Курстық жұмыс Тақырыбы: Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі



бет1/13
Дата31.12.2021
өлшемі204,5 Kb.
#23613
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Субстантивтену, Вербалдану


Курстық жұмыс

Тақырыбы: Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі

Орындаған:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ


І ТАРАУ. Сөзжасамдағы лексика - семантикалық тәсілдің тіл білімінде зерттелуі

1.1 Қазақ ғалымдарының лексика- семантикалық тәсілге қатысты тұжырымдары

1.2 Конверсия тәсілі бойынша сөз тудыру мәселесінің зерттелуі
ІІ ТАРАУ. Сөз таптарындағы лексика- семантикалық тәсілдің қызметі және лексика- семантикалық тәсіл бойынша сөз тудырудың ерекшеліктері

2.1 Лексика- семантикалық тәсілдің түрлері 2.2 Транспозиция түрлері 2.2.1Субстантивтену (зат есімге өту) 2.2.2 Адъективтену (сын есімге өту) 2.2.3 Вербалдану (етістік қатарына өту) 2. 2.4 Адвербиалдану (үстеуге айналу) 2.2.5 Прономиналдану (есімдікке өту) 2.2.6 Конъюнктену (шылауға өту)

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Тілдің сөздік қорын үздіксіз байытып отыру негізінен тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа тілдерден сөз қабылдау арқылы да тілдің сөздік қоры байып отыратыны көпшілікке таныс. Бұл- құбылыс қай тілге де жат емес және ертеден келе жатқан белгілі жағдай. Алайда сөз байлығының толығу арнасы – тілдің сөзжасам жүйесі, оның ішінде сөзжасам тәсілдерімен тікелей байланысты. Ал ол сөзжасам жүйесінің негізгі құрылымдық мәселесі, сондықтан сөзжасам өзекті мәселе болған жерде – оның сөзжасамдық тәсілдері сөз болмауы мүмкін емес. Басқа тілден кірген сөздерді былай қойғанда, тілдің ішкі мүмкіндігі арқылы сөздік қорды молайтып, тілге үнемі қосылып жатқан жаңа сөздердің бәрі де белгілі жолмен жасалып, тілдің лексикалық қорынан орын тебеді. Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жағын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды. Олар: синтетикалық (морфологиялық), аналитикалық (синтаксистік) және лексика- семантикалық тәсілдер. Сөзжасамның лексика- семантикалық жолын белгілі ғалымдар Б.О.Оразбаева, Ф.А.Ғаниев өте көне тәсіл деп санаса , Ғ.С.Садвакасов бұл жолды сөзжасамға тән тәсіл деп қарамайды. Ғалым Ғ.С.Садвакасовтың пікірі- «сөзжасам қалай болғанда да белгілі бір аффиксация жолымен жасалады» деуі [1, 100]. Тілдің негізгі сөздік қоры мен грамматикалық құрылымының қарым- қатынасына және олардың ішкі даму заңдылығына лайық сөздердің ішінара бір мағынадан екінші мағынаға ауысып отырулары тек өткен – қазіргі заманның ғана жемісі емес, ілгері уақытта да болатын құбылыстар екені даусыз. «Лексика- семантикалық тәсіл белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады. Сондай- ақ осы жол кейбір сөздердің ол бастағы мәнін жоғалту не болмаса әлсірету барысында басқа бір сөз тобының қатарынан танылуға жол береді» [1, 99]. Тіл білімінде мұндай құбылыс лексика- семантикалық тәсіл деп аталады. Курстық жұмыстың мақсаты – зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі лексика- семантикалық тәсілдің қызметі және лексика- семантикалық тәсіл бойынша сөз тудырудың ерекшеліктерін қарастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттердің шешілуі көзделді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет