Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды техниқалық университеті
Өнеркәсіптік көлік кафедрасы
СОӨЖ №7
Тақырыбы: «Қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поездарының, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам мен қосалқы локомотивтердің қозғалуы»
Орындаған: ОП -20-1 каз тобының
студенті
Тексерген:
Қарағанда -2021
Қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поездарының, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам мен қосалқы локомотивтердің қозғалуы
7.1. Қалпына келтіруші поездар, өрт сендіруші поездар мен қосалқы
локомотивтер жолда тоқтап тұрып қалған поездың жетекші локомотивының
машинисінен (машинистің көмекшісінен) алынған көмек көрсету туралы та-
лап етудің (жазбаша, телефон немесе радиобайланыс арқылы берілген)
негізінде, сонымен қатар жол шаруашылығының, электрмен жабдықтаудың,
сигнал беру мен байланыстың басқарушы қызметкерлерінің талап етулері
бойынша белгіленеді.
Қалпына келтіруші және өрт сөндіруші поездарын шақырту ісі аталмыш поездар жөніндегі қолданыстағы ережелерге сәйкес орындалады. Қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поездарын, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам мен қосалқы локомотивтерді тиісті жеріне жөнелту мен өту ісі поезд диспетчерінің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
7.2. Көмек талап етілген жағдайда аралықта тоқтап тұрып қалған
поездың машинисі (машинистің кемекшісі) станция кезекшісіне немесе поезд
диспетчеріне поездың басы қай километрде және пикетте орналасқанына,
көмектің немен байланысты қажет болғандығы женінде және оны талап ету
уақытын хабарлауға міндетті. Айрықша жағдайларда станция кезекшісімен
немесе поезд диспетчерімен телефондық және радиобайланыс болмаған
жағдайда станцияға жазбаша талап етуді жеткізу үшін поездық локомотив
қолданылуы мүмкін. Локомотивты құрамнан вагон доңғалақтарының асты-
на тежегіш табандықтарды қоюмен және қол тежегіштерін іске қосу арқылы
вагондарды ығысудан бекіткеннен кейін ғана ағытуға рұқсат етіледі. Локомо-
тивты құрамнан ағытпас бұрын сонымен қатар қалдырылатын вагондардың
автотежегіштері де (аяққы кранды толығымен ашумен) іске қосылуы тиіс.
Жолаушы поезының локомотивын талап етуді станцияға жеткізу мақсатында
қолдануға рұқсат етілмейді.
Тоқтап тұрып қалған поездың құрамы орналасқан жол пішінінің жағдайлары бойынша вагондарды бекітуге арналған қолда бар құралдар жеткіліксіз болған жағдайда локомотивты құрамнан ағытуға тыйым салы-нады. Қажет болған жағдайда қос жолды аралықтарда станция кезекшісіне көмек жөнінде жазбаша талап етуді жеткізу үшін қарсы бағыттағы поездың локомотивтік бригадасын қолдануға рұқсат етіледі.
Қалпына келтіруші, өрт сендіруші поезын, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды немесе қосалқы локомотивты жіберу женіндегі талап етуді алғаннан кейін станция кезекшісі бұл женінде дереу түрде поезд дис-петчеріне баяндайды. Тепефон немесе радиобайланыс арқылы алынған та-лап ету поездар қозғалысының журналына жазылады.
Көмек керсету туралы талап етуді алғаннан кейін поезд диспет-чері бұл женінде дереу түрде тасымалдау бөлімшесінің кезекшісіне баян-Дайды. Тасымалдау бөлімшесінің кезекшісі мен поезд диспетчері бірлесе отырып аралықты шектейтін станциялардың қайсысынан көмек керсетілуі тиіс екендігі жөнінде және қажет болған жағдайда вагондар қай станцияға шығарылатындығын белгілейді.
Поездық радиобайланыс болған жағдайда поезд диспетчері кемек керсетудің көзделген тәртібін (тікелей немесе станция кезекшісі арқылы) тоқтап тұрып қалған поездың машинисіне хабарлауы тиіс.
Поезд диспетчері қалпына келтіруші, өрт сөндіруші және қосалқы локомотивтердің тездеп қозғалуын қамтамасыз етуге міндетті және тиісті мәліметтер болған жағдайда қалпына келтіруші (өрт сөндіруші) поездардың бастықтарын поездарды жұмысқа даярлауы үшін оқиға болған жердегі жағдай жөнінде хабардар етуге міндетті.
7.5. Қалпына келтіруші, ерт сөндіруші поездары, ездігінен жүретін ар-
найы жылжымалы құрам және қосалқы локомотивтер қалған барлық по-
ездар үшін жабылатын аралыққа барлық жағдайда осы Нұсқаулықтың
10.10-тармағында ескерілген тәртіп бойынша жөнелтіледі. Локомотивтың
машинисіне қиғашынан қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазы
(ДУ-64 нысанындағы бланк 81-бетте келтірілген) беріледі. Онда талап ету
негізінде және көмек қай жағынан (басынан ба соңынан ба) көрсетілуіне бай-
ланысты қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поезы немесе қосалқы локомотив
жүріп баруы тиіс жері (километрі) көрсетілуі тиіс.
Егер көмек поездың соңынан көрсетілсе, көмек көрсету женіндегі талап етуде көрсетілген километр поезд ұзындығының есебімен өзгертіледі.
Қиғаш түскен қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазы ма-шиниске аралықтағы поездар қозғалысына кедергі болатын жердің жаны-нан уақытша қосын ашылған жағдайда да тапсырылады. Бұл ретте қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поездары мен қосалқы локомотивтердің қозғалысы аралықты шектейтін станциялардың кезекшілерінің қосын кезекшілерімен алдын ала келісуі бойынша орындалады.
Қосалқы локомотивтерді диспетчерлік орталықтандырумен жабдық-талған телімдерге жөнелту тәртібі осы Нұсқаулықтың 2.8-тармағында еске-рілген.
7.6. Көмек көрсету үшін аралыққа жөнелтілетін қалпына келтіру, өрт
сөндіруші поездарының, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның ма-
шинисі қиғаш түскен қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазында
көрсетілген жерден екі километр бұрын жылдамдықты азайтуға бағытталған
шараларды қолданып, ары қарай айрықша абайлықпен және кедергі кезде-
се қалған жағдайда дереу түрде тоқтауға дайын түрде жүруге міндетті.
Көмек талап етілген поезға немесе қозғалысты қалпына келтіру жұмыстарын орындау қажет (өртті сөндіру, құлаған жерді тазалау және т.б.) болған жерге дейін жетпей тұрып машинист поезды тоқтатып, ары қарай қалыпты түрдегі қозғалысты қалпына келтіруді басқаратын тұлғаның нұсқауымен әрекет етуі тиіс. Қосалқы локомотивтің машинисі тиісті жеріне келіп жеткеннен кейін өзінің әрекеттерін тоқтап тұрып қалған поездың маши-нисімен келіседі.
Қалпына келтіру, өрт сөндіру поезының немесе қосалқы локомотивінің, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның аралыққа женелу уақыты, сонымен қатар аралықтан қайту уақытын станция кезек-шісі поездар қозғалысы журналында белгілеп, аралықты шектейтін іргелес станцияның кезекшісіне және поезд диспетчеріне дереу түрде хабарлауға міндетті.
Аралық немесе тиісті жол поездардың қозғалысында пай-да болған кедергілерді жоюға қатысты жұмыстарға қатысқан жол шаруашылығының аға қызметкерінің (лауазымы бойынша жол шебері-нен темен емес) аралық бойынша поездар қозғалысын қалпына келті-ру мүмкіндігі жөніндегі хабарландыруының (жазбаша, телефон немесе радиобайланыс арқылы берілген) негізінде поезд диспетчерінің бұйрығы бойынша ашылады.
Түйіспелі тораптың зақымдануларының жойылғандығы жөніндегі ха-барландыруды энергодиспетчер қалпына келтіру жұмыстарын басқарған электрмен жабдықтау дистанциясы қызметкерінің хабарламасы негізінде береді.
Автоблоктаумен жабдықталған аралықтарда, егер оның құрылғылары зақымдалған болса, поездардың автоматты блоктау бойынша қозғалуын ашу үшін поезд диспетчері СОБ электрмеханигінен тиісті хабарландыру алуы тиіс.
Егер жылжымалы құрамның рельстен шығуы мен қайсыбір құрылғылардың зақымданулары болмаса, қосалқы локомотив машинисінің немесе кемек көрсету жұмысын басқарған қызметкердің жылжымалы құрамды шығару және аралықтың бос болғандығы жөніндегі баяндамасынан кейін қозғалыс ашылады.
Автоблоктаумен жабдықталған қос жолды аралықтарда аралықтың ти-істі жолы қосалқы локомотив машинисінің радилобайланыс арқылы тоқтап тұрып қалған поездың құрамының дұрыс жол бойынша шығарыла бастауы жөніндегі хабарландыруын алғаннан кейін ашылуы мүмкін.
7.9. Аралықта поезды ажыратқан жағдайда машинист төмендегілерді
орындауға міндетті:
орын алған жағдай туралы радиобайланыс арқылы аралық бой-ынша жүретін поездардың машинистеріне, және аралықты шектейтін станциялардың кезекшілеріне дереу түрде хабарлауға, соңғылары бұл женінде дереу түрде поезд дисптечеріне баяндауға міндетті. Радиобайла-ныс болмаған жағдайда хабарландыру Техникалық пайдалану ережелерінің 16.43-тармағында белгіленген тәртіп бойынша, өзге байланыс түрлері бойынша беріледі, машинистің көмекшісі арқылы құрамның жағдайы мен ажыратылған вагондардың тіркемелі аспаптарының жағдайын тексеріп, Және олар жарамды болған жағдайда поездың құрамын тіркеуге міндетті. Құрамның ажырап қалған беліктерін бір-бірімен тіркеу үшін аса абайлықпен, вагондар соғылысқан кезде жылдамдығы сағатына 3 км-ден аспайтындай Шегіндіру керек;
зақымдалған тежегіш жеңдерін қосалқылармен немесе локомотивтың соңғы вагоннан және алдыңғы біреуінен шешіліп алынғандарымен алмастыруға.
Поезд құрамының ажыратылған бөліктерін біріктіру женіндегі әрекеттер 20 мин. одан да кеп минут ішінде орындалмайтын болған барлық жағдайларда, локомотивтің машинисі поездың локомотивсіз қалған бөлігін тежегіш табандықтармен және қол тежегіштерімен бекітуге бағытталған ша-раларды қабылдауға міндетті.
Ажыратылған бөліктерін тіркестіргеннен кейін машинистің кемекшісі соңғы вагонның немірі мен онда поездың сигналы болуына орай құрамның толықтығына кез жеткізуі тиіс. Қозғалысты қалпына келтіру алдында қол те-жегіштері тежелген жағдайдан шығарылып, автотежегіштерді қысқартылған сынақтан өткізу жүргізіліп, вагондардың астынан тежегіш табандықтары алынуы тиіс.
7.10. Төмендегі жағдайлар орын алған жағдайда аралықта поездардың
бөліктерін біріктіруге тыйым салынады:
а) тұман болғанда, боран соққанда және сигналдар дұрыс көрінбейтін
өзге де қолайсыз жағдайларда;
б)егер ажыратылған бөлік 0,0025-тен төмен еңістікте орналасып тірке-
ген кезде поезд қозғалысының бағытына қарама-қарсы бағытта кетуі мүмкін
болса.
Айрықша жағдайларда құрамның ажыратылған бөлігімен тіркесу үшін соңында келе жатқан поездың локомотивы осы Нұсқаулықтың 7.22-тармағында ескерілген тәртіп бойынша қолданылуы мүмкін.
7.11. Егер поезды тіркеу мүмкін болмаса машинист етінімінде поездың
ажыратылған беліктері арасындағы шамамен алынған арақашықтықты
қосымша көрсете отырып осы Нұсқаулықтың 7.2-тармағында ескерілген
тәртіп бойынша қалпына келтіруші поезын немесе қосалқы локомотивты та-
лап етуі тиіс.
осы Нұсқаулықтың 7.2-тармағында ескерілген айрықша жағдайларда көмек көрсету жөніндегі жазбаша талап етуді станцияға жеткізу үшін поездық локомотив (вагондарымен немесе оларсыз) қолданылуы мүмкін. Аталмыш темір жолдарындағы сигнал беру жөніндегі нұсқаулықтың 7.5-тармағында ескерілген тәртіп бойынша белгіленуі тиіс.
Адамдары бар және 1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктер тиелген вагондары бар құрамдарды аралықта күзетусіз қалдыруға тыйым салынады.
7.12. Көмек көрсету туралы талап етумен станцияға бара жатқан
локомотивтың машинисі темендегілерді орындауға міндетті:
автоблоктаумен жабдықталған аралықтарға жол бағдаршамдарының көрсетулерін басшылыққа алуға;
жол қосындары (блок-қосындары) бар жартылай автоматты блоктау-мен жабдықталған аралықтардан женелу жолы бойындағы алғашқы блок-- қосынға тоқтап, орын алған оқиға жөнінде поезд диспетчеріне хабарлауға.
Блок-қосынның кезекшісі аталмыш локомотивты өту сигналының рұқсат етуші керсетуі бойынша женелтеді, алайда жүріп өту женіндегі блоктау сиг-налын бермейді. Аралықтағы қалған блок-қосындардың кезекшілері осы Нұсқаулықтың 3.17-тармағында ескерілген тәртіп бойынша әрекет етеді. Электрбұздығандық жүйемен жабдықталған аралықтарда поезд құрамы қалдырылған аралықтың бұздығанын көмек керсету туралы талап етумен станцияға келіп жеткен машинист станция кезекшісіне береді. Станция ке-зекшісі аралық босап, қалыпты қозғалысты қалпына келтіргенше бұздығанды аппаратқа салынбаған күйінде сақтауы тиіс.
7.13. Аралықты жабу мен аралықта тоқтап тұрып қалған поезға көмек
керсету үшін локомотивты немесе поезды женелту ісі осы Нұсқаулықтың
7.5-тармағында ескерілген тәртіп бойынша орындалады. Кемекті поездың
соңынан керсеткен кезде, егер соңғы белігінің орналасқан жері белгісіз
болса, қосалқы локомотивтың (қалпына келтіруші поездың) машинисіне
қиғашынан түскен қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат қағазынан
басқа, төмендегі ескерту беріледі:
Достарыңызбен бөлісу: |