Kundelik kz туралы «Бүгінгі таңда Қазақстанда «Kүнделік»



Дата12.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#25354
түріСабақ

Kundelik.kz туралы

«Бүгінгі таңда Қазақстанда «Kүнделік» жүйесінің электронды журналдарын 3800 мектептен астам пайдаланып жатыр. Жоба 13 облыста және Астана мен Алматыда істеп жатыр.

«Kүнделік» жүйесіне Республиканың кез-келген мектебі, ауыл және қала мектептері, кез-келген уақытта тегін қосылу мүмкін, қосылған мектептердің оқушылары және олардың ата-аналары өз бағаларын, үй тапсырмаларын, сабақ кестелерін, мектептегі жаңалықтарды және тағы да басқа пайдалы ақпаратты тегін көріп отырады.

Жүйеде білім беру ұйымдарының жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 29.08.2016ж.  №536 бұйрығымен іске қосылған («Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» жобасын пилоттық енгізу туралы).



Күнделік kz мүмкіндіктері

 

-ҚР БҒМ жаңа жобасы. Ыңғайлы,жылдам əрі ұтқыр. 

-Kundelik kz сайтын қолдану арқылы ата-аналар өз балаларының жетістігін сырттай бақылай алады.

-Оқушылар Е - кітапхана жəне т. б қызметтердің есебінен білімін толықтырып, қызықты ақпараттар жинай алады. Бұл парақшада:

-Əріптестеріңізбен тəжірбие алмаса аласыз;

-Күн сайынғы қызықты деректер;

-Еліміздегі айтулы жаңалықтар;

-Мамандардан кеңес;



Қағаз күнделік пен электрондық күнделік арасындағы айырмашылығы, ерекшелігі

Мектеп психологының айтуынша, мұндай сапасыз өнімдер баланың ден­саулығына кері әсерін тигізіп, оның сабақты оқуға деген қабілетін төмендетеді екен. Көптеген мектеп оқушылары отандық өнімдерімізді тұтыну үшін белсенділік танытып отыр. Мектебімізде өз елімізде шық­қан сапалы, ішкі мазмұнына сыртқы безен­дірулері сай келетін күнделіктерді пайдалана бастады. Оларды да салыстырып бақыладым.

Оқушының білім жетістігін, тәртібінің нәтижесін көрсететін және ата-анамен байланыс жасауға көмектесетін күнделік бүгінгі күні қалай өзгерді? Таныс болыңыздар: жаңа форматтағы, заман талабына сай –« kundelik.kz».

Электрондық күнделіктің «ұстаз-оқушы-ата-ана» үшін беретін мүмкіндіктері

Электрондық күнделіктің күні бүгін ғана басталған жоқ. Дегенмен, біздің елімізде енді қарқын алып келе жатқан күнделіктің бұл түрінің тиімді және тиімсіз жақтары бар. Ендеше оларды қарастырайық:

Ата-ананың мүмкіндіктері:

Электрондық күнделік-бұл кез-келген оқуға байланысты ақпаратқа нақты уақыт режиміндегі қатынас. Кестедегі өзгерістерді, оқушының ағымдық және қорытынды (жиынтық) жетістіктерін бақылайды.

Оқушының мүмкіндіктері:

«kundelik.kz»-сайты қағаз күнделіктің мүмкіндіктерін оңай шешеді және басқа мүмкіндіктер береді: кесте, үй тапсырмалары, барлық қойылған бағалар, сабақ барысында пайдаланатын материалдар. Орташа балл, өткізілілген және келешектегі сабақтардың тақырыптары, мұғалімнің түсініктемелері.

Білім беру ресурстары: онлайн кітапхана мектепте оқытылатын барлық туындыларды қамтиды. Медиатехникада барлық пәндер бойынша сабаққа жақсырақ дайындалуға көмектесетін бейнефайлдар, аудиофайлдар және көрсетілімдер жиналған.

Мұғалімнің мүмкіндіктері:

1)Мектеп парақшасы: білім беру мекемесінің «kundelik.kz» сайтындағы визит картасы: әкімшілік тұлғалар, контактілер, жаңалықтар, құқықтық және т.б. Құжаттар, хабарландырулар, фотогалерея, форум. Мектеп парақшасы мен оның жариялылығын реттеуге болады.

2)Кесте және сабақтар: кестенің қарапайым түрі, түсінікті енгізу. Сабақ ауыстыруларын және өткізілмейтін сабақтарды белгілеу. Сынып бойынша кестені 1 аптаға немесе барлық торды қараңыз немесе басып шығаруға болады.

3)Электрондық журнал: үйреншікті қағаз журналының стандартты көрінісі және бірнеше қосымша көріністер: күн бойынша, апта бойынша жоспарлау, сабақ парақшасы. Әкімшілік сабақтағы бағалау жүйелерін және жұмыстар типтерін таңдай алады. Журналдың барлық көріністері түсті немесе қара-ала нұсқаларда қолжетімді. Мысалы, кез-келген сабаққа түсініктеме немесе қосымша материалдар қоса алады.

«Электронды күнделіктің» артықшылығы мен кемшілігі қандай?

Мемлекет үшін:

– білім саласындағы жаңа басқару әдістерінің пайда болуы;

– бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

– білім беру саласының қолжетімділігін, сапасын арттыру.

Ата-аналар үшін:

– ата-анасының баланың оқу процесіне қатысуы;

– баланың жетістіктері туралы қашықтықтан хабардар ету арқылы

ата-аналарға тиімді жағдай жасалуы;

Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін:

– оқушылардың үлгерім журналдары мен күнделіктерін тұрақты электронды түрдегі жүргізуге көшу;

– білім беру ұйымында білім беру қызметін бақылаудың жаңа құралдарының пайда болуы.

Оқушылар үшін:



– Ауыл мен қала оқушыларына сапалы білімге тең қол жеткізу;

– білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізу;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет