Сабақ бағдарламасы Тақырыбы: «Алаш айнасы»



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі22,73 Kb.
#129812
түріСабақ
  1   2   3



Қазақстан тарихы пәнінен
қосымша сабақ бағдарламасы
Тақырыбы:
«Алаш айнасы»


9 «Ә» сынып
Пән мұғалімі:Сайпилова А.С.

Нұр-Сұлтан қаласы


2022-2023 оқу жылы
Түсінік хат
Алаш қозғалысы – қазақ елі тарихының жарқын бір беті, ұлттық рух пен мемлекеттілік идеясының, отандық ғылым мен білімнің, мәдениет пен руханияттың айқын көрінісі. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының «ақтандақ» беттері Алаш қозғалысы, Алаш партиясы және Алашорда тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі уақытта қоғамымызда Алаш идеясы – тәуелсіздік идеясы деген ой-пікір берік қалыптасуда. Білім беру үдерісінде ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Алаш қозғалысына байланысты құбылыстар, оқиғалар, тұлғалар, еңбектер туралы оқушылардың түсінігін, талдау дағдысын қалыптастыру – ел тәуелсіздігі талаптарымен орайласып жатқан көкейкесті міндет.
Қосымша сабақтардың бағдарламасы оқушылардың Алаш тұлғаларының мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметін білу арқылы отаншылдық қабілетін арттыруға бағытталған.
Мақсаты:Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің және оның қайраткерлерінің қазақ жері мен мемлекеттілігі және ұлттық идея мен рухани-мәдени сананы қалыптастыру жолындағы қызметтерін тарихи арнада талдап оқыту.
Міндеттері:
1)жаңа замандағы білім беру үдерісінде Алаш қозғалысына байланысты құбылыстар, тарихи оқиғалар, тұлғалар келбеті, сан салалы еңбектер туралы оқушылардың тарихи түсінігін қалыптастыру;
қушыларды Алаш тұлғаларының мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметі арқылы отаншылдық қасиеттерге баулу және тәрбиелеу;
2)оқушылар бойында тәуелсіздік, ел, жер, ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларын Алаш қозғалысы тарихы арнасында қалыптастыру;
3)қазақ мемлекеттілігінің тәжірибесі санатындағы Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы және Түркістан автономиясы сияқты тарихи құбылыстар туралы оқушылар санасында жүйелі білімді орнықтыру;
4)Алаш тұлғаларының отандық ғылым мен білімнің бастауындағы мұраларын зерделеу;
5)оқушылардың тарихи үдерістерді дербес талдай білу біліктілігін дамыту, тарихи фактілер, құбылыстар мен тұлғаларға дербес көзқарас білдіру бейімін жетілдіру және тақырыптық негізде түйінді тұжырымдар жасауды қалыптастыру;
6)оқушылардың алаштануға қатысты деректермен жұмыс істей білу және осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын арттыру;
7)мемлекеттік қайраткерлік қызметін қадірлейтін және елдік дәстүр құндылықтарын жете түсінетін саналылық келбетін дамыту;
оқушылардың Алаш тәжірибесіндегі әлем мәдениетіне, зайырлылық пен өркениетке құрметпен қарау дағдысын жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет