Курстық ЖҰмыс пәні: «Педагогика» Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов – оқыту әдістемесінің негізін қалаушы



бет1/5
Дата17.03.2023
өлшемі69,39 Kb.
#75101
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Білім және ғылым министірлігі
КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Бөлімі: «Филология»


Мамандығы: 0105013 «Жалпы бастауыш білім беру»
Тобы: 2/17.41

Тіркеу нөмірі: №


« » 2020 жыл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «Педагогика»
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов – оқыту әдістемесінің негізін қалаушы
Орындаған: /Гарифуллаева Д. Г./

Жетекші: /Султашева Г.К./


Кафедра меңгерушісі: /Султашева Г.К./


Бөлім меңгерушісі: /Мухамбеталиева А.Қ./



Атырау -2020
0105013 « Жалпы бастауыш білім беру» мамандығы
2/17.41 тобы –Гарифуллаева Дина

КІРІСПЕ


Зерттеу өзектілігі. Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған.Білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.
Бұл мақсатын өлеңдерінде де,публицистикалық мақалаларында да бейнелі тілмен жақсы білдіреді: «Надандық, өнерсіздік аға жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз-бәрі надандық кесапаты» -, деп тіпті батыра айтады.Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де,тілін зерттеп оқулықтар жазуына да,тыңнан жол салып,бай терминология дүниесін жасауына да,тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да,алып келген-өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды.Ол қазақ даласындағы мектептердің жайы бала оқытудың жолдарын газет-журналдар беттеріне нақтылы сөз етеді,әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Байтұрсыновтың айтуы бойынша: «Тіл адамдардың адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі» -,деген.Яғни,тіл тек адам баласына ғана тән қасиет екенін айтып кеткен.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық,ақындық,публицистік,қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған.Қазақ ортасы,түркі әлемі ғана емес,орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше.Кезінде Ахмет Байтұрсынов,оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары профессор А.Смайлович,Е.Поливанов бағалы пікірлер айтқан болатын.
Ақын, публицист, ғалым,қоғам қайраткерінің өмірі,шығармашылығы,әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерей той тұсында жарияланды.
«Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы еңбектерінде» (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды. М.Дулатовтың «Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк)» мақаласындағы тарихи фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда Ахмет Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз.
Ал, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын Кеңестер
Одағы тұсында зерттеген ғалымдар,Рымғали Нұрғалиев пен Рәбиға Сыздықова болды.Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап,Ахмет Байтұрсыновтың өмірін,саяси қызметін,ақындық шығармашылығын және ғылыми еңбектерін ғалымдар жеке –жеке алып, салаларға бөліп,зерттеу жұмыстарын бастады.Осы көштің басында тұрған жоғарыда аталған ғалымдармен бірге,ғалымдар З.Қабдоловтың,С.Қирабаевтың,Ә.Қайдаровтың,Ө.Айтбайұлының,Т.Кәкішевтің ғылыми зерттеулері Ахметтануды биік белеске көтерді.Ахаңның еңбектерін тереңдеп зерттеуші ғалымдар қатары көбейіп келеді.Оның ішінде ғалым Ө.Әбдимановтың «Ұлттық рухани көсемі», «Ұлт азаттығын ұлықтаған ақын», «Қырық мысал төл туынды», «Азатшыл ойға көшбасшы басылым», «Қазақ тілінің ұстазы Ахмет Байтұрсынов» тәрізді көптеген зерттеулерін атап өтуге болады.Өткен жылы Алматыдағы Ахмет Байтұрсынов музейінің директоры Р.Имаханбетованың «Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмірбаяны» атты кітабы баспадан жарық көрді.Бұлда Ахметтануға қосылған зор үлес болды. Ахаңның артында қалдырған мұрасы бұлақтың көзі тәрізді.Көзін ашсаң, жарқырап жаңа қырынан көріне береді. Дегенмен, осы күнге дейін жазылған ғылыми зерттеулер Ахмет Байтұрсыновтың отаршылдыққа қарсы,еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт қайраткерлері,ақын,қазақ әліппесі мен грамматикасының,терминологиясының және әдебиет теориясының негізін қалаушы ұлы ғалым,аудармашы,фольклорист,журналист публицист,сондай-ақ,композитор екендігін дәлелдеп шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет