Коваленттік байланыстың пайда болуы қарапайым молекула – сутек молекуласының түзілуі мысалында жақсы түсіндіріледі:
Н + Н = Н2 ^ Н0 = - 436 кДж/моль
Радиусы 0,053 нм байланыс ұзындығы 0,074 нм
Атомдар жақындасқанда олардың электрондық бұлттары бүркесіп, ядроларының арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар молекулалық бұлт түзіледі. Ортақ ядролардың тығыз теріс зонаға тартылуы оларды жақындастырады, байланыс ұзындығы 0,074 нм және тұрақты сутек молекуласын түзіліп, энергия ұтымына әкеледі.
Демек, ортақ электрондық жұп есебінен жүзеге асырылатын химиялық байланыты коваленттік байланыс деп атайды.
Коваленттік байланыстың екі түрі бар: полюссіз және полюсті. Коваленттік полюссіз байланыста электрондардың жалпы жұбынан түзілген электрон бұлт – байланыс бұлты (тығыз электрондық аймақ деп аталады) екі атомның ядроларына қатысты кеңістікте симметриялы таралады. Мысалы, бір элементтің атомдарынан тұратын молекулалар: Н2, Cl2, N2, O2, F2 және т.б. Коваленттік полюсті байланыстарда бүркесу зонасы электртерістігі үлкен атомға ығысқан. Мысал ретінде газтектес хлорсутектің түзілуін қарастырайық:
®® ®® Н ® + ® Cl : g Н (:) Cl : немесе Н - Сl
®® ®® Байланыс s- және p- электрондардың ортақ жұптарының түзілу есебінен пайда болады. Коваленттік байланыс электрондық орбитальдардың бүркесу тәсілі бойынша да ерекшеленеді. Коваленттік байланыстың екі маңызды сипаттамасы бар: байланыс ұзындығы және байланыс энергиясы. Байланыс ұзындығы ядроаралық қашықтықтың шамасына сәйкес келеді. Байланыс ұзындығы неғұрылым аз болса, химиялық байланыс соғұрылым берік болады. Байланыс энергиясы молекуладағы бар байланысты үзуге қажет энергияға тең.
Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмдері бар. Донор- бұл бос электрондық бұлты бар атом, ал акцептор- бұл электрон жұбын қабылдауға қабілетті бос орбиталы бар бөлшек.