуі қарқынды болады,бет сүйектері жақсы жетіледі.30 жастан кейін бастың жігі сүйекке айналады да өсу-даму процесі мүлдем тоқтайды.Қол сүйектеріне иық,білек және кәрі жілік (шынтақ пен шыбық) сүйектері,саусақ сүйек,жауырын,бұғана сүйектері жатады.Жауырын- жалпақ қос сүйек.Ер кісілерде 19-20,қыз балаларда 18 жаста жауырын сүйегі қатаяды.Қыздардың бұғанасы ерлерге қарағанда ертелеу 23 жаста қатайса,ерлерде 24-25 жаста толық қатаяды.Иық сүйегі 20-25 жас аралығында қатады да,кәрі жілік қыздарда 17-20 жаста,ер балаларда 20-25 жаста аяқталады.Білезік сүйектерінің өсуі 14-16 жаста,саусақ сүйектері 16-18 жаста тоқтайды.Аяқ сүйектеріне келер болсақ нәресте дүниеге келгеннен кейін алғашқы жылдары ортан жілігі тез өседі де 5-9 жас арасында оның өсуі тежеледі.Жіліктің денесі,мойны 14-20 жаста бірігіп сүйектеніп кетеді.18-20 жаста ортан жілік өсуін тоқтатады.Асықты жілік пен оның шыбығы 19-20 жас аралығында өсіп,одан әрі өсуін тоқтатады.Сүйектердің өсуі,оның ішіндегі қуыстар мен каналдардың дамуы 7-10 жасқа дейін баяу жүреді.Ал адам бұлшық еттерінің дамуы 25-30 жасқа дейін жалғасады.Ал сыртқы көзге көрінетін өзгерістерге келсек: 2-3 айлық кезеңдерде балада еріксіз қимылдар жасай бастайды.3 айда шалқасынан аунап етпетіне ауыса алады;6-7 айда отыруды үйренеді,3-5 жасында жүгіру,жүру,секіру секілді күрделі қимылдар жасап бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет