Көшірме күн тәртібі: «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 3-курс докторанты Оспаналы Мадина «Қазіргі қазақ романдарының интерьер поэтикасы»



Дата31.03.2023
өлшемі16,33 Kb.
#77997
түріСеминар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
_______ жыл «____»___________№______ хаттамасынан


КӨШІРМЕ
КҮН ТӘРТІБІ: «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 3-курс докторанты Оспаналы Мадина «Қазіргі қазақ романдарының интерьер поэтикасы» тақырыбы бойынша ғылыми семинарын талқылау және өткізілген ғылыми семинар бойынша есебін бекіту.


Қатысқандар: Кафедра меңгерушісі, кафедра меңгерушісінің орынбасарлары мен кафедра мүшелері
Тыңдалды:
Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD Л.Қ. Мұхтар: «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 3-курс докторанты Оспаналы Мадина «Қазіргі қазақ романдарының интерьер поэтикасы» тақырыбы бойынша ғылыми семинар қорғады.
Бүгінгі кафедра мәжілісінде «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 3-курс докторанты Оспаналы Мадинаның ғылыми семинарын талқылауға ұсынамыз. Ғылыми семинарға қатысқан оқытушылардың пікірлерін тыңдайық.


Ф.ғ.к., доцен С.Ә. Қалқабаева: Қазіргі қазақ прозасындағы әдеби интерьер ерекшеліктері мен оның көркем мәтіндегі функцияларын зерттеп, зерделеу – жаңашылдығы бар ауқымды тақырып. Теориялық мәселелерді зерттеу барысында ғылыми ізденістерге баса назар аудару қажет. Зерттеу жұмысына тағы бірқатар теориялық еңбектерді қолдануға кеңес беремін.
Докторанттың ізденісі жақсы. Жұмыстың теориялық ерекшеліктеріне қатысты осы ұсыныстарымызды ескеріп, болашақта іргелі зерттеулер жүргізуге болады. Сонымен қатар, зерттеу тақырыбының өзекті екенін де айта кеткім келеді.


Ф.ғ.д., профессор С.Б. Ержанова: Докторант көркем мәтін құрылымындағы әдеби интерьерлерге жан-жақты талдаулар жасай білген. Десе де қазіргі прозадағы әдеби интерьерді зерттеу барысында теориялық және аналитикалық бөлімнің ара-жігін ажыратып алу маңызды. Нарратив, дискурс тұрғысынан жасаған талдаулары да өте орынды. Бұл бағыттағы ізденісін әлі де пысықтай түсуіне болады. Таңдап отырған зерттеу әдістері дұрыс.


Ф.ғ.к., аға оқытушы С.Б. Тлеубаев: Зерттеу тақырыбы – жаңашыл әрі өзекті. Әдеби интерьер ерекшеліктері мен атқаратын қызметтерін жан-жақты түсініп, талдап отыр. «Жасырын интерьер» деген түсінікті әдебиет теориясына енгізуге тұрарлық деп есептеймін. Докторанттың көркем мәтіннен келтіріп отырған мысалдары да ұтымды. Осы бағыттағы ізденіс жалғасын таба берсін.


Ф.ғ.к., доцент м.а. А.Қ. Қалиева: Көркем әдебиеттегі интерьерді зерттеу – қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті де келелі мәселесінің бірі. Көркем шығарма мәтінін жан-жақты зерттеген шетелдік және отандық ғалымдар кейінгі кездері әдеби интерьерді көркем шығарманың ажырамас бөлігі ретінде қарастырып, оның атқаратын қызметтеріне назар аударып келеді. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби интерьер арнайы зерттеліп, ғылыми айналымға толық түспегендіктен, бұл бағытта жүргізілетін зерттеулер өзекті болып қала бермек.
Бір де бір интерьер элементі кездеспейтін көркем шығарманы елестету қиын. Әдеби интерьердің әдебиет тарихының әр кезеңіндегі қызметі арнайы зерттелмегендіктен, оның көркем шығарма мәтінін ұйымдастыруда және көркем мәтіннің құрылымдық-функционалдық ерекшеліктерін тануда атқаратын қызметін талдау маңызды. Докторант осы тұрғыдан тақырыпты аша білді деп есептеймін.


Ф.ғ.д., профессор А.Б. Темірболат: Әдеби интерьердің функцияларына қатысты классификациясына әдеби интерьердің этнографиялық, функционалдық қызметтерін қосуға болады. Хронотоптық қызметіне қатысты зерттеулерін отандық ғалымдардың да еңбегін басшылыққа ала отырып талдау жасағаны дұрыс.
Қаулы:
1. «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 3-курс докторанты Оспаналы Мадинаның ғылыми семинары талапқа сай өтті деп тұжырымдалсын және ғылыми семинар есебі бекітілсін.
2. Ғылыми семинарға қатысты айтылған ұсыныс-ескертпелер назарға алынсын.
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы
кафедрасының меңгерушісі,
ф.ғ.д., профессор А.Б. Темірболат
Хатшы Ұ.О. Ахан

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет