Курсы бойынша тесттер жинағЫ. Глоссарий 5В020500-«Филология», 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Түпнұсқа  -    әдеби  шығарманың  автор  өзі  жазған  төлтума  қолжазбасы,  яғни  автордың өз қолынан шыққан нұсқасы.  Түркітану



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#13465
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Түпнұсқа  -    әдеби  шығарманың  автор  өзі  жазған  төлтума  қолжазбасы,  яғни 

автордың өз қолынан шыққан нұсқасы. 



Түркітану  –  түркі  тілдес  халықтардың  тілін,  тарихын,  әдебиетін,  мәдениетін 

зерттейтін ғылымдар саласы. 



Уаһи – хабар 

Ұлт-азатшыл  бағыт  –  бұл  бағыт  өкілдері  шығармашылығының  басты  тірегі  – 

ұлттық мүдде болды. Отаршылдыққа қарсы күрес идеясын европалық, саяси күрес  

тәсілімен    ұштастырған  бұлардың  шығармашылығында  осы  ой-идея  уағыздалды. 

Ағартушылық,  өнер-білім  барлығы,  ең  алдымен,  ұлт  азаттығы  үшін  қызмет  етуі 

керек  деген  байламды негізге  алды. Абайдың  ағартушылық бағыттағы  пікірлерін 

жаңа арна-азаттықпен ұштастырды. Тапшылдық, жікшілдік мүдделерді көздемей, 

ұлт тұтастығын сақтауға ұмтылды. 

Фабула  –  көркем  шығармада  суреттелген  оқиғаны  рет-ретімен  жүйелеу, 

мазмұндау. 



Фольклортану  –  халық  даналығын  зертейтін,  өзіндік  даму  заңдылықтары  бар 

дербес ғылым.  



Форма (пішін) – мазмұндағы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар 

жүйесі, немесе қаһармандар өмірі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет