1.1 Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
1.2 Куратор-эдвайзердің қызметіноқытушының кәсіби қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастыру қажет. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әкімшілігі және оқытушы арасында бекітілген еңбек келісім шарты оқытушының оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысын атқаруын қарастырады (3 тармақ).
1.3 Куратор-эдвайзерлер факультет деканының өкімімен оқу жылының басында тағайындалады.
1.4 Куратор-эдвайзерлердың жұмысы университет оқытушыларының кәсіби қызметінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады және алдағы жылға жеке еңбек келісім шартын бекіту барысында және жыл сайынғы аттестация барысында ескеріледі.
1.5 Куратор-эдвайзерлердың тәрбиелік жұмысы олардың ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстарымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ куратор-эдвайзерлерінің рейтингінде көрініс табады.
1.6 Куратор-эдвайзер міндетін атқарудан босату факультет деканының өкімімен жүзеге асырылады.
1.7 Куратор-эдвайзерлер кафедраның (мамандықтар) аға куратор-эдвайзерлеріне бағынады, олар куратор-эдвайзерлердың қызметін реттейді және факультет бойынша шығарылған өкімдерді назарларына жеткізеді. Өз кезегінде кафедраның (мамандықтар) аға куратор-эдвайзері деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады. Кафедра меңгерушісі кафедраның аға куратор-эдвайзерімен бірлесе отырып, академиялық топтарға куратор-эдвайзерлерді тағайындау туралы ұсыныстар береді.
1.8 Деканаттар кафедра меңгерушілерімен бірлесе отырып, куратор-эдвайзерлердің жұмысын қадағайлайды және ағымдағы мәселелерді шешу барысында көмек көрсетеді.
1.9 Университеттің қоғамдық ұйымдары Университеттің куратор-эдвайзерлер кеңесі арқылы академиялық топтардың куратор-эдвайзерлерімен тығыз байланыста болып, қалада, университетте өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат беріп отырады.
1.10 Университеттің куратор-эдвайзерлер кеңесі куратор-эдвайзерлердің жұмысын үйлестіреді және тәрбие жұмысын ұйымдастырады әрі әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етеді.